SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

ИОНДАУШЫ СӘУЛЕНІҢ ЖЕДЕЛ ЖӘНЕ АЛШАҚ КЕЗЕҢДЕ ЕГЕУҚҰЙРЫҚТАРДЫҢ ЖІҢІШКЕ ІШЕК МИКРОФЛОРАСЫНА ӘСЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/xx56an62

Кілт сөздер:

қалыпты микрофлора , ішкі сәуле , шағын доза , эксперимент

Аңдатпа

Өзектілігі. Адамның ішек микробиотасы ішек жолының шырышты қабатын мекендейтін микроорганизмдер
(бактериялар, вирустар, археялар және протистер) ретінде анықталады. Микробиота адам ағзасымен тығыз қарымқатынаста болады: ие организмі тіршілік ету ортасын және қоректік заттарды қамтамасыз етсе, ал
микроорганизмдер ағзаны патогенді қоздырғыштардан қорғайды, иммунологиялық, зат алмасу және қозғалыс
функцияларының қалыпты сақталуына ықпал етеді.
Жұмыстың мақсаты – иондаушы сәуленің егеуқұйрықтардың жіңішке ішек микрофлорасы жағдайына әсерін
зерттеу.
Зерттеу материалдары мен әдістері: Зерттеу дизайны -эксперименталды. Зерттеу әдістері:
бактериологиялық. Зерттеу объектісі болып салмақтары 220г (95% СА:203-238) құрайтын, Алматы қаласындағы
карантинді және зоонозды аурулар Қазақ Ғылыми орталығынан алған, «Wistar» тұқымдасына жататын, аталық
жынысты, он апталық ақ егеуқұйрықтарға алынды. Тәжірибенің жоспарына сай жануарлар 2 топқа бөлінді. Іріктеу
көлемін есептеу үшін «Power and Sample Size Analysis» бағдарламасы қолданылды. Тәжірибе жүргізуге қажетті
егеуқұйрықтар саны 80 болды. Бірінші зерттеу тобы (n=40) егеуқұйрықтары нейтронды-белсендендірілген марганец
(
56Mn) ұнтағының ингаляциясына ұшыратылды. Бұл топ үшін жылулық нейтрондардың флюенсі 8×1014 н/см2
болды. Екінші топ (n=40), яғни бақылау тобын интактты егеуқұйрықтар құрады. Тәжірибе ғылыми мақсатта
қолданылатын жануарларды қорғау бойынша Европалық парламенттің Директивасына сәйкес, Семей қаласының
Мемлекеттік медицина университетінің Этикалық комитетінде қарастырылып, бекітілді (№3.1 хаттама 28.11.2019ж.).
Зерттеу нәтижелері. Зерттеу нәтижесіне сәйкес шағын дозада ішкі сәулеленуден кейін жедел кезеңде, яғни
зерттеудің үшінші күні эксперименттік жануарлардың жіңішке ішек микрофлорасының дисбактериозы анықталды.
Дисбактериоз ішектің қалыпты микрофлорасы өкілдері бифидобактериялар 5,47 (5,30; 5,47) (р = 0,001) мен ішек
таяқшасы 5,47 (5,30; 5,47) (р = 0,001) мөлшерінің азаюымен көрінді. Ал бақылау тобымен салыстырғанда шартты
патогенді микроорганизмдер цитробактер 6,3 (3,14; 6,47) (р = 0,001), кандида туыстастығының саңырауқұлақтары
4,3 (4,1; 4,47) (р = 0,001) мен алтындалған стафилокок мөлшерінің 3,47 (3,30; 3,69) (р = 0,001) статистикалық мәнді
көбеюі анықталды. Ішкі сәулену (
56Mn) әсеріне ұшыраған топтарда алшақ кезеңде жіңішке ішек микрофлорасының
сіртіндеп қалпына келуін байқауға болады. Тек қалыпты микрофлораның негізгі пайдалы өкілі лактобактериялар
санынң екі есе азаюы анықталды. Ішкі сәулеленуге ұшыраған егеуқұйрықтардың жіңішке ішек микрофлорасында
лактобактериялар саны 2,0 г (2,0; 2,15) (р = 0,001) дейін төмендеді.
Қорытынды. Шағын дозадағы ішкі сәулелелену егеуқұйрықтардың қалыпты микрофлорасының бұзылуына
әкеледі.

Автор өмірбаяны

  • Ынкар Кайрханова

    PhD, и.о. доцента кафедры микробиологии, НАО «Медицинский университет
    Семей», г. Семей, Республика Казахстан.

Әдебиеттер тізімі

Кайрханова Ы.О., Амантаева Г.К., Советов Б.С., Малик М.М., Рахимжанова Ф.С., Кайрханова А.О., Крыкпаева

А.С. Иондаушы сәуленің жедел және алшақ кезеңде егеуқұйрықтардың жіңішке ішек микрофлорасына әсері //

Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 1(Т.25). Б. 152-159. doi 10.34689/SH.2023.25.1.019

Kairkhanova Y.O., Amantayeva G.К., Sovetov B.S., Malik М.М., Rakhimzhanova F.S., Kairkhanova A.O., Krykpayeva

A.S. Influence of ionizing radiation on the microflora of the small intestine of rats on the island and in the distant period //

Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2023, (Vol.25) 1, pp. 152-159. doi 10.34689/SH. 2023.25.1.019

Кайрханова Ы.О., Амантаева Г.К., Советов Б.С., Малик М.М., Рахимжанова Ф.С., Кайрханова А.О., Крыкпаева

А.С. Влияние ионизирующего излучения на микрофлору тонкого кишечника крыс в остром и отдаленном периоде //

Наука и Здравоохранение. 2023. 1(Т.25). С. 152-159. doi 10.34689/SH. 2023.25.1.019

Жүктеулер

Жарияланды

2026-01-13

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 3 > >> 

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.