SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

КЕСАРЬ ТІЛІГІ ЖИІЛІГІНІҢ КӨРСЕТКІШІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОНЫ ТӨМЕНДЕТУ МҮМКІНДІКТЕРІН ІЗДЕУ ҮШІН РОБСОН КЛАССИФИКАЦИЯСЫН ҚОЛДАНУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/aj4jw266

Кілт сөздер:

Робсон әдістеме, кесарь тілігі, босану индукциясы, босанған әйелдер, босану, төмендету резерві

Аңдатпа

Мақсаты. Акушерлік стационарлардың жұмысын талдауда Робсон әдісін қолдана отырып, оны төмендету мүмкіндіктерін іздеу үшін кесарькесарь тілігі жиілігінің көрсеткішін бағалау.
Зерттеу материалдары мен әдістері. Ретроспективті зерттеу "Астана медицина университеті" КЕАҚ «№2 акушерлік және гинекология» кафедрасының және "Семей медицина университеті" КЕАҚ Павлодар қаласы филиалының «Акушерлік және гинекология» кафедрасының клиникалық базаларында жүргізілді. 2023 жылдың 4 тоқсанында Астана қаласының №1 КҚА (ММ А) бойынша 3087 босану тарихы және Павлодар қаласының №1 ПОПО (ММ Б) бойынша 1022 босану тарихы талданды. Деректер MS Excel 2017 бағдарламасында алдын ала өңделген. Статистикалық нәтиже үшін студенттің Т-критерийі қолданылды. Нәтижелер. MМ A және Б бойынша босану саны сәйкесінше, 3087 және 1022 құрайды. ММ А – да босану арасындағы кесарь тілігінің үлесі 23,94%, ал ММ Б - 22,31% құрайды. Босанудың жалпы саны-4109. Зерттеу барысында ММ А-да келесі топтар мен іштоптар кесарь тілігінің жалпы жиілігіне ең үлкен үлес қосқаны анықталды: 5а-158( 21,21%); 5б– 130 (17,45%); 10– 78 (10,46%); 4б-76( 10,20%), сондай-ақ 2а және 2б – сәйкесінше, 68 және 63 (9,13% және 8,46%). Абдоминальды жолмен босану жиілігі бойынша ММ Б-да кесарь тілігінің жалпы жиілігіне ең көп үлес қосқан топтар мен іштоптар: 5б (27,19%); 5а (15,79%); 2а (7,89%); 6 және 10 (әрқайсысы 7,46%). Қорытынды. Астана қаласының №1 КҚА-ның акушерлік блогында 3, 6 және 7-ші топта кесарь тілігі жиілігінің салыстырмалы түрде төмен көрсеткіштері атап өтілді, бұл медициналық қызметкердің таза жамбаспен келу жағдайында босандыру дағдыларының жетік меңгергендіктерін көрсетеді. Б мекемесі үшін бұл топтар сыртқы акушерлік бұрылысты жүргізу және таза жамбаспен келу жағдайында босандыру дағдыларын үйрету арқылы кесарь тілігі жиілігін төмендетуге арналған резерв болып табылады. Астана қаласының №1 КҚА-ның акушерлік блогында 4б - 10,20% (2,19%) және 5 - 21,21% (15,79%) топтарында кесарь тілігінің салыстырмалы жоғары жиілігі босану индукциясының тиімділігіне аудит жүргізу арқылы абдоминальді жолмен босануы жиілігін төмендету резерві болып табылады. 5-топта медициналық ұйым босану саясатын табиғи жолмен босандыруға бағыттай отырып қайта қарау қажет.

Автор өмірбаяндары

  • Жансулу Акылжанова

    Candidate of Medical Sciences, Associate Professor of the Department of Obstetrics and Gynecology No. 2. NJSC "Astana Medical University" Astana, Republic of Kazakhstan, +77014998464 https://orcid.org/0000-0001-6855-127X

  • Гульяш Танышева

    PhD, Head of the Department of Obstetrics and Gynecology, NJSC "Semey Medical University", Semey, Republic of Kazakhstan, + 7 777 153 53 57 https://orcid.org/0000-0001-9531-5950

  • Эльмира Гасанова

    Assistant at the department of emergency medicine, obstetrics and gynecology, Pavlodar branch of the NpJSC "Semey Medical University", +77014433822, https://orcid.org/0000-0003-1212-7132

  • Гульшат Билялова

    PhD, Associate Professor of the Department of Obstetrics and Gynecology N°2, NpJSC "Astana Medical University", Astana, Republic of Kazakhstan, +77015177525 https://orcid.org/0009-0003-3621-967X

  • Дана Нурмагамбетова

    Master of Medicine, Assistant of the Department of Obstetrics and Gynecology №2, NJSC "Astana Medical University", Astana, Republic of Kazakhstan, +77083161371, https://orcid.org/0009-0003-9456- 1721

  • Алуа Ахметова

    3rd year resident of the Department of Obstetrics and Gynecology N°2 NJSC "Astana Medical University", Astana, Republic of Kazakhstan, +77475016172, https://orcid.org/0009-0002-6051-6984

  • Әйгерім Сулейменова

    3 rd year resident of the Department of Obstetrics and Gynecology N°2 NpJSC "Astana Medical University", Astana, Republic of Kazakhstan, +77076764001, https://orcid.org/0009-0006-7675-5946

  • Сабина Ұлан

    3rd year resident of the Department of Obstetrics and Gynecology N°2 NJSC "Astana Medical University", Astana, Republic of Kazakhstan, +77761092099, https://orcid.org/0009-0008-7922-9153

  • Назерке Нурмахан

    2nd year resident of the Department of Obstetrics and Gynecology N°2 NJSC "Astana Medical University", Astana, Republic Kazakhstan, +77085864301, https://orcid.org/0009-0007-7140-5477

Әдебиеттер тізімі

Akylzhanova Zh.E., Tanysheva G.A., Gasanova E.Z., Bilyalova G.T., Nurmagambetova D.M., Akhmetova A.B., Suleimenova A.P., Ulan S.M., Nurmakhan N.S. Using the Robson classification to estimate the caesarean section rate and look for ways to reduce it // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2024. Vol.26 (5), pp. 121-128. doi 10.34689/SH.2024.26.5.016

Акылжанова Ж.Е., Танышева Г.А., Гасанова Э.З., Билялова Г.Т., Нурмагамбетова Д.М., Ахметова А.Б., Сулейменова Ә.С., Ұлан С.М., Нурмахан Н.С. Применение классификации Робсона для оценки показателя частоты кесарева сечения и поиска возможностей его снижения // Наука и Здравоохранение. 2024. Т.26 (5). С. 121-128. doi 10.34689/SH.2024.26.5.016

Акылжанова Ж.Е., Танышева Г.А., Гасанова Э.З., Билялова Г.Т., Нурмагамбетова Д.М., Ахметова А.Б., Сулейменова Ә.С., Ұлан С.М., Нурмахан Н.С. Кесарь тілігі жиілігінің көрсеткішін бағалау және оны төмендету мүмкіндіктерін іздеу үшін Робсон классификациясын қолдану // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. Т.26 (5). Б. 121-128. doi 10.34689/SH.2024.26.5.016

Жүктеулер

Жарияланды

2025-11-07

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 > >> 

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 70

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.