SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензируемый медицинский научно-практический журнал

Наука и Здравоохранение

Расширенный поиск

ЧАСТОТА ПРИЗНАКОВ ДИСПЛАЗИИ СОЕДИНИТЕЛЬНОЙ ТКАНИ И ВРОЖДЕННЫХ ПОРОКОВ СЕРДЦА У ДЕТЕЙ ГОРОДА СЕМЕЙ

Авторы

DOI:

https://doi.org/10.34689/gehpr521

Ключевые слова:

врожденные пороки сердца , дисплазия соединительной ткани , фенотипические и висцеральные признаки

Аннотация

Кіріспе. Туа біткен жүрек ақауының және дәнекер тіннің дисплазиясы дамуының патогенді тетіктерінің
жиынтығы олардың үйлесу қауіпінің жоғарлауын анықтайды. Осы жағдайда туа біткен жүрек ақауын реттеу үшін
ағым болжамы мен шарттарының қомақты нашарлауы мүмкін. Осы уақытқа дейін популяциядағы осы
патологиялық жағдайдың үйлесім құрылымы мен нағыз жиілілігі толық зерттелмей келеді.
Зерттеудің мақсаты. Семей қаласы жағдайында туа біткен жүрек кемістігі мен дәнекер тіннің дисплазиясы
үйлесімінің жиілілігін анықтау.
Зерттеу материалдары мен әдістері зерттеу Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің
медициналық орталығы базасында педиатриялық бөлімшеде жүргізілді. Бұл жұмыс ретро-проспективті,
аналитикалық эксперименталды клиникалық-эпидемиологиялық зерттеу болып табылады. 1-14 жас аралығындағы
168 бала тексерілді, оның ішінде 84 – і дәнекер тіннің дисплазиясы және 84-і тәжірибелік дені сау бақылау тобының
балалары. Диагностиканың бірінші сатысында дәнекер тін дисплазиясының физикалық қасиеттерін анықтау және
екінші сатысында жүйелік жұмылдырудың висцералды қасиеттерін бағалау жүргізілді. Салыстырмалы зерттеу ТЖА
нұсқауы есебімен жүргізілді. Түйіндес кестенің салыстырмалы зерттеуін жүргізу үшін біржақты нақты Фишер
критерийін және χ
2 критерийін пайдаландық.
Қорытынды: Туа біткен жүрек ақауы мен дәнекер тіннің дисплазиясы бар балаларда фенотиптік қасиеттердің
соңғы жиілілігі салыстырмалы түрде болған. Көптеген қасиеттер бойынша бақылау тобының жиілілік
көрсеткіштірінің маңызды жоғарлауы байқалған. Жүректің құралдық зерттеуі туа біткен жүрек ақауы бар
балалардың дәнекер тіннің дисплазиясы қасиеттерінің жоғары жиілілігін көрсетті, дәнекер тіннің дисплазиясы
тобында жеткен. Ажыратылмаған дәнекер тіннің дисплазиясы 88,1% жағдайында байқалып, туа біткен жүрек ақауы
бар балаларда ілеспе синдромы болып табылатыны анықталған.
Туа біткен даму кемістігі бар балалардағы дәнекер тінінің дисплазиясының сыртқы және висцералды
белгілерінің жиілігі 2-3 дәрежелі дәнекер тінінің дисплазиясы бар балалардағы көрсеткіштермен салыстырғанда
жоғары болды. Дәнекер тіннің ауыр дисплазиясы өкпе артериясының стенозына, Фалло Тетрадына, ҚАПД,
магистральды тамырлардың транспозициясына, бикуспидальды қолқа қақпақшасының болуына қолқа
коарктациясына тән болды. 2-3 дәрежелі дәнекер тінінің дисплазиясы бар аналарда туа біткен жүрек ақауы бар
балалардың тууының салыстырмалы қаупі RR=12,5, χ2=98,23 (р<0,001)

Биография автора

  • Айжан Абылгазинова

     PhD, ассистент кафедры педиатрии, Государственный медицинский
    университет города Семей, г. Семей, Республика Казахстан.

Библиографические ссылки

Абылгазинова А.Ж., Алимбаева А.Р., Тайоразова Г.Б. Частота признаков дисплазии соединительной ткани и

врожденных пороков сердца у детей города Семей // Наука и Здравоохранение. 2018. 5 (Т.20). С. 145-152.

Abylgazinova A.Z., Alimbaeva A.R., Tiorazova G.B. Congenital heart diseases and connective tissue dysplasia children of

Semey, the determination the frequency. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2018, (Vol.20) 5, pp. 145-152.

Абылгазинова А.Ж., Алимбаева А.Р., Тайоразова Г.Б. Семей қаласының балаларындағы туа біткен жүрек ақауы

мен дәнекер тін дисплазиясының жилігін анықтау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2018. 5 (Т.20). Б. 145-152.

Загрузки

Опубликован

2026-02-02

Как цитировать

ЧАСТОТА ПРИЗНАКОВ ДИСПЛАЗИИ СОЕДИНИТЕЛЬНОЙ ТКАНИ И ВРОЖДЕННЫХ ПОРОКОВ СЕРДЦА У ДЕТЕЙ ГОРОДА СЕМЕЙ. (2026). «Наука и здравоохранение», 20(5), 145-152. https://doi.org/10.34689/gehpr521

Наиболее читаемые статьи этого автора (авторов)

1 2 > >> 

Похожие статьи

Вы также можете начать расширеннвй поиск похожих статей для этой статьи.