ҚАЗАҚСТАН СТОМАТОЛОГТАРЫНЫҢ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ЭНДОКАРДИТТІҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ НҰСҚАУЛЫҚ ҚАҒИДАТТАРЫН ҚОЛДАНУЫ: КӨЛДЕНЕҢ ЗЕРТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.34689/4g7c3a84Кілт сөздер:
Инфекциялық эндокардит, стоматологтар, антибиотиктік профилактикаАңдатпа
Кіріспе. Тіс дәрігерлері арасында инфекциялық эндокардиттің (ИЭ) алдын алу бойынша нұсқаулықтарды хабардар ету және клиникалық қолдануы аурушаңдық көрсеткіштеріне әсер етудің негізгі факторларының бірі болып табылады. Зерттеудің мақсаты. Қазақстан стоматологтары арасында ИЭ алдын алу бойынша ұсынымдарды тәжірибеде қолдану және хабардарлық деңгейіне баға беру. Материалдар мен әдістер. 80 тіс дәрігері арасында көлденең зерттеу жүргізілді. Логистикалық регрессия және CHAID әдісі арқылы болжамды модель жасалынды. Статистикалық талдау SPSS бағдарламалық жасақтамасының көмегімен жүргізілді (26.0 нұсқасы).
Нәтижелер. Алынған нәтижеге сәйкес, стоматологтардың тек 5% - ы инвазивті стоматологиялық процедуралардан кейін ИЭ дамуының ықтимал қауіптері және алдын алу бойынша ұсыныстар туралы толық хабардар болды. Респонденттер арасында 88,8% жүрек-қан тамырлары аурулары бар науқастарға стоматологиялық көмек көрсету туралы пәнаралық деңгейде стоматологтарды хабардар ету қажеттілігін атап өтті. Сонымен қатар, дәрігерлердің 70,1% - ы Қазақстан үшін ИЭ алдын алу жөніндегі нұсқаулықтың бейімделген нұсқасын жасау қажеттігін атап өтті. Қорытындылар. Осылайша, Қазақстан аумағында ИЭ алдын алу шараларын жүзеге асыру алаңдаушылық туғызады, атап айтқанда, профилактиканың басшылық ұсынымдары туралы стоматологтар арасында хабардарлықтың төмен деңгейі. Бұдан басқа, Қазақстан үшін ИЭ алдын алу бойынша жергілікті бейімделген ұсынымды әзірлеу қажеттілігі байқалынды.
Әдебиеттер тізімі
Кусаинова Ж., Булегенов Т., Абралина Ш., Жапар Ж., Самарова У., Хисметова З., Ибраева Ж., Абильтаев А., Таштемирова О., Абильмажинова Г., Джакова Г. Применение руководствующих принципов профилактики инфекционного эндокардита стоматологами Казахстана: поперечное исследование // Наука и Здравоохранение. 2024. Т.26 (4). С. 117-124. doi 10.34689/SH.2024.26.4.015
Kussainova Zh., Bulegenov T., Abralina Sh., Zhapar Zh., Samarova U., Khismetova Z., Ibrayeva Zh., Abiltayev A., Tashtemirova O., Abilmazhinova G., Jakova G. The application of guidelines for the prevention of infective endocarditis by dentists in Kazakhstan: a cross-sectional study // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2024. Vol.26 (4), pp. 117-124. doi 10.34689/SH.2024.26.4.015
Кусаинова Ж., Булегенов Т., Абралина Ш., Жапар Ж., Самарова У., Хисметова З., Ибраева Ж., Абильтаев А., Таштемирова О., Абильмажинова Г., Джакова Г. Қазақстан стоматологтарының инфекциялық эндокардиттің алдын алудың нұсқаулық Қағидаттарын қолдануы: көлденең зерттеу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. Т.26 (4). Б. 117-124. doi 10.34689/SH.2024.26.4.015
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Рецензируемый медицинский научно-практический журнал «Наука и здравоохранение»

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.