SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

ЖАТЫР МОЙНЫНЫҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІНІҢ СКРИИНИНГБАҒДАРЛАМАЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ. ӘЙЕЛ ХАЛҚЫЫНТАЛЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАТЫР МОЙЫНЫНЫҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІНІҢСКРИНИНГ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІНДЕГІ РӨЛІ.ӘДЕБИ ШОЛУ

Авторлар

  • Индира Жетписбаева Автор
  • Фатима Касымбекова Автор
  • Шолпан Сармулдаева Автор
  • Наталья Глушкова Автор https://orcid.org/0000-0003-1400-8436

DOI:

https://doi.org/10.34689/4asn1704

Кілт сөздер:

жатыр мойнының қатерлі ісігі скринингтік бағдарламасы , ынталылық , жатыр мойнының қатерлі ісігі скринингтік бағдарламасымен қамтылу

Аңдатпа

Кіріспе. Бұл шолу әлемде жатыр мойнының қатерлі ісігі скринингтік бағдарламаларын (ЖМҚІ) енгізу
мәселелерін зерттеуге және жатыр мойнының қатерлі ісігі скринингімен қамтуға әйелдер популяциясының
ынталылығының әсерін анықтауға арналған. Жатыр мойнының қатерлі ісігі сырқаттанушылық пен өлім-жітім
көрсеткіштерін төмендетуде елеулі нәтижелерге қол жеткізу үшін жатыр мойны обырының алдын-алуға және
аурушаңдықты азайтуға бағытталған бағдарламалар мақсатты жастағы барлық әйелдерді толық қамтуды, оларға
толық қолжетімділікпен қамтамасыз етуі тиіс. Қазақстан Республикасында (ҚР) Ұлттық бағдарлама аясында 2008
жылдан бастап жатыр мойнының қатерлі ісігінің популяциялық цитологиялық скринингі қолданылуда. Скринингтік
бағдарламаларды іске асырудың оң көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін оларға халықтың нысаналы тобының кемінде
70% қатысуы қажет, ҚР жатыр мойнының қатерлі ісігі скринингтік тексеру үшін бұл көрсеткіш 48-50% құрайды.
Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, бұл бағдарламалардың сәтті жүзеге асырылуы халықтың
қамту деңгейіне және оларға деген ынталылығына тікелей байланысты.
Мақсаты: әлемде ЖМҚІ скринингтік бағдарламаларын енгізу мәселелерін көрсету үшін әдебиет деректерін
талдау және ЖМҚІ скринингімен қамтуға әйелдер халқының ынталылығының әсерін анықтау.
Іздеу стратегиясы. Зерттеуге ағылшын тіліндегі және отандық дереккөздерден, соңғы 20 жылда жарияланған
рецензияланған журналдардағы ғылыми мақалалардан қажетті ақпаратты іздеу және талдау кірді. «ЖМҚІ
скринингтік бағдарламалары», «ЖМҚІ скринингтік бағдарламасының жүзеге асырылу мәселелері», «Әйелдердің
ЖМҚІ скринингтік тексеруіне ынталылығы», «ЖМҚІ скринингтік бағдарламасымен қамтылуы» сұрақтары бойынша
іздестіру жұмыстары жүргізілді.
Нәтижелер. Осы әдиби шолу зерттеудің нәтижелері скринингтік бағдарламаны жүзеге асырудағы негізгі
мәселелерді көрсетті. Сондай-ақ әйелдер популяциясының ынталылығының төмен деңгейі мен ЖМҚІ скринингтік бағдарламасының қамтылуы арасындағы байланысты айқындады. Әртүрлі елдерде жүргізілген зерттеулер ЖМҚІ
скринингтік бағдарламаларын оңтайландыру, қамтуды ұлғайту және әйелдердің ЖМҚІ скринингке деген
ынталылығын арттыру қажеттілігін көрсетеді.
Қорытынды. ЖМҚІ, әрине, әлемде жатыр мойны обырының ауыртпалығын азайтуға бағытталған үлкен
прогресс. Дегенмен, сырқаттанушылық пен өлім-жітім көрсеткіштерін төмендету бойынша түпкілікті мақсатқа жету
үшін кешенді тәсіл қажет, оның негізі әйелдердің ЖМҚІ скринингіне қатысуын зерттеу және арттыру болуы тиіс.

Автор өмірбаяны

  • Индира Жетписбаева

    докторант 3 года обучения по специальности «Общественное
    здравоохранение», Казахский Медицинский Университет «Высшая школа общественного здравоохранения», г.
    Алматы, Республика Казахстан 

Әдебиеттер тізімі

Жетписбаева И.А., Касымбекова Ф.Д., Сармулдаева Ш.К., Глушкова Н.Е. Проблемы реализации программ

скрининга рака шейки матки. Роль приверженности женского населения в эффективности скрининга рака шейки

матки. Обзор литературы // Наука и Здравоохранение. 2022. 6(Т.24). С. 212-220. doi 10.34689/SH.2022.24.6.026

Zhetpisbayeva I., Каssymbekova F., Sarmuldaeva Sh., Glushkova N. Problems of implementation of screening programs

for cervical cancer. The role of adherence of the female population In the efficiency of screening for cervical cancer.

Literature review // Nauka i Zdravookhranenie [Science &Healthcare]. 2022, (Vol.24) 6, pp. 212-220. doi

10.34689/SH.2022.24.6.026

Жетписбаева И.А., Касымбекова Ф.Д., Сармулдаева Ш.К., Глушкова Н.Е. Жатыр мойнының қатерлі ісігінің

скриининг бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелері. Әйел халқы ынталылығының. Жатыр мойынының қатерлі

ісігінің скрининг бағдарламасының тиімділігіндегі рөлі. Әдеби шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 6(Т.24).

Б. 212-220. doi 10.34689/SH.2022.24.6.026

Жүктеулер

Жарияланды

2026-01-14

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 3 > >> 

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.