СИРАҚ СҮЙЕКТЕРІНІҢ ДИАФИЗАРЛЫ СЫНЫҚТАРЫ КЕЗІНДЕГІЕМДЕУ. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ
DOI:
https://doi.org/10.34689/swnj1485Кілт сөздер:
диафизарлы сынықтар , асықты жілік , емдеуАңдатпа
Өзектілігі. Әр түрлі деректер бойынша сирақ сүйектерінің сынықтары 13 тен 21,4 % ға дейін құрап, барлық
тірек-қимыл жүйесінің жарақаттарының алғашқы орынын немесе аяқ сүйектерінің сынықтарының 64,3 – 70% ын
құрайды. Сирақ сүйектерінің сынықтары 100000 адамға шаққанда 26-32 адам жиілігін құрап отыр.
Мақсаты: Сирақ сүйектерінің сынықтарын емдеудегі отандық және шетелдік ғалымдардың әдебиеттерін оқу
және талдау.
Ізденіс стратегиясы: Ғылыми информациялардың жүйелі ізденісі Google Scholar, eLibrary.ru, PubMed,
Сyberleninka базаларында және де қолмен жүргізілді. Ізденіс тереңділігі 1967 жылдан 2017 жылға дейін 40 жылды
құрады. Ізденіс барысында табылған сирақ сүйектерінің барлық сынықтары туралы жазылған 50 000 орыс тіліндегі
және 525 000 ағылшын тіліндегі әдебиеттердің ішінде 7800 және 118 000 әдебиеттер ғана сирақ сүйектерінің
диафизінің сынығына арналған болды. Біз сирақ сүйектерінің сынықтары кезінде қолданылатын барлық ем
түрлерінің көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштерін, артықшылықтары мен кемшіліктерін талдадық. Қосу
критериилері: жүйелі шолулар, толық түрдегі мақалалар, клиникалық рандомизирленген және
рандомизирленбеген зерттеулердің түрлері. Алу критериилері: жарнамалық мақалалар, газеттердегі мақалалар,
баяндама тұжырымдары, жеке хаттамалар.
Ізденіс қорытындысы: Сирақ сүйектерінің сынықтарын консервативті түрде емдеуде екі түрлі бағыт арқылы
ем жүргізуге болатындығы анықталды. Соңғы жылдары консервативті емнен басқа травматологияда сирақ
сүйектерінің сынықтарын сүйек арқылы ошақтан тыс остеосинтез кеңінен қолданылуда. Аталған әдіс осындай
сынықтар кезінде басқа ем әдістерін қолдануға мүмкіндік болмаған жағдайда да сынықтардың тұрақтылығын
мықты сақтауға мүмкіндік береді. Сирақ сүйектерінің басқа сегменттерден анатомиялық ерекшеліктеріне
байланысты сүйекүстілік остеосинтез қолдануға мүмкіндік аз болып табылады.
Эндостальді некроз бен жүйелі майлы эмболия сияқты асқынулары болуына қарамастан сүйекішілік
остеосинтез ұзын түтікшелі сүйектердің сынықтарының емі кезінде қолданылатын жалпы қабылданған стандарт
болып есептеледі.
Әдебиеттер тізімі
Токтаров Е.Н., Жанаспаев М.А., Тлемисов А.С., Джунусов Т.Г., Мысаев А.О., Касымов К.Т. Лечение
диафизарных переломов костей голени. Обзор литературы // Наука и Здравоохранение. 2018. 6 (Т.20). С. 58-69.
Toktarov Ye.N., Zhanaspaev M.А., Tlemissov A.S., Dzhunusov T.G., Myssayev A.О., Kassymov K.T. Treatment of tibial
shaft fracture. Literature review. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2018, (Vol.20) 6, pp. 58-69.
Токтаров Е.Н., Жанаспаев М.А., Тлемисов А.С., Джунусов Т.Г., Мысаев А.О., Касымов К.Т. Сирақ сүйектерінің
диафизарлы сынықтары кезіндегі емдеу. Әдебиеттік шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2018. 6 (Т.20). Б. 58-69.
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Ернар Токтаров, Марат Жанаспаев, Айдос Тлемисов, Талгат Джунусов, Аян Мысаев, Куаныш Касымов (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.