SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

ІРІҢДІ МЕНИНГИТТЕРДІҢ ЕРТЕ ДИАГНОСТИКАСЫ СҰРАҒЫНА

Авторлар

  • Ольга Пономарева Автор
  • Алина Батулина Автор
  • Елена Карасева Автор
  • Кира Агеева Автор
  • Владимир Мартынов Автор

DOI:

https://doi.org/10.34689/bp79td33

Кілт сөздер:

бактериальды менингит , асептикалық менингит , асқыну , салыстырмалы диагностика

Аңдатпа

Кіріспе. Бактериальды менингиттердің (іріңді) жазылуы антибиотикалық терапияның уақытында басталуына
байланысты, сол себепті эмпирикалық антибиотикотерапияның басталуы үшін бірден іріңді менингитті серозды
менингиттен дифференциация жасау маңызды болып саналады. Жиі менингиті бар науқастарды профильді
ауруханаға госпитализациялау ауруханаға жатқызылмай тұрған кезеңде ЖРВИ, МЖҚБ (ОНМК), БСЖ (ЧМТ) және
т.б.диагноздардың қойылуына байланысты кешеуілдейді.
Бұл статьяда бактериальды менингиттің ерте диагностикасы жайлы сұрақтар қарастырылады. Біз науқастарда
бактериальды менингиттердің дереу уақытында анықтауға болатын бағалау чек-парақтарын ұсынамыз.
Зерттеу мақсаты: бактериальды менингиттің клиникалық көрінісі, люмбальды пункция, ЖҚА арқылы ерте
диагностикалайтын маңызды белгілерді анықтау.
Материалдар мен әдістер: бактериальды және серозды менингиті бар науқастарға 32 ауру тарихынан
ретроспективті анализ жүргізілді, статистикалық анализге Microsoft Office Excell 2016 (Microsoft, США) және Statistica
10 (Statsoft lnc,США) программалары қолданылды.
Зерттеу қорытындылары: жұмыс барысында іріңді менингиттің серозды менингиттен ерекшеленетін белгілер
анықталды: ес бұзылысы, қанда лейкоциттердің деңгейі > 10х10/9 кл\л, ликвор цитозы > 150кл\мкл, ликворда
нейтрофильдер көлемі› 30% (р <0,05).
Қорытынды: бактериальды менингиттің диагностикасы комплексті түрде жүргізілуі керек. Бактериальды
менингиттің анықталуына және қысқа уақытта АБ терапияның тағайындалуына науқастарды қарау және
минимальды лабораторлы зерттеулер (ликвор цитозы, ликворда нейтрофилдер көлемі, қанда лейкоциттер) анықтау
жеткілікті.

Автор өмірбаяны

  • Елена Карасева

    ассистент кафедры инфекционных болезней ФГБОУВО «Рязанский
    государственный медицинский университет имени академика И.П. Павлова» МЗ РФ, г. Рязань (Россия) 

Әдебиеттер тізімі

Пономарева О.В., Батулина А.Р., Карасева Е.А., Агеева К.А., Мартынов В.А. К вопросу ранней диагностики

гнойных менингитов // Наука и Здравоохранение. 2020. 4 (Т.22). С. 119-125. doi 10.34689/SH.2020.22.4.012

Ponomareva O.V., Batulina A.R., Karaseva E.A., Ageeva K.A., Martynov. V.A., To the issue of early diagnosis of

bacterial meningitis // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2020, (Vol.22) 4, pp. 119-125. doi

10.34689/SH.2020.22.4.012

Пономарева О.В., Батулина А.Р., Карасева Е.А., Агеева К.А., Мартынов В.А. Іріңді менингиттердің ерте

диагностикасы сұрағына // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2020. 4 (Т.22). Б. 119-125. doi 10.34689/SH.2020.22.4.012

Жүктеулер

Жарияланды

2026-01-26

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.