SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

"АУРУДЫҢ ҚҰНЫ" ТАЛДАУЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН ОҢАЛТУҚЫЗМЕТТЕРІН КӚРСЕТУ ТӘЖІРИБЕСІН БАҒАЛАУ

Авторлар

  • Тогжан Секеева Автор

DOI:

https://doi.org/10.34689/kzafa878

Кілт сөздер:

«аурудың құны» талдауы , фармакоэкономика , оңалту

Аңдатпа

Кіріспе: Ауру ауыртпалығын түсіну, соның ішінде ағымдағы басқару және осыған байланысты шығындар,
өнімнің құны және нарыққа қол жеткізу қызметі бойынша кез келген ұсыныс үшін негізгі негізді қамтамасыз етеді.
«Аурудың құны» талдауы және осы әдісті қолдана отырып жарияланым төлеушілердің Денсаулық сақтау жүйесі
мен қоғам үшін ауырсыну жағдайларының құны туралы хабардар болуын арттыру үшін маңызды құрал болып
табылады. Мұндай талдаудың нәтижелері мемлекеттік саясат мәселелерін талқылау кезінде пайдалы және
саясатты айқындайтын тұлғаларға қаржыландыруды қайда шоғырландыру керектігін анықтауға көмектесе алады.
Зерттеудің мақсаты: "Шығыс Қазақстан облыстық оңалту орталығы" ШЖҚ КМК деректері негізінде оңалту
деңгейінде "аурудың құны " талдауын жүргізу.
Зерттеу материалдары мен әдістері. Зерттеуде "аурудың құны" (COI - Cost of illness) талдауына негізделген
әдісті қолдану арқылы оңалту қызметтерін бағалау жүргізілді. Бұл көрсеткіш тікелей медициналық шығындар +
тікелей емес медициналық шығындар + жанама шығындар формуласы бойынша есептеледі. Оңалтуға тікелей
медициналық шығындарды талдау үшін деректер 2019 жылы "ШҚО оңалту орталығы" ШЖҚ РМК "СНЭТ
(стационарлық науқастың электрондық тіркелімі)" ақпараттық жүйесінен алынды. Деректер M (SD), Me (Q1,Q3)
ұсынылды, есептеулер SPSS for Windows version 20.0-де жүргізілді.
Зерттеу нәтижелері. Оңалтуды қажет ететін ең жоғары шығынды топ Z 92.5 тобы болып табылады "жеке
сыртартқысында оңалту процедуралары" жалпы топ ішінде де, топтар арасында да теңгемен шығындардың жоғары
вариабельділігі байқалады (m (SD); Me (Q1, Q3)): 84408 (14399), 88433 (13473), 49603 (11824), 58742 (54189, 64876).
Дегенмен, пациенттің төсек-күндерде болуының нақты құны айтарлықтай жоғары және айына 183218 теңгені
құрайды. Уақытша еңбекке жарамсыздық оңалтуды қажет ететін 1 адамға жылына 89180 теңгені құрайды.
Емделушілер арасында мүгедектердің төмен санына қарамастан (5% - дан кем) төлеуге жанама шығындар
мүгедектік тобына байланысты айына 30886-дан 57021 теңгеге дейін өзгеруі мүмкін.
Тұжырымдар. "Аурудың құны" талдау әдісімен бағалау шешім қабылдайтын тұлғаларға аурулардың
ауыртпалығын төмендету мақсатында одан әрі талдау жұмыстары үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Автор өмірбаяны

  • Тогжан Секеева

    магистрант профильного направления факультета «Общественное
    здравоохранение», НАО «Медицинский университет Семей», г. Семей, Республика Казахстан. 

Әдебиеттер тізімі

Секеева Т.М. Оценка опыта оказания реабилитационных услуг основанная на анализе «стоимость болезни» //

Наука и Здравоохранение. 2020. 3(Т.22). С. 119-126. doi 10.34689/SH.2020.22.3.015

Sekeeva T.M. Assessment of the experience of providing rehabilitation services based on the analysis of the ―cost of

illness‖ // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2020, (Vol.22) 3, pp. 119-126. doi 10.34689/SH.2020.22.3.015

Секеева Т.М. "Аурудың құны" талдауына негізделген оңалту қызметтерін көрсету тәжірибесін бағалау // Ғылым

және Денсаулық сақтау. 2020. 3 (Т.22). Б. 119-126. doi 10.34689/SH.2020.22.3.015

Жүктеулер

Жарияланды

2026-01-27

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.