SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

ТАБАННЫҢ СТАТИКАЛЫҚ ДЕФОРМАЦИЯСЫН ДИАГНОСТИКАЛАУМЕН ЕМДЕУДІҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ.

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/844t3n92

Кілт сөздер:

табанның алдыңғы бөлігінің жалпаюы , hallux valgus , metatarsus primus varus , метатарсалгия

Аңдатпа

Бүгінгі күні аяқтың статикалық деформациясы тақырыбын қарастырудың өзектілігі оның хирургиялық емдеу
әдістерін жетілдіру және ауруды жасарту болып табылады. Әдебиеттік шолуда келесі сұрақтар ұсынылған:
процестің дамуының этиологиясы мен патогенезі, табанның алдыңғы бөлігінің анатомиялық және функционалды
ерекшелігі, аяқтың көлденең жалпаюы диагнозы, хирургиялық емдеудің жіктелуі және әртүрлілігі.
Мақсаты: табанның алдыңғы бөлігінің статикалық деформациясын диагностикалау және хирургиялық емдеу
мәселелерінде әдебиет деректеріне талдау жүргізу.
Іздеу стратегиясы. MEDLINE, UptoDate, Google Scholar, Cyberleninka және eLIBRARY электрондық кітапханасының
деректер базалары мен web-ресурстарында ғылыми жарияланымдарды іздеу және талдау жүргізілді. Уақыт кезеңі
2009-2019 жылдар арасында белгіленді. Рецензияланған басылымдардың жарияланымдарына басымдық берілді.
Бастапқы іріктеу нәтижесінде 256 әдеби дереккөз анықталды, олардың 95-і осы мақала үшін аналитикалық
материалдың негізі болды. Зерттеуге енгізу критерийлері: рандомизацияланған және когорттық зерттеулер туралы
есептер, жүйелі шолулар мен мета-анализдер, диагностика және емдеу хаттамалары, ағылшын және орыс тілдеріндегі
мақалалар. Зерттеуге енгізбеу критерийлері: жеке хабарламалар, газет басылымдары, тезистер, анық емес
қорытындылары бар мақалалар, сондай-ақ ақылы қол жетімді мақалалар.
Нәтижелер мен қорытындылар: көптеген жарияланымдар табанның алдыңғы бөлігінің жалпаюын
хирургиялық түзетудің төрт жүзден астам әдістерінің болуын көрсетеді, бұл қазіргі заманғы ортохирургияның
талаптарын қанағаттандыратын әдістердің жетіспеушілігі мәселесін растайды - әр нақты жағдайда тәсілді даралау,
хирургиялық араласудың қысқа ұзақтығы, деформацияның барлық компоненттерін жою, табанның көлденең
доғасының күмбез конфигурациясын қалпына келтіру болады.

Автор өмірбаяны

  • Нурлан Бокембаев

    докторант 3 годаобучения по специальности «Медицина» НАО «Медицинский
    университет Семей» г. Семей, Республика Казахстан.

Әдебиеттер тізімі

Жанаспаев М.А., Бокембаев Н.А., Тлемисов А.С., Токтаров Е.Н., Джунусов Т.Г., Бокембаева А.А., Раханская Е.В.

Современные методы диагностики и лечение статической деформации переднего отдела стопы. Обзор литературы

// Наука и Здравоохранение. 2020. 5 (Т.22). С. 31-46. doi:10.34689/SH.2020.22.5.003

Zhanaspaev M.A., Bokembaev N.A., Tlemisov A.S., Toktarov E.N., Dzhunusov T.G., Bokembaeva A.A., Rakhanskaya

Ye.V. Modern methods of diagnosis and treatment of static deformity of theforefoot.Literature review // Nauka i

Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2020, (Vol.22) 5, pp. 31-46. doi:10.34689/SH.2020.22.5.003

Жанаспаев М.А., Бокембаев Н.А., Тлемисов А.С., Токтаров Е.Н., Джунусов Т.Г., Бокембаева А.А., Раханская Е.В.

Табанның статикалық деформациясын диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері.Әдебиеттік шолу // Ғылым

және Денсаулық сақтау. 2020. 5 (Т.22). Б. 31-46. doi:10.34689/SH.2020.22.5.003

Жүктеулер

Жарияланды

2026-01-26

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 > >> 

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.