СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ АТА-АНАЛАРДЫҢВАКЦИНАЦИЯЛАУҒА КӨЗҚАРАСЫ:БІР МЕЗГІЛДЕ КӨЛДЕНЕҢ ЗЕРТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.34689/210hz085Кілт сөздер:
вакцинация , кедергілер , ата-аналар , балаларАңдатпа
Кіріспе: Қазіргі заманда иммунопрофилактиканың тиімділігі көпжылдық әлемдік
тәжірибиемен дәлелденген.
Біздің зерттеу жұмысымыздың мақсаты Семей қ. ата-аналардың вакцинация өткізуге қөзқарастарын зерттеу.
Зерттеу әдістері. Сауалнаманың негізгі сұрақтары халықаралық зерттеулер негізінде
әзірленді. Сауалнаманың жауаптары келесі дәрежелерге бөлінді: толық келісу, ықтимал келісу,
анық пікірі жоқ, ықтимал келіспеу және мүлдем келіспеу.
Сапалы деректерді сипаттау үшін жиілігі мен проценттер пайдаланылды. Жиіліктердің
арасындағы айырмашылықтардың маңыздылығы туралы гипотезаны тексеру үшін Пирсон хиквадрат (χ2) пайдаланылған.
Нәтижелер. Бул зерттеу кейбір ата-аналардың вакцинация өткізуге сақ екенін көрсетті,
«Балалар қажетті вакцинация түрлерінен артық алады» деген сұраққа 50,5% (n=598) , анық
пікірім жоқ деп жауап берді. 10,4% (n=123) көп вакцина салғаннан баланың иммунитеті
төмендейтінің ойымдайтынын айтты. 20,0% (n=237) вакциналау ең қауіпсіз жұқпалы аурудан
сақтайтын медициналық көмек екеніне күмәнданды. 10,1% (n=120) ата-аналар пікірінше вакцина
енгізуіне қарағанда бала жұқпалы аурумен ауырып табиғи иммунитет әзірлеу дұрыс екенін
санайды. 29,0% (n=343) ата-аналар дені сау балалар арасында иммунизация жургізу қажеттілігі
туралы анық пікірі жоқ. 7,1% (n=84) сауалнамаға жауап бергендер егу пайдасына қарағанда
зияны көп деп санайды. 61,9% (n=733) сауалнамаға жауап бергендер балаларға иммунизация
жүргізу аурулардан қорғау үшін қажет деп есептейді.
Қорытынды. Біздің зерттеу вакцинация туралы халықтың төмен хабардар болу деңгейін
көрсетті. Иммундауға жататын балалардың ата-аналары иммунитеттің қалай жұмыс істейтінің,
қандай вакциналар пайдаланатыны, вакцинация кезіндегі нақты және нақты емес қатерлер бары
жайлы толық өтілмейді. Сондықтан халықтың ақпараттандыруды арттыру үшін бастапқы
медициналық-санитарлық көмек деңгейінде ғана емес, бұқаралық ақпарат құралдарын қолдану
қажет.
Әдебиеттер тізімі
Байбусинова А. Ж., Мусаханова А.К., Шалгумбаева Г.М. Отношение родителей к вакцинопрофилактике
в городе Семей: одномоментное поперечное исследование / / Наука и Здравоохранение. 2016. № 5. С.
111-120.
Baibussinova A.Zh., Mussakhanova A.K., Shalgumbayeva G.M. Parents' attitudes to vaccination in Semey
city: a cross-sectional study. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2016, 5, pp. 111-120.
Байбусинова А.Ж., Мусаханова А.К., Шалгумбаева Г.М. Семей қаласының ата-аналардың
вакцинациялауға көзқарасы: бір мезгілде көлденең зерттеу / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2016. № 5.
Б. 111-120.
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Асель Байбусинова, Акмарал Мусаханова, Гульнар Шалгумбаева (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.