SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

СҮТ БЕЗІНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІМЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТАРДААНТРАЦИКЛИНДЕР ЖӘНЕ МОНОКЛОНАЛДЫ АНТИДЕНЕЛЕРМЕНХИМИОТЕРАПИЯ КЕЗІНДЕГІ КАРДИОУЫТТЫЛЫҚДИАГНОСТИКАСЫНДА ТРОПОНИННІҢ БОЛЖАМДЫ ПОТЕНЦИАЛЫ

Авторлар

  • Женисгуль Тлегенова Автор
  • Бекболат Жолдин Автор
  • Геннадий Гендлин Автор
  • Сауле Балмагамбетова Автор
  • Гульнара Курманалина Автор
  • Илиада Талипова Автор

DOI:

https://doi.org/10.34689/yxgyf722

Кілт сөздер:

сүт безінің қатерлі ісігі , тропонин , кардиоуыттылық , химиотерапия , антрациклиндер , трастузумаб

Аңдатпа

Кіріспе. Сүт безінің қатерлі ісігі жүрек пен қан тамырларына агрессивті әсерімен танымал химиотерапияның
белгілі бір схемаларына сезімтал. Олар антрациклиндер – бірінші типтегі қайтымсыз кардиоуыттылық және
трастузумаб – екінші типтегі қайтымды кардиоуыттылық болып бөлінеді. Симптомдар пайда болғанға дейін
миокардтың зақымдануын анықтай алатын сарысу биомаркерлерін қолдану химиотерапияның кардиотоксикалық
асқынуларын ерте диагностикалаудың балама әдісі болып табылады.
Мақсаты: сүт безінің қатерлі ісігімен ауыратын науқастарда антрациклиннің және/немесе трастузумабтың
кардиоуыттылық асқынуларын ерте анықтау үшін тропониннің болжамды маңыздылығын талдау болып табылады.
Іздеу стратегиясы. Іздеу Pubmed, Web of Science, Scopus, , eLIBRARY дерекқорларында жүргізілді. Шолуға қосу
критерийлері: 2010 - 2020 жж. даталанған рандомизирленген бақылау зерттеулер және проспективті зерттеулер.
Мынадай бөлімдер бойынша түйінді сөздер қолданылды: патология: "breast cancer", "breast"; емі: "antracycline"
"trastuzumab", "chemotherapy"; биомаркерлер: "troponin", "troponin I", "troponin T", "high sensitive troponin";
химиотерапияның асқынулары: "cardiotoxicity", зерттеулер: "controlled trial", «randomized controlled trial», «controlled
clinical trial», «clinical trial». Зерттеулерді іріктеу триангуляция әдісімен жүргізілді. Шолуға іріктеу критерийлері бойынша барлығы 27 толық мәтінді зерттеу енді. Сілтемелерге іздеу критерийлеріне сәйкес келмейтін, бірақ
тақырыптың өзектілігін көрсететін зерттеулер да кірді.
Нәтижелер. Жалпы қорытынды - тропонин деңгейінің жоғарылауы, әсіресе тропонин деңгейінің тұрақты өсуі,
қолайсыз болжаммен жүретін жүрек дисфункциясының дамуының белгісі болуы мүмкін. Тропонин деңгейінің өсуі
және базалық деңгейдің өсу интегралы тропониннің абсолютті мәнінен гөрі сенімді предиктор болып табылады.
Қорытындар. Антрациклиндермен және одан кеінгі таргетті химиотерапия алған сүт безінің қатерлі ісігімен
ауыратын науқастарда кардиоуыттылық асқынулардың даму қаупі жоғары. Кардиоуыттылықты болжау ерте
анықтау үшін тропонин денғеін бақылау қажет. Тропонин қосылған биомаркерлер комбинациясы
кардиоуыттылықты болжау ерте анықтау үшін пайдалы болуы мункін.

Автор өмірбаяны

  • Женисгуль Тлегенова

    PhD, доцент кафедры внутренних болезней №2, НАО «ЗападноКазахстанский медицинский университет им. Марата Оспанова», г. Актобе, Республика Казахстан;

Әдебиеттер тізімі

Тлегенова Ж.Ш., Жолдин Б.К., Гендлин Г.Е., Балмагамбетова С.К., Курманалина Г.Л., Талипова И.Ж.

Прогностический потенциал тропонина в диагностике кардиотоксичности при химиотерапии антрациклинами и

моноклональными антителами у больных раком молочной железы // Наука и Здравоохранение. 2021. 5(Т.23). С. 132-

148. doi 10.34689/SH.2021.23.5.016

Tlegenova Zh.Sh., Zholdin B.K., Gendlin G.E., Balmagambetova S.K., Kurmanalina G.L., Talipova I.Zh. The Troponin

prognostic capability in diagnosing cardiotoxicity during chemotherapy with anthracyclines and monoclonal antibodies in

breast cancer patients // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2021, (Vol.23) 5, pp. 132-148. doi

10.34689/SH.2021.23.5.016

Тлегенова Ж.Ш., Жолдин Б.К., Гендлин Г.Е., Балмагамбетова С.К., Курманалина Г.Л., Талипова И.Ж. Сүт безінің

қатерлі ісігімен ауыратын науқастарда антрациклиндер және моноклоналды антиденелермен химиотерапия

кезіндегі кардиоуыттылық диагностикасында тропониннің болжамды потенциалы // Ғылым және Денсаулық сақтау.

2021. 5 (Т.23). Б. 132-148. doi 10.34689/SH.2021.23.5.016

Жүктеулер

Жарияланды

2026-01-21

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.