ЖҮРЕК ЖӘНЕ ЖҮРЕКІШІЛІК ЖҮЙКЕ ҚҰРЫЛЫМДАРЫНЫҢ МОРФОФУНКЦИЯСЫ ТУРАЛЫ ЗАМАНАУИ КӨЗҚАРАС
DOI:
https://doi.org/10.34689/eptp8m96Кілт сөздер:
жүрек – тамырлар жүйесі, жүрек құрылысы, жүректің жүйке құрылымдары, автономды реттелу, жүрек жетіспеушілігіАңдатпа
Кіріспе. Соңғы 10 жылда вегетативті жүйке жүйесімен байланысты жүрек – тамырлар жүйесінің патологияларынан болатын өлім-жітімнің жоғары деңгейі тіркелуде. Жүрек патологияларынан және оның асқынуларынан болатын өлім-жітім негізінен еңбекке қабілетті жастағы тұлғалардың арасында байқалады. Бұл ретте, жүректің өткізгіш жүйесі мен автономды жүйке жүйесі арасындағы өзара қатынас және жүректің тұрақты қызметінің реттелуіндегі рөлі бірқатар ғалымдардың заманауи ғылыми гипотезаларында үлкен орын алады. Осыған байланысты осы бағыттағы зерттеулер өзекті. Зерттеу мақсаты. Жүрек қызметін реттеу және жүрек ішілік жүйке құрылымдарының морфофункционалдық негізделуі сұрақтары бойынша ғылыми әдебиеттерді талдау. Іздеу стратегиясы. Мақалаларды іздеу PubMed, Google Scholar, Embase, Cochrane Library мәліметтер қоры бойынша, сонымен қатар отандық ғылыми басылымдар мәліметтерін қолдана отырып жүргізілді. Іздеу жылдықты соңғы 10 жыл (2014 – 2024 жж.). Барлығы 71 ғылыми жарияланымдарға талдау жасалды. Нәтижелер. Зерттеу нәтижесінде жүрек – тамырлар жүйесін морфологиялық тұрғыдан зерттеудің өзектілігі, жүректің жүйке құрылымдарының морфо-функциясы бойынша заманауи ғылыми тұжырымдар туралы түсініктер берілді. Қорытынды. Жүректің тұрақты қызмет атқаруында маңызды орын алатын морфологиялық құрылымдар және жүрек ішілік жүйке өрімдері, түйіндері мен талшықтардың маңызы анықталды.
Әдебиеттер тізімі
Shotpakova A.K., Rakhmanov S.B., Abilov T.S., Zhumabay N.A. Modern view on the morphofunction of the heart and intracardiac nervous structures // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2025. Vol.27 (1), pp. 174-184. doi 10.34689/SH.2025.27.1.021
Шотпақова А.Қ., Рахманов С.Б., Абилов Т.С., Жұмабай Н.А. Современный взгляд на морфофункцию сердца и внутрисердечных нервных структур // Наука и Здравоохранение. 2025. Vol.27 (1), С.174-184. doi 10.34689/SH.2025.27.1.021
Шотпақова А.Қ., Рахманов С.Б., Абилов Т.С., Жұмабай Н.А. Жүрек және оның жүйке құрылымдарының морфофункциясы туралы заманауи көзқарас // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2025. Vol.27 (1), Б. 174-184. doi 10.34689/SH.2025.27.1.021
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Рецензируемый медицинский научно-практический журнал «Наука и здравоохранение»

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.