ЖҮЙЕЛІ ҚЫЗЫЛ ЖЕГІМЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТАРДЫҢМЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК, ЭТНИКАЛЫҚСИПАТТАМАЛАРЫНА ЖӘНЕ ПСИХО-ЭМОЦИОНАЛДЫҚЖАҒДАЙЫНА (ДЕПРЕССИЯ ЖӘНЕ ҮРЕЙ)БАЙЛАНЫСТЫ ӨМІР СҮРУ САПАСЫ
DOI:
https://doi.org/10.34689/dhhay265Кілт сөздер:
жүйелі қызыл жегі , өмір сүру сапасы , депрессия , үрейАңдатпа
Кіріспе: Жүйелі қызыл жегі – (ЖҚЖ) – бұл әртүрлі орган жүйелерінің залаландыру мен
клиникалық кең спектрімен сипатталатын, белгісіз шыққан ауруы. Бірқатар авторлар ЖҚЖ емдеу
тек клиникалық көрсеткіштерді жақсартуға ғана емес, сонымен бірге пациенттің әл-ауқатының
сапалық құрамдас бөліктеріне, атап айтқанда, денсаулыққа байланысты өмір сапасын
жақсартуға бағытталуы тиіс деп санайды.
Мақсаты: Семей қаласындағы ЖҚЖ бар науқастардың депрессия мен үрей және
медициналық – әлеуметтік, этникалық айырмашылық деңгейіне байланысты өмір сүру сапасын
бағалау.
Материалдар мен әдістер: 01.09.2017 - 31.12.2017жж. аралығында ЖҚЖ бар науқастардың
өмір сапасын бір сатылы көлденең зерттеуі өткізілді. Зерттеуге Семей қаласының
емханаларына тіркелген, анамнездерінде жүйелі қызыл жегі диагнозы қойылған 45 науқас
алынды. Пациенттердің өмір сапасын бағалау үшін LupusQoL сауалнамасы(McElhone және т.б.),
депрессия мен үрей деңгейін бағалау үшін HADS сауалнамасы (A.S. Zigmond и R.P. Snaith)
пайдаланылды. Жас шамасы, ауру ұзақтығы, депрессия және үрей ұпайлары мен LupusQoL
сауалнамасының 8 домендері арасында Спирмена ρ корреляция коэффициенті арқылы
корреляциялық қатынастарды талдау жүргізілді. Екі топты бағалау үшін Манн-Уитни
статистикалық өлшемі қолданылды. Маңыздылық дәрежесі үшін p <0,05 мәні алынды.
Статистикалық талдау Windows нұсқасы үшін SPSS 20.0 бағдарламасы арқылы жүргізілді.
Нәтижелері: Науқастардың орташа жасы 43 жасты құрады (45, 18). Пациенттердің жалпы
орташа өмір сүру сапасы 50,21 (51,2; 35,45) құрады. 24 (53,3%) науқаста депрессияның деңгейі
қалыпты деңгейде болды, 11 (24,4%) науқаста - субклиникалық түрде көрсетілген және 10
(22,2%) науқаста клиникалық айқын депрессия белгіленді. Өмір сүру сапасы: Дене шынықтыру,
ауырсыну, жоспарлау, басқаларға жүктелетін ауыртпалық, эмоционалдық денсаулық, дененің
имиджі, әлсіздік депрессиямен науқастар тобында науқастар тобына қарағанда төмен
депрессиясыз. Үрей деңгейі нормадан жоғары бар науқастар, үрей деңгейі норма шегінде
болған науқастардан қарағанда барлық домендары бойынша нашар көрсеткішке ие болды.
Қорытынды: Жүйелі қызыл жегі науқастар өмірінің барлық салаларына теріс әсер етеді.
Біздің науқастар тобында өмір сүру сапасының нашарлауы депрессия мен үрейдің жоғары
деңгейіне байланысты болды. Некедің болуы өмір сүру салаларының кейбір сапасына оң
әсерін тигізді.
Әдебиеттер тізімі
Конабеков Б.Е., Хамитов Е.А., Хисметова З.А. Качество жизни у пациентов с системной красной
волчанкой в зависимости от медико-социальных, этнических характеристик и психоэмоционального
состояния (депрессия и тревога) / / Наука и Здравоохранение. 2018. 2 (Т.20). С. 17-28.
Konabekov B.E., Khamitov Ye.A., Khismetova Z.A. Quality of life in patients with systemic lupus
erythematosus, depending on medico-social, ethnic characteristics and psycho-emotional state (depression and
anxiety). Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2018, (Vol.20) 2, pp. 17-28.
Конабеков Б.Е., Хамитов Е.А., Хисметова З.А. Жүйелі қызыл жегімен ауыратын науқастардың
медициналық-әлеуметтік, этникалық сипаттамаларына және психо-эмоционалдық жағдайына (депрессия
және үрей) байланысты өмір сүру сапасы / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2018. 2 (Т.20). Б. 17-28.
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Бакытжан Конабеков, Елдос Хамитов, Зайтуна Хисметова (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.