SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

ӨМІР САЛТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАРЫ МЕН ЗАТ АЛМАСУ СИНДРОМЫНЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/2q55dr67

Кілт сөздер:

метаболикалық синдром, физикалық белсенділік, өмір салты, отырықшы өмір салты

Аңдатпа

Өзектілігі. Қазіргі таңда медицинада метаболизмдік синдром өзекті мәселе болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары метаболизмдік синдромды «ХХІ ғасырдың пандемиясы» деп сипаттады. Метаболизмдік синдром - ересек популяциялар арасында таралуы жоғары және бүкіл әлем бойынша қоғамдық денсаулық сақтау жүйелері үшін жоғары шығындары бар кардиометаболикалық қауіп факторларының бірі. ДДҰ деректері бойынша ересек популяцияда МС жиілігі 20-40% құрайды, ал келесі 20 жылда ол 50% артуы мүмкін. Аталған синдроммен тығыз байланысты асқынулары жүрек-қан тамырлары аурулары және 2 типті қант диабеті болып табылады. Mетаболизмдік синдромның жоғары жиілікте таралуына байланысты оны ерте анықтау асқынуларды уақтылы алдын алу үшін үлкен маңызға ие. Зерттеудің мақсаты: негізгі өмір салты факторлары және әлеуметтік-демографиялық факторлары мен метаболикалық синдромның даму қаупі арасындағы байланысты зерттеу. Зерттеудің материалдары мен әдістері. Бұл зерттеу Түркістан қаласындағы метаболикалық синдромды зерттеу жөніндегі «10 жылдық проспективті зерттеуде метаболикалық синдромы бар науқастардың тамақтану ерекшеліктерін, өмір салтын және комплаенттіліктің генетикалық аспектілерін зерттеу» (AP19676909) атты жобаның бір бөлігі болып табылады. Іріктемеге Х.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің емханасына тіркелген халықтан 552 адам қатысты. Зерттеуге шұғыл көмекті қажет ететін жедел жағдайлары, созылмалы ауыр декомпенсацияланған жағдайлары бар адамдар катыспады. Нәтижесі: Пациенттердің қорытынды іріктемесі 549 адамды құрады, себебі әлеуметтік-демографиялық факторлардың немесе липидтер мен көмірсулар алмасуының параметрлерінің бірі бойынша деректері жоқ қатысушылар статистикалық талдаудан алынып тасталды. Метаболикалық синдром және өмір салты көрсеткіштері арасындағы байланыс, соның ішінде жұмыс күні бойы отыру уақыты, физикалық белсенділік, көп өлшемді логистикалық регрессиялық талдау арқылы бағаланды. Метаболикалық синдром мен отыру уақыты арасындағы оң байланыс анықталды, ол жыныс, темекі шегу және алкогольді тұтыну сияқты потенциалды конфаундинг факторларға түзету жасағаннан кейін статистикалық маңыздылығын сақтап қалды. Керісінше, түзетілген логистикалық регрессиялық талдау нәтижесінде метаболикалық синдром және физикалық белсенділік деңгейі арасында статистикалық маңызды кері байланысы анықталды. Қорытынды: Зерттеу нәтижесінде біздің іріктеме қатысушыларында метаболикалық синдром дамуында реттелетін қауіп факторлары (отырықшы өмір салты, физикалық белсенділік деңгейі) статистикалық маңызды рөлін көрсетті. Метаболикалық синдромы бар пациенттерде реттелетін өмір салты факторларын түзету арқылы жекелендірілген тактиканы ұстану асқынулардың алдын алуға көмектеседі.

Автор өмірбаяндары

  • Айнур Турманбаева

    Master of medical sciences, 2nd year doctoral student on the educational program D141 Medicine (8D10110-«Medicine»), ORCID 0009-0004-4263-8157, Khoja Akhmet Yassawi International Kazakh-Turkish University, Turkistan city, Republic of Kazakhstan. Postal address: 161200, Republic of Kazakhstan, Turkestan, Bekzat Sattarkhanov Avenue, 29/3, E-mail: ainur.turmanbaeva@ayu.edu.kz; Phone: +7 747 816 93 37.

  • Карлыгаш Садыкова

    PhD, associate professor, head of «Special clinic subjects» department, ORCID 0000-0002- 9120-8565; Khoja Akhmet Yassawi International Kazakh-Turkish University; Turkistan city, Republic of Kazakhstan; e-mail: karlygash.sadykova@ayu.edu.kz, Phone: +7 707 731 64 76

  • Гульназ Нускабаева

    Candidate of medical sciences, associate professor, head of «Special clinic subjects» department, ORCID 0000-0003-2139-3221; Khoja Akhmet Yassawi International Kazakh-Turkish University; Turkistan city, Republic of Kazakhstan; e-mail: nuskabaeva.gulnaz@ayu.edu.kz, Phone: +7 705 285 31 31

  • Нурсултан Нурдинов

    PhD, senior lecturer, department of "Special clinic subjects", ORCID 0000-0001-5341-7211; International Kazakh-Turkish University named after H.A. Yassavi; Turkistan city, Republic of Kazakhstan; e-mail: nursultan.nurdinov@ayu.edu.kz; Phone: +7 705 378 78 91

  • Гульзат Сарсенбаева

    Candidate of Medical Sciences, Associate Professor, Head of the Department “Social health insurance and public health”, num: 87017496288, e-mail: gulzat.zh@mail.ru; https://orcid.org/0000-0002-1518-6528, JSC South Kazakhstan Medical Academy, Shymkent, Republic of Kazakhstan;

  • Канатжан Кемельбеков

    PhD., Head of the Department “Pediatrics-1, num: 87085334300, e-mail: kanat270184@mail.ru; https://orcid.org/0009-0008-1619-6278, JSC South Kazakhstan Medical Academy, Shymkent, Republic of Kazakhstan;

  • Айзат Сейдахметова

    Candidate of Medical Sciences, Head of the Department of "Emergency Medicine and Nursing", num: 87017671448, e-mail: aizat67@mail.ru; https://orcid.org/0000-0002-5794-3814, JSC South Kazakhstan Medical Academy, Shymkent, Republic of Kazakhstan;

Әдебиеттер тізімі

Turmanbayeva A.A., Sadykova K.Zh., Nuskabayeva G.O., Nurdinov N.S., Sarsenbayeva G.Zh., Kemelbekov K.S., Seidakhmetova A.A. The relationship between the main lifestyle factors and metabolic syndrome // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2024. Vol.26 (5), pp. 47-54. doi 10.34689/SH.2024.26.5.006

Турманбаева А.А., Садыкова К.Ж., Нускабаева Г.О., Нурдинов Н.С., Сарсенбаева Г.Ж., Кемельбеков К.С., Сейдахметова А.А. Взаимосвязь между основными факторами образа жизни и метаболическим синдромом // Наука и Здравоохранение. 2024. Т.26 (5). С. 47-54. doi 10.34689/SH.2024.26.5.006

Турманбаева А.А., Садыкова К.Ж., Нускабаева Г.О., Нурдинов Н.С., Сарсенбаева Г.Ж., Кемельбеков К.С., Сейдахметова А.А. Өмір салтының негізгі факторлары мен зат алмасу синдромының өзара байланысы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. Т.26 (5). Б. 47-54. doi 10.34689/SH.2024.26.5.006

Жүктеулер

Жарияланды

2025-11-07

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 106

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.