ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАТЫР ДЕНЕСІНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІ СЫРҚАТТАНУШЫЛЫҒЫНЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ВАРИАБЕЛДІГІ
DOI:
https://doi.org/10.34689/wm5p7c75Кілт сөздер:
жатыр денесінің қатерлі ісігі , сырқаттанушылық , тренд , картограмма , ҚазақстанАңдатпа
Кіріспе: Қазақстан жатыр денесі қатерлі ісігімен (ЖДКІ) сырқаттанушылық пен өлім-жітім деңгейі жоғары
елдерге жатады. Жасы бойынша стандартталған сырқаттанушылық деңгейіне сәйкес, қатерлі ісіктердің ең жиі
таралған 10 түрінің қатарына кіреді. Ал әйелдер арасында ауру құрылымында жатыр денесінің қатерлі ісігі 5-ші
орында тұр (6,3%).
Зерттеудің мақсаты: Қазақстанда жатыр денесінің қатерлі ісігімен сырқаттанушылықтың эпидемиологиялық
ерекшеліктерін және оның кеңістіктік және уақыт бойынша бағалануын зерделеу.
Материал және зерттеу әдістері. 2009-2018 жылдар аралығында ретроспективті зерттеу жүргізілді.
Эпидемиологияның сипаттамалық және аналитикалық әдістері қолданылды. Қатаң, жасына қарай стандартталған,
сырқаттанушылықтың теңестірілген мен аппроксимацияның көрсеткіштері есептелді. Орташа мәннен (x)
стандартты ауытқуды (σ) анықтауға негізделген картограмма әдісі қолданылды.
Нәтижелер. Зерттеу кезеңінде 10 522 жаңа ЖДҚІ жағдайы тіркелді. Жасы бойынша стандартталған орташа
жылдық сырқаттанушылық көрсеткіші 100 000 әйелге шаққанда 11,1±0,2 жағдайды құрады (Т=+0,6%; R2=0,083).
Картограммаларды жасау кезінде сырқаттанушылық көрсеткіштері стандартталған көрсеткіштер негізінде
анықталды (100 000 әйелге шаққанда): төмен – 8,9 – ға дейін, орташа – 8,9-дан 12,6-ға дейін, жоғары- 12,6-дан
жоғары. Кеңістіктік талдау нәтижелері 100 000 әйел адамға шаққанда ЖДҚІ-мен сырқаттанушылық деңгейі
неғұрлым жоғары өңірлерді көрсетті: Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Алматы, Солтүстік Қазақстан және Астана.
Қорытынды: Соңғы жылдары Қазақстанда ЖДҚІ сырқаттанушылық деңгейі өсуде. Сырқаттанушылықтың
жоғары көрсеткіштері елдің солтүстік аймақтарында анықталды, ал аурудың өсу тенденциясы батыс және шығыс
аймақтарда айқын байқалды.
Әдебиеттер тізімі
Тельманова Ж.Б., Байбусунова А.Ж., Игисинова Г.С., Билялова З.А., Кожахметова Ж.Ж., Ажетова Ж.Р.,
Оразбаев С.Т., Кулаев К.Т., Куандыков Е.К., Игісін Н.С. Қазақстандағы жатыр денесінің қатерлі ісігі
сырқаттанушылығының географиялық вариабелдігі // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 1 (Т.25). Б. 115-122. doi
10.34689/SH.2023.25.1.015
Telmanova Zh.B., Baybusunova A.Zh., Igissinova G.S., Bilyalova Z.A., Kozhakhmetova Zh.Zh., Azhetova Zh.R.,
Orozbaev S.T., Kulayev K.T., Kuandykov Y.K., Igissin N.S. Geographical variability of corpus uteri cancer incidence in
Kazakhstan // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2023, (Vol.25) 1, pp. 115-122. doi
10.34689/SH.2023.25.1.015
Тельманова Ж.Б., Байбусунова А.Ж., Игисинова Г.С., Билялова З.А., Кожахметова Ж.Ж., Ажетова Ж.Р.,
Оразбаев С.Т., Кулаев К.Т., Куандыков Е.К., Игісін Н.С. Географическая вариабельность заболеваемости раком тела
матки в Казахстане В // Наука и Здравоохранение. 2023. 1(Т.25). С. 115-122. doi 10.34689/SH.2023.25.1.015
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Жансая Тельманова, Ерлан Куандыков, Куаныш Кулаев, Серикбай Оразбаев, Жанерке Ажетова, Жанар Кожахметова, Зарина Билялова, Гульнур Игисинова, Аида Байбусунова, Нұрбек Игісін (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.