ШАШЫРАНДЫ СКЛЕРОЗБЕН НАУҚАСТАРДА ДЖОН КАННИНГЕМВИРУСЫНА ҚАРСЫ АНТИДЕНЕЛЕРДІҢ ТАРАЛУЫН АНЫҚТАУ –ОСЫ ДЕРТ КЕЗІНДЕГІ ҮДЕМЕЛІ МУЛЬТИФОКАЛЬДЫЛЕЙКОЭНЦЕФАЛОПАТИЯ ҚАУІП –ҚАТЕРІНІҢСТРАТИФИКАЦИЯСЫ РЕТІНДЕ
DOI:
https://doi.org/10.34689/knv4pq15Кілт сөздер:
Джон Каннингем вирусы (JCV) , үдемелі мультифокальды лейкоэнцефалопатия , шашыранды склероз , натализумабАңдатпа
Кіріспе. Үдемелі мультифокальды лейкоэнцефалопатия (ҮМЛ) - Джон Каннингем вирусымен шақырылған (JCV)
орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) ақ затының сирек кездесетін және ауыр демиелинизациялық ауруы.
Невропатологтар үшін JCV инфекциясы натализумабпен емделген шашыранды склерозбен (ШС) екі науқаста ҮМЛ
жағдайы пайда болғаннан кейін маңызды болды.
Мақсаты: Шашыранды склерозбен науқастардағы Джонн Каннингем (ДК) вирусына қарсы антиденелердің
таралуын зерртеу және оның клиникалық, демографиялық сипаттамасын және ДК вирусына қарсы серопозитивтілік
пен серонегативтіліктің арасындағы байланысты анықтау.
Материалдары мен әдістері. Біз 2018 жылдың сәуірінен бастап 2019 жылдың маусымына дейін Алматы
қаласындағы Шашыранды склероз орталығында тіркелген ШС науқастарының деректер базасына ретроспективті
бағалау жүргіздік. Науқастарға диагноз 2017 жылғы MacDonald'sтың қайта қаралған критерийлеріне сүйене
қойылған. Бірнеше факторлар қарастырылды, жасы, жынысы, ұлты, ауру ағымының ұзақтығы, сонымен қатар
кеңейтілген мүгедектілік дәрежесі EDSS бойынша орташа бағасы, JCV антиденесін анықтауға дейінгі танымдық
бұзылыстарын MOCA сынамасы бойынша және ағымдағы иммунотерапиясының байланысы зерттелді. Анти-JCV
антиденесінің серопозитивтілігі, оның демографиялық және ауру сипаттамалары арасындағы байланыс бағаланды.
Нәтижесі. ШС –бен науқастардағы JC вирусына қарсы антиденелерді зерттеуге қатысқан 71 науқастың 76.1%
(54) әйел адам және ер адам 23.9% (17) құрады. Ортаңғы жас көлемі 41.2 ± 11.4, ал аурудың ұзақтығы 11.9 ± 8.7 жыл. 77.5% (55) ШС рецидивирирлеуші – ремиттирлеуші ағымында, ал зерттеу тобындағы EDSS бағамы 3.75 ± 1.45
баллды құрады. JCV қарсы антиденеледің серопозитивтілігінің таралуы 85.9% (61) құрады, оның 73.8% үлесі әйел
науқастарда тиесілі.
Қорытынды. Осылайша, зерттеу нәтижесі ШС-бен ауыратын науқастарда JCV – қарсы антиденелердің жоғары
таралуын растады, ол 85.9% құрады. Бүгінгі күнге дейін жүргізілген зерттеулер ҮМЛ қаупін бағалауда JCV -қарсы
антиденелерді болжамды анықтаудың мәнінің зор екендігін анықтады, алайда JCV деңгейінің өзгеріп
тұратындығын ескеру қажет.
Әдебиеттер тізімі
Шарапханова А.М., Каменова С.У., Кужыбаева К.К., Кондыбаева А.М. Распространенность антител против вируса
Джона Каннингема у пациентов с рассеянным склерозом – как стратификация степени риска прогрессирующей
мультифокальной лейкоэнцефалопатии при данном заболевании // Наука и Здравоохранение. 2020. 1 (Т.22). С.64-71.
doi:10.34689/SH.2020.22.1.007
Sharapkhanova A.M., Kamenova S.U., Kuzhybaeva K.K., Kondybayeva A.M. The prevalence of antibodies against John
Cunningham virus in patients with multiple sclerosis – as a stratification of the progressive multifocal leukoencephalopathy
risk degree at this disease // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2020, (Vol.22) 1, pp. 64-71.
doi:10.34689/SH.2020.22.1.007
Шарапханова А.М., Каменова С.У., Кужыбаева К.К., Кондыбаева А.М. Шашыранды склерозбен науқастарда Джон
Каннингем вирусына қарсы антиденелердің таралуын анықтау – осы дерт кезіндегі үдемелі мультифокальды
лейкоэнцефалопатия қауіп – қатерінің стратификациясы ретінде // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2020. 1 (Т.22). Б.
64-71. doi:10.34689/SH.2020.22.1.007
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Акшолпан Шарапханова, Салтанат Каменова, Карлыгаш Кужыбаева, Аида Кондыбаева (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.