БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНАӨМІР САЛТЫНЫҢ ӘСЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.34689/hrpw6k55Кілт сөздер:
ұйқыдан ояну , ұйқыға кету , таңғы ас , смартфон , теледидарАңдатпа
Өзектілігі: Бастауыш сынып оқушыларының өмір салты және оның психикалық және физикалық
денсаулығына әсері бүкіл әлем елдерінде, соның ішінде Жапонияда назар аударатын мәселелер бірі болып
табылады. Өмір салтына баса назар аудару көптеген тақырыптарды қамтиды.
Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының өмір салтын бағалау.
Материалдар мен әдістер: 2018 жылы бастауыш сынып оқушыларына (Жапонияның Идзумо қаласында 6-9
сынып; n=714) сауалнама жүргізілді. Сауалнама ұйқыдан ояну кезіндегі эмоционалды жағдай туралы, респонденттің
ұйқыдан оянған, ұйықтаған кездегі уақыты, күніне теледидар көруге, ойындарға, смартфонға, компьютермен
немесе планшетпен жұмыс істеуге бөлінген уақыты, респондент тамақтану кезінде теледидарды қаншалықты жиі
өшіргені және аптасына қанша рет таңғы ас ішкені туралы ақпаратты қамтиды. Жауаптар қорытындыланып,
зерттеу нәтижелері мынаны көрсетті.
Нәтижелері: 9-сынып оқушылары басқаларға қарағанда әлдеқайда ұйқыдан кеш оянды. Бастауыш сынып
оқушылары кейінірек ұйықтаған. 7-сынып оқушылары теледидар көруге 6-сынып оқушыларына қарағанда күніне
бірнеше сағаттан аз уақыт жұмсады, бірақ смартфонды күніне бірнеше сағаттан көп пайдаланды; 7-сынып
оқушылары аптасына бір реттен аз таңғы ас ішті.
Қорытынды: Бастауыш сынып оқушылары белгіленген уақыттан кейін ұйықтамауы үшін ұйқының ұзақтығына
ерекше назар аудару керек. Сонымен қатар, тиісті қызметкерлер оқытудың барлық деңгейлеріндегі
профилактикалық іс-шараларға қатысты оқушылардың хабардар болу алгоритмін әзірлеуі және жақсартуы тиіс.
Әдебиеттер тізімі
Inoue K., Fujita Ya., Takeshita H., Kamura M. Effects of lifestyles in elementary and junior high school students that
warrant considerable attention // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2022, (Vol.24) 4, pp. 51-60. doi
10.34689/SH.2022.24.4.007
Иноуе К., Фуджита Я., Такешита Х., Камура М. Влияние образа жизни на учащихся младших классов начальной
школы // Наука и Здравоохранение. 2022. 4(Т.24). С. 51-60. doi 10.34689/SH.2022.24.4.007
Иноуе К., Фуджита Я., Такешита Х., Камура М. Бастауыш сынып оқушыларына өмір салтының әсері // Ғылым
және Денсаулық сақтау. 2022. 4 (Т.24). Б. 51-60. doi 10.34689/SH.2022.24.4.007
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Кен Иноуе, Ясуюки Фуджита, Харуо Такешита, Масанори Камура (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.