SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНА БӚЛІМШЕСІНДЕ ЖҮРЕК-ӚКПЕРЕАНИМАЦИЯСЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ АСҚЫНУЛАРДЫ БАҒАЛАУ

Авторлар

  • Handan Çiftci Автор
  • Yasemin Yilmaz Aydin Автор
  • Aylin Erkek Автор
  • Sevilay Vural Автор
  • Hayri Ramadan Автор
  • Figen Coskun Автор

DOI:

https://doi.org/10.34689/cq6yzz08

Кілт сөздер:

жүрек-өкпе реанимациясы , асқынулар , қабырға сынуы , төстің сынуы

Аңдатпа

Кіріспе: Реанимация әдістері әдетте жүрек қызметі тоқтаған емделушілерде өздігінен қан айналымын қалпына
келтіру үшін қолданылады. Алайда, осы реанимациялық іс-шаралар кезінде асқынулар сөзсіз.
Мақсаты: Ересектерге арналған шұғыл көмек бөлімшесінде жүрек-өкпе реанимациясынан (ЖӨР) туындаған
асқынуларды, сондай-ақ осы асқынуларды бағалау үшін қолданылатын диагностикалық құралдарды бағалау.
Әдістері: Бұл проспективалық зерттеу 2012 жылдың 1 маусымынан 2013 жылдың 30 мамырына дейін Анкара
қаласының оқу-зерттеу госпиталінің шұғыл медицина бөлімінде жүргізілді. Зерттеуге қатысушылар-ауруханаға
жедел жәрдем көлігімен, туыстарымен, достарымен немесе таныстарымен жеткізілген жүректің жарақаттық емес
тоқтауы бар 18 жастан асқан пациенттер. Сондай-ақ, зерттеуге бөлімшеде емдеу кезінде жүрек тоқтауы пайда
болған пациенттер енгізілген..
Нәтижелер: Зерттеуге 136 пациент енгізілді, оның ішінде 59 әйел (43,4%) және 77 ер адам (56,6%) жүрек
тоқтаған. Спонтанды қан айналымының қалпына келуі 62 пациентте (45,6%) байқалды, ал 74 пациентте (54,4%)
қайтыс болды деп танылды. Қабырғалардың сынуы пациенттердің 36,7% - да, төс сынуы 33,8% - да, пневмоторакс
2,9% - да және бауырдың зақымдануы 0,7% - да анықталды. Қабырғалар сынықтарының тек 30,9% - ы ғана кеуде
қуысының рентгенографиясы арқылы анықталғанына қарамастан, кеуде қуысының рентгенографиясы
ультрадыбыстық зерттеуден (р<0,005) асып түседі. Қабырға сыну диагнозы кеуде қуысының аралас
рентгенографиясында және УДЗ 19,8% - да қол жеткізілген.
Қорытынды: ЖӨР-ның ең жиі асқынуы қабырға мен төстің сынуы болып табылатыны анықталды. Нәтижелер
сондай-ақ, кеуде рентгенографиясын және УДЗ ұштастыра отырып, ЖӨР-мен байланысты асқынуларды бағалау
диагностиканың дәлдігін арттыра алады. 

Автор өмірбаяны

  • Handan Çiftci

    MD

Әдебиеттер тізімі

Çiftçi H., Aydın Ya.Yı., Erkek A., Vural S., Ramadan H., Coşkun F. Evaluation of complications associated with

cardiopulmonary resuscitation in emergency department // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2020, (Vol.22)

3, pp. 98-104. doi 10.34689/SH.2020.22.3.012

Чифтчи Х., Айдын Я.Й. Эркек А., Вурал С., Рамадан Х., Кошкун Ф. Оценка осложнений, связанных с сердечнолегочной реанимацией в отделении неотложной медицины // Наука и Здравоохранение. 2020. 3(Т.22). С. 98-104. doi

10.34689/SH.2020.22.3.012

Чифтчи Х., Айдын Я.Й. Эркек А., Вурал С., Рамадан Х., Кошкун Ф. Шұғыл медицина бөлімшесінде жүрек-өкпе

реанимациясымен байланысты асқынуларды бағалау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2020. 3 (Т.22). Б. 98-104.

doi 10.34689/SH.2020.22.3.012

Жүктеулер

Жарияланды

2026-01-27

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.