SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

ПАТЕЛЛОФЕМОРАЛДЫ ОСТЕОАРТРИТ:ТІЗЕ БУЫНЫ ОСТЕОАРТРИТІНІҢ МАҢЫЗДЫ ТОПШАСЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/3m5k5a27

Кілт сөздер:

пателлофеморалды буын , остеоартрит , тибиофеморалды буын , пателлофеморалды

Аңдатпа

Өзектілігі. Остеоартрит (ОА) заманауи медицинаның өзекті мәселелерінің бірі, бұл аурудың
ұдайы өсуімен, науқастарды емдеу мен инвалидизациялаудың экономикалық шығындарымен
дәлелденеді. Тізе буыны үш компонентті болғандықтан, аурудың радиологиялық көріністері өте
көп. Пателлофеморалды буын (ПФБ) жиі зақымдалатын бөлімдердің бірі болып табылады. ПФБ
ОА жиі байқалса да, бұл нақты аурулар топшасы айтарлықтай деңгейде танылмаған.
Жақындағы зерттеулер ПФБ тізе буыны ОА белгілерінің ғана маңызды көзі болып табылатынын
көрсетпейді, сонымен қатар ПФБ ОА бар адамдар жамбас-сан буынының ОА тибиофеморалды
буыны (ТФБ) кезінде байқалатын белгілерден ерекшеленетін ауру белгілерін көрсетеді. Бұл ПФБ
ОА бар науқастарды бағалау мен емдеуде маңызды.
Аталған шолудың мақсаты: ПФБ ОА неге жеке клиникалық бірлік ретінде қарастыру
керектігін дәлелдейтін мәліметтер мен емдеудің фармакологиялық емес, консервативті
әдістерін пайдалана отырып негізгі емдеу әдістерін жалпылау.
Іздеу стратегиясы. Пателлофеморалды буын, остеоартрит, тибиофеморалды буын,
пателлофеморалды қақсау сияқты түйін сөздер бойынша соңғы үш онжылдықты қамтитын
PubMed/Scopus/MEDLINE электрондык базаларын пайдалана отырып, әдеби іздеу өткізілді.
Еңгізу критерийлері: 1987 жылдан бастап бірегей зерттеулер бойынша қолжетімді толық мәтінді
мақалалар, бастапқы остеоартрит диагнозы, еңгізбеу критерийлері: тізе буынының жедел ауыр
формасы бар бәсекелеспе диагноз (байламның, сіңірдің созылуы, жыртылуы), жеке
жағдайларды сипаттау, ағылшын тілінен басқа шет тілдердегі мақалалар. Көрсетілген кезең
аясында 83 мақала табылды.
Нәтижелері. Тізе буынының остеоартриті аталған жағдайдағы науқас адамдарға және
жалпы қоғамға айтарлықтай ауыртпалық артады. ПФБ остеоартриті ТФБ остеоартритімен
салыстырғанда жеткіліксіз зерттелсе де, ПФБ ауру үрдісіне жиі қатысады. ПФБ OA айтарлықтай
қақсаумен және инвалидизациялаумен ассоциацияланады. ПФБ бірегей биомеханикалық
қызметтерін және тізе буынының осы бөліміндегі басқа аурулардан ерекшеленетін, ТФБ ОА
байланысты арнайы зақымдануларын ескере отырып, ПФБ ОА-ң клиникалық нәтижелері
емдеудің жаңа әдістерінің әзірлемелерімен жақсартылуы мүмкін.
Қорытынды. Пателлофеморалды остеоартрит – тізе буыны остеоартритінің маңызды
топшасы. Тізе тобығын фиксациялау және физиотерапия аталған жағдайдағы адамдарда ауру
синдромын жеңілдетеді, бірақ патофизиологиялық себептерді жоймайды. Хирургиялық
әрекеттердің жаңа әдістерін әзірлеу қажет. 

Автор өмірбаяны

  • Кенес Акильжанов

    магистр общественного здравоохранения, докторант PhD
    по специальности «Медицина», Государственный медицинский университет города Семей,
    Республика Казахстан, врач травматолог-ортопед, Городская больница №1, г. Павлодар, Казахстан.

Әдебиеттер тізімі

Акильжанов К.Р., Жанаспаев М.А. Пателлофеморальный остеоартрит: важная подгруппа

остеоартрита коленного сустава / / Наука и Здравоохранение. 2018. №1. С. 85-100.

Akilzhanov K.R., Zhanaspaev M.A. Patellofemoral osteoarthritis: an important subgroup of knee osteoarthritis.

Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2018, 1, pp. 85-100.

Ақылжанов К.Р., Жанаспаев М.А. Пателлофеморалды остеоартрит: тізе буыны остеоартритінің

маңызды топшасы / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2018. № 1. Б. 85-100.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-02-03

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.