SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

ГЕПАТОЦЕЛЛЮЛЯРЛЫҚ КАРЦИНОМА МЫСАЛЫНДАҒЫГЕПАТОБИЛИАРЛЫҚ ЖҮЙЕ АУРУЛАРЫНЫҢ ТАРАЛУЫ МЕНҚАУІП-ҚАТЕР ФАКТОРЛАРЫ. ӘДЕБИ ШОЛУ.

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/2t35e851

Кілт сөздер:

гепатоцеллюлярлы карцинома , вирусты гепатиттер , қауіп-қатер факторлары , дислипидемия

Аңдатпа

Кіріспе: Жаһанды болжамды болашақ тұрғысынан алғанда, ең басты міндеттердің бірі - гепатоцеллюлярлы
карцинома(ГЦК) дамуын болдырмау. Қазіргі таңдағы, жалғыз тиімді стратегия- бұл вирусты гепатитті алдын-алу
үшін, көптеген елдерде жаңа туған нәрестелерге вирусты В гепатитіне қарсы вакцинация егу арқылы жүзеге
асырылып жатыр. Ішімдікті пайдалануды, вирусты С гепатитінің (HCV) таралуын, сондай-ақ метаболикалық
синдромды алдын-алу өте маңызды. Халықтың қауіп- қатер факторларын алдын алу туралы білімін жақсарту ГЦКның дамуына жол бермейді.
Зерттеу мақсаты: халықаралық тәжірибені зерттеу арқылы, бауырдың гепатоцеллюлярлы карциномасының
таралуымен қауіп-қатерфакторларын зерттеу болып табылады.
Іздеу стратегиясы: PubMed, Mendeley, Scopus, Web of Science, Google Scholar сияқты ғылыми
жарияланымдардың және мамандандырылған іздеу жүйелерінің деректер базасын пайдалана отырып, 5 жыл
ішінде көпшілікке қолжетімді, тереңдіктегі мақалалар зерделенді.Іріктеу критерийлері: А, В дәлелділік деңгейінің
жарияланымдары: мета-талдаулар, жүйелі шолулар, когорттық және көлденең зерттеулер. Ерекшелік
критерийлері:қысқа хабарламалар, жарнамалық мақалалар түріндегі сарапшылардың пікірі.
Зерттеу нәтижелері: Жыл сайын бүкіләлемде гепатоцеллюлярлы карциномадан (ГЦК) 600,000-нан астам адам
қайтыс болады. Бұл ауруды клиникалық және фармакологиялық тұрғыдан, сонымен қатар ресурстары шектеулі
аймақтардағы науқастарға көмек көрсету тұрғысынан мұқият зерттеу қажет. ГЦК емдеу тәсілдері диагноз қою
кезіндегі аурудың сатысына және емнің кешенді әдістерінің қолжетімділігіне байланысты. Дегенмен, соңғы
сатыларда ауруды жүргізу мүмкін емес, қымбат және бастапқы "сапалы өмір сүру жылдарының" өсуіне тікелей
байланысты. ГЦК-ға шалдыққан науқастарға медициналық көмек көрсетуді жақсарту үшін жоғары сапалы емдеу
орталықтарын ашу керек. Жаңа препараттар- тиімділігі сезінетін науқастарға қол жетімсіз: ресурстары төмен
елдерде сорафениб препаратын кең тәжірибеде қолдану мүмкін емес. Мысалы, осы препаратты бір айға
тағайындаудың шамамен құны: Қытайда $7300, АҚШ-та $5400, Бразилияда $5000, Францияда €3562 және Оңтүстік
Кореяда $1400 (N Engl J Med 2008;359:378-90; PMID 18650519).
Қорытынды: Осылайша, гепатоцеллюлярлы карцинома мәселесі бойынша қолжетімді әдебиеттерге шолу
арқылы- әртүрлі этиологиядағы гепатиттердің өсіп келе жатқан ауруының қолайсыз аясында, семіздік пен
инсулинге тәуелді 2 типті қант диабеті жағдайында, әлемдегі жаңа ГЦК жағдайларының саны және сәйкесінше
бауыржасушаларының қатерлі ісігінен болатын өлім-жітім көрсеткіші әлемнің басқа аймақтарында тек өседі деп
болжамдауға болады. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында бауырдың қатерлі ісігін ерте сатысында анықтауға
арналған мемлекеттік бағдарлама ретінде ГЦК скринингі жоқ, олардың әрқайсысының маңыздылық дәрежесіне
және зиянды әдеттермен өмір салты сияқты оларға әсер ету мүмкіндігіне қарай ГЦК даму қауіп факторларын
түрлендіру бойынша бағдарлама жоқтың қасы. 

Автор өмірбаяны

  • Жанар Намазбаева

    докторант 1 года обучения, специальность «Общественное здравоохранение»,
    Казахстанский медицинский университет «Высшая школа общественного здравоохранения», г.Алматы,Республика
    Казахстан.

Әдебиеттер тізімі

Намазбаева Ж.Е., Смаилова Д.С., Серикулы Е., Умарова С.У., Кауышева А.А., Кульжанов М.К., Баймаханов

Б.Б., Нурбакыткызы А.Н. Распространенность и факторы риска заболевания гепатобилиарной системы на примере

гепатоцеллюлярной карциномы.Обзор литературы // Наука и Здравоохранение. 2022. 3(Т.24). С. 211-218. doi

10.34689/SH.2022.24.3.024

Namazbayeva Zh.E., Smailova D.S., Serikuly E., Umarova S.U., Kauysheva A.A., Kul'zhanov M.K., Baimakhanov B.B.,

NurbakytkyzyA.Prevalence and risk factors of hepatobiliary system disease on the example of hepatocellular carcinoma.

Literary review// Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2022, (Vol.24) 3, pp. 211-218. doi

10.34689/SH.2022.24.3.024

Намазбаева Ж.Е., Смаилова Д.С., Серикулы Е., Умарова С.У., Кауышева А.А., Кульжанов М.К., Баймаханов

Б.Б., Нурбакыткызы А.Н. Гепатоцеллюлярлық карцинома мысалындағы гепатобилиарлық жүйе ауруларының

таралуы мен қауіп-қатер факторлары. Әдеби шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 3 (Т.24). Б. 211-218. doi

10.34689/SH.2022.24.3.024

Жүктеулер

Жарияланды

2026-01-19

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

<< < 1 2 3 

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.