SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

МҮГЕДЕКТЕРДІ БАҒАЛАУЫНДАҒЫ КЕДЕРГІСІЗ ОРТА

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/drn9dy22

Кілт сөздер:

мүгедектік , ревматикалық аурулар , қолжетімділік , әлеуметтік-медициналық көмек , инфрақұрылым нысандары

Аңдатпа

Өзектілігі: Мүгедектерді қорғау әлеуметтік қолдау шаралар жүйесінде ерекше орын алады.
Мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясын Қазақстанда ратификациялауға
жағдайлар әзірлеу мақсатында 2012-2018 жылдарға мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүру
сапасын жақсартуға арналған жоспар әзірленді. Бұл жоспар әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру
және әлеуметтік қызметтер тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Зерттеудің мақсаты: Семей қаласының ревматикалық аурулары бар мүгедектердің
медициналық және әлеуметтік көмек сапасымен және кедергісіз кіруге қолжеткізу
жағдайларымен қанағаттануын зерттеу.
Материалы и методы. Дизайн - көлденең зерттеу. Кездейсоқ таңдау (N = 168 мүгедек).
Кездейсоқ сандардың генераторы көмегімен зерттеу үшін Семей қаласының 7 медициналық
мекемелер таңдалып алынды. Статистикалық деректерді өңдеу SPSS 20 бағдарламасы арқылы
жасалды.
Нәтижелер: Респонденттердің орташа жасы 50,52 жыл болды, 8,3%-ы (14 адам) 1 топ
мүгедектігі бар, 48%-ы (79 адам) - 2 топ және 3-44,2% (75). «Сіз медициналық мекеменің
көрсетілетін қызметтердің сапасына қанағаттанасыз ба?» деген сұраққа мүгедектердің 29,8%-ы
(50 адам) «жоқ» деп жауап берді. Қанағаттанбаудың негізгі себептері жеткіліксіз медициналық және әлеуметтік көмек (54,9%) байқалады, дәрігерлердің жетіспеушілігі (21,6%), науқастарға
салғырт қарауы (23,5%) болды.
Зерттеу барысында мүмкіндігі шектеулі адамдардың 1/3 бөлігі инфрақұрылым
нысандарының арнайы құрылғылармен жабдықталуын «қанағаттанарлықсыз» деңгейінде деп
бағалағанын аныкқтадық. Сондай-ақ, көбі медициналық және әлеуметтік көмек көрсетудің
негізгі түрлеріне мұқтаж екені анықталды.
Қорытынды: Қазіргі уақытта Семей қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз
ортаны жетілдіру бойынша көптеген шешілмеген проблемалар бар, бұл жағдай денсаулық
сақтау саласындағы бағдарламаларды толық жүзеге асырылуын және мүгедектердің
қажеттіліктеріне сәйкес кедергісіз ортаны құру бойынша жергілікті бағдарламаларды әзірлеуді
талап етеді. 

Автор өмірбаяны

  • Гүлнұр Нурбаева

    магистрант 2 года обучения по специальности
    «Общественное здравоохранение» Государственного медицинского университета города Семей. 

Әдебиеттер тізімі

Нурбаева Г.К., Горемыкина М.В., Мысаев А.О. Оценка безбарьерной среды людьми с ограниченными

возможностями / / Наука и Здравоохранение. 2017. №1. С. 112-121.

Nurbayeva G.K., Goremykina M.V., Myssayev A.O. Accessibility in the assessment of people with disabilities.

Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2017, 1, pp. 112-121.

Нұрбаева Г.Қ., Горемыкина М.В., Мысаев А.О. Мүгедектерді бағалауындағы кедергісіз орта / / Ғылым

және Денсаулық сақтау. 2017. №1. Б. 112-121.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-02-05

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

<< < 1 2 3 4 5 > >> 

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.