БАЛАЛАР КАРДИОХИРУРГИЯЛЫҚ БӚЛІМІНДЕГІБАКТЕРИЯЛАРДЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ
DOI:
https://doi.org/10.34689/300bw787Кілт сөздер:
бактериалдық инфекциялар , бактериялардың тұрақтылығы , микробиологиялық мониторингАңдатпа
Осы зерттеудің мақсаты балалар кардиохирургиясы бөлімшесінде жүрекке және ірі тамырларға ота
жүргізілгеннен кейінгі инфекциялық асқынулардың негізгі қоздырғыштарының бактериалдық құрылымын және
антибиотикке төзімділігінің деңгейін анықтау болып табылады.
Әдістер: 2010 мен 2019 жылдар аралығында балалар кардиохирургиясы бөлімшесінің пациенттерінен алынған
2816 клиникалық үлгілердің (қан культурасы, жара бөліндісі, тыныс жолдары, орталық веноздық катетер,
трахеобронхиалды ағаштан алынған катетер және т.б.) проспективті микробиологиялық зерттеуі жүргізілді.
Оқшауланған изоляттардың анықтау және олардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау Vitek 2 - Compact
автоматты микробиологиялық анализаторында жүргізілді.
Нәтижелер: Зерттеу бойынша кезеңіндегі жиі қоздырғыштар анықталды: оқшауланған микроорганизмдердің
жалпы санынан Pseudomonas aeruginosa - 19,7%, Klebsiella pneumoniae - 16%, Staphylococcus aureus - 13,2%,
Acinetobacter baumannii - 8,8% құрады. Динамикада Ps.aeruginosa үшін 16,1% -дан 30,2% -ға дейін (p = 0.048),
K.pneumoniae үшін 7,5% -дан 19,3% -ке дейін (p = 0.014) анықтау жиілігінің жоғарылауы белгіленеді. Бұл штаммдар
III-IV буынды цефалоспориндерге, хинолондар мен карбапенемдерге қарсы төзімділігінің едәуір артуы
тенденциясын көрсетеді.
Қорытынды: балалар кардиохирургиясы бөлімшесінде Ps.aeruginosa және K.pneumoniae штамдарының
анықталу жиілігі мен олардың төзімділігінің артуы медициналық персоналдың тиісті гигиенасын, микробиологиялық
мониторинг пен ауруханаішілік бақылауды қосатын жақсы құрастырылған инфекциялық бақылау стратегиясын
жасау қажет етеді де, бұл нозокомиялдық инфекцияларға шалдығу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.
Әдебиеттер тізімі
Бисенова Н.М., Ергалиева А.С. Исследование резистентности к антибиотикам в отделении детской
кардиохирургии // Наука и Здравоохранение. 2020. 3(Т.22). С. 105-110. doi 10.34689/SH.2020.22.3.013
Bissenova N.M., Yergaliyeva A.S. Antibiotic resistance surveillance in a pediatric cardiac surgery // Nauka i
Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2020, (Vol.22) 3, pp. 105-110. doi 10.34689/SH.2020.22.3.013
Бисенова Н.М., Ергалиева А.С. Балалар кардиохирургиялық бөліміндегі бактериялардың тұрақтылығы // Ғылым
және Денсаулық сақтау. 2020. 3 (Т.22). Б. 105-110. doi 10.34689/SH.2020.22.3.013
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Неля Бисенова, Айгерим Ергалиева (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.