D ДӘРУМЕН РЕЦЕПТОРЫ BSMI, APAI ПОЛИМОРФИЗМДЕРІНІҢ ЕРЕСЕК АДАМДАРДАҒЫ СҮЙЕК ТІНІНІҢ МИНЕРАЛЬДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫНЫҢ ТӨМЕНДЕУІНЕ ӘСЕРІ. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ.
DOI:
https://doi.org/10.34689/efa3gy86Кілт сөздер:
остеопороз, BSMI, ApaI, VDR гені, сүйектің минералды тығыздығы, D дәруменіАңдатпа
Кіріспе. Остеопороз сыну қауіптілігі мен сүйектің жоғары сынғыштығына әкелетін, сүйектің минеральды
тығыздығының төмендеуімен сипатталатын қаңқаның жүйелі ауруы болып табылады. Остеопороздың жоғары
таралымы 18,3% құрайды. Жыныс пен генетика остеопороздың модифицирленбеген (өзгермейтін) қауіп
факторларына жатқызылады, сонымен қатар басқа факторлар модифицирленген, яғни өзгермелі факторларға
жатқызылады, мысалы, емдәм, физикалық белсенділік және өмір сүру салты. VDR генетикалық өзгергіштігінің ОП
патогенезіндегі маңызы әлі толық зерттелмеген. Соңғы жылдары VDR гені мен остеопороз даму қаупі арасындағы
байланысты анықтау үшін көптеген зерттеулер жүргізілді, ол остеопорозбен генетикалық байланыста этникалық
айырмашылықтың болуын болжамдайды. Бірақ әлі де өткізілген зерттеулер нәтижелерінде оның әсері бойынша
толық дәлел жоқ.
Шолудың мақсаты бұл D дәрумені маңыздылығы мен сүйектің минеральды тығыздығы төмендеуіне BsmI,
ApaI полиморфизмдерінің байланысын анықтау.
Әдістері. Іздеу стратегиясы: PubMed, Google Academy электронды базаларында "остеопороз", "BsmI", "ApaI",
"VDR гені", "сүйектің минералды тығыздығы", "D дәрумені" түйін сөздер бойынша жүйелі іздеу жүргізілді. Бұл іздеу
2014 жылдан 2024 жылға дейін жарияланған ағылшын тіліндегі зерттеулермен шектелді.Барлығы 24 мақалаға шолу
жасалынды. Шолу жүргізу барысында авторлар талаптарға сай келетін мақалаларды жинақтап, сай келмейтін
мақалаларды алып тастады.
Қорытынды. Әртүрлі популяцияларда жүргізілген зерттеу нәтижелерінде VDR генінің сүйектің минеральды
тығыздығына әсері анықталғанымен, бұл салада туындаған көптеген сұрақтар соңына дейін зерттелмеген. VDR
гені полиморфизмдерін зерттеу әртүрлі популяцияларда сүйектің минеральды тығыздығына әсерін анықтау әр
алуан нәтиже көрсетуі мүмкін екені дәлелденген.
Әдебиеттер тізімі
Madiyeva M., Kaskabayeva A., Kultumanova N., Bersimbekova G., Kanapiyanova G., Sarmanova Zh., Sabyrkyzy M. The Role of BsmI and ApaI Polymorphisms of the Vitamin D Receptor Gene in the Development of Low Bone Mineral Density in Adults. Literature Review // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2024. Vol.26 (6), pp. 115-121. doi 10.34689/SH.2024.26.6.014
Maдиева M., Каскабаева А., Культуманова Н., Берсимбекова Г., Канапиянова Г., Сарманова Ж., Сабыркызы М. Роль полиморфизмов BsmI, ApaI гена рецептора витамина D в развитии низкой минеральной плотности костной ткани у взрослых. Обзор литературы // Наука и Здравоохранение. 2024. Т.26 (6). С. 115-121. doi 10.34689/SH.2024.26.6.014
Maдиева M., Каскабаева А., Культуманова Н., Берсимбекова Г., Канапиянова Г., Сарманова Ж., Сабыркызы М. D дәрумен рецепторы BsmI, ApaI полиморфизмдерінің ересек адамдардағы сүйек тінінің минеральды тығыздығының төмендеуіне әсері. Әдебиеттік шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. Т.26 (6). Б. 115-121. doi 10.34689/SH.2024.26.6.014
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Рецензируемый медицинский научно-практический журнал «Наука и здравоохранение»

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.