SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

ЖАСӨСПІРІМДЕРДЕГІ ТУБЕРКУЛЕЗДІҢЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/12p71j69

Кілт сөздер:

туберкулез , дәріге төзімді туберкулез , жасөспірімдер

Аңдатпа

Өзектілігі: жасөспірімдер биологиялық, анатомиялық-физиологиялық, психоэмоционалды және әлеуметтік
факторларға байланысты туберкулез ауруы бойынша халықтың ең осал топтарының бірі болып табылады.
Аймақтағы жасөспірімдер туберкулезі бойынша эпидемиологиялық қолайсыздықтың қазіргі жағдайлары осы
зерттеуді жүргізуге негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: соңғы онжылдықта Семей өңірінің жасөспірімдеріндегі туберкулез құрылымына
салыстырмалы талдау жүргізу.
Материалдар мен әдістер: ШҚО ДСБ «Аймақтық фтизиопульмонология және оңалту орталығы» ШЖҚ КМК
«Туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тіркелімі» медициналық ақпараттық жүйесінің деректеріне
ретроспективті талдау жүргізілді. Дизайн – көлденеңзерттеу. Қосу критерийлері: 15 жастан 18 жасқа дейінгі
жасөспірімдер, өкпе туберкулезі. Алыптастау критерийлері: 0-ден 15 жасқа дейінгі балалар, 18 және одан жоғары
жастағы ересектер, өкпеден тыс туберкулез. Жаппай іріктеу әдісімен зерттеуге барлығы 187 жасөспірім енгізілді:
бірінші топ - 138 (туберкулез 2011-2015 жж. анықталды), екінші топ - 49 (туберкулез 2016-2020 жж. анықталды).
Статистикалық талдау StatTechv2.5.9 (әзірлеуші - "Статтех" ЖШҚ, Ресей) бағдарламасын қолдану арқылы жүргізілді.
Нәтижелері: Соңғы онжылдықта жасөспірімдер арасында туберкулезбен сырқаттанушылық динамикасы
төмендеу үрдісін көрсетіп отыр. Екінші топтағы жасөспірімдердің туберкулез құрылымында бірінші топпен
салыстырғанда әйел адамдар басым болды (65,3% қарағанда 42,8%; p=0,007), қала тұрғындары (68,8% қарағанда
85,7%; p=0,022), студенттер (20,3% қарағанда 36,7%; p=0,038). Аурудың деструктивті (22,5% және 36,7%) және
дәріге төзімді (35,5% және 36,7%) түрлерінің үлесі статистикалық маңызды айырмашылықтарға ие болмады
(сәйкесінше p=0,051 және р=0,878). Xpert MTB/RIF молекулярлық-генетикалық әдісіненгізу жасөспірімдерде
туберкулезді зертханалық растауды 14,5%-дан 61,2%-ға дейін (p=0,001) 4 есеге арттырды. Талданған топтардағы
емдеу нәтижелері жоғары тиімділікті көрсетті және тиісінше 96,4% және 96,0% құрады (p=0,529).
Қорытындылар: Өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды одан әрі жақсарту үшін ДДҰ-ның соңғы ұсынымдарын
және Қазақстан Республикасындағы туберкулезбен күрес жөніндегі нормативтік құжаттарды ескере отырып,
жасөспірімдер арасында туберкулезді анықтау, алдыналу және емдеу жөніндегі шараларды сапалы іске асыру қажет.

Автор өмірбаяны

  • Дина Чункаева

    м.м.н., ассистент кафедры сердечно-сосудистой и торакальной хирургии имени
    Б.С. Буланова, НАО «Медицинский университет Семей», г. Семей, Республика Казахстан. 

Әдебиеттер тізімі

Айдарбек А-Б.Е., Ерлан А.Е., Рахимова И.Р., Чункаева Д.Д. Эпидемиологические аспекты туберкулеза у

подростков // Наука и Здравоохранение. 2022. 4(Т.24). С. 70-78. doi 10.34689/SH.2022.24.4.009

Aidarbek A.-B.E., Yerlan A.Ye., Rakhimova I.R., Chunkayeva D.D. Epidemiological aspects of tuberculosis in

adolescents // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2022, (Vol.24) 4, pp. 70-78. doi 10.34689/SH.2022.24.4.009

Айдарбек А-Б.Е., Ерлан А.Е., Рахимова И.Р., Чункаева Д.Д. Жасөспірімдердегі туберкулездің эпидемиологиялық

аспектілері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 4(Т.24). Б. 70-78. doi 10.34689/SH.2022.24.4.009

Жүктеулер

Жарияланды

2026-01-16

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.