SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

ЖҮРЕК ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫНАН КЕЙІН ПАЙДА БОЛАТЫН ТРАНСПЛАНТАТТЫҢ ЖЕДЕЛ ҚАБЫЛДАНБАУЫНЫҢ ГЕНЕТИКАЛЫҚ БИОМАРКЕРЛЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/0thrqy85

Кілт сөздер:

жүрек трансплантациясы, трансплантаттың жедел қабылданбауы, генетикалық биомаркерлер, донордан алынған жасушасыз ДНҚ, экономикалық тиімділік

Аңдатпа

Жүрек трансплантациясы медициналық терапияға жауап бермейтін жүрек жеткіліксіздігінің соңғы сатысына арналған стандартты көмек болып табылады. Жүрек трансплантациясынан кейінгі науқастар бақылау кезінде әртүрлі асқынулардың даму қаупіне ұшырайды. Жиі кездесетін асқынуларға ерте аллотрансплантаттың жетіспеуі, трансплантаттың жедел қабылданбауы, коронарлық аллотрансплантат васкулопатиясы, бүйрек жеткіліксіздігі, инфекциялар және қатерлі ісік жатады. Трансплантацияның бірінші аптасынан кейін қайтадан трансплантат дисфункциясының себептерін қарастыру қажет. Қазіргі таңда, эндомиокард биопсиясы және гистопатология арқылы жасалған гистологиялық стратификация жедел қабылданбаудың диагностикасының, оның ауырлығын және терапияға жауапты бағалаудың стандартты әдісі болып табылады. Өкінішке орай, бұл әдіс инвазивті және кейбір шектеулері бар. Бұған қоса, жедел қабылдамаудың екі фенотипі бар, жедел жасушалық қабылдамау және антидене арқылы бас тарту, бұл гистологиялық диагнозды қиындатады. Жүректің қабылданбауын бақылайтын екінші реттегі генетикалық емес әдістеріне эхокардиография, жүрек магнитті-резонанс томография, тропонин және басқа әдістер кіруі мүмкін. Сондықтан трансплантат дисфункциясы дамуынан бұрын жедел қабылдамауды анықтауға арналған сенімді инвазивті емес маркер аллотрансплантат қабылданбауы дамуы мүмкін науқастар үшін жақсы нәтижелерге әкелуі мүмкін. Біздің шолуда біз генетикалық инвазивті емес биомаркерлер туралы соңғы деректерді жинадық, соның ішінде донордан алынған жасушасыз ДНҚ, ДНҚ-метилдену, РНҚ гендік экспрессия профилін жасау (ақпараттық РНҚ) және микро-РНҚ. Жасушасыз ДНҚ метилдену талдауы жедел бас тартудың әртүрлі түрлерін ажыратуға көмектеседі. Микро-РНҚ әдісі болашақта иммуносупрессантты препараттарды әзірлеу мақсаты ретінде маңызды рөл атқаруы әбден мүмкін. Донордан алынған жасушасыз ДНҚ талдауының мағынасы донорды реципиент ДНҚ-сынан ажырататын жалғыз нуклеотидті полиморфизмдерді анықтауға негізделген. Ал донордан алынған жасушасыз ДНҚ фракциясы трансплантациядан кейін тез төмендейді және олар жедел қабылданбау немесе миокард зақымдануы жағдайында ғана жоғарылайды. Қорытындылай келе, генетикалық инвазивті емес әдістер жүрек аллотрансплантатының қабылданбауын бағалауда және бақылауда шешуші рөл атқарады. Шолу мақаласы ДНҚ негізіндегі инвазивті емес құралдар инвазивті процедуралардың тәуекелдерін азайтатынын көрсетті. Бұл жүрек трансплантациясынан кейін жүрек жеткіліксіздігін диагностикалаудың қауіпсіз, ыңғайлы және дәл әдісі.

Автор өмірбаяндары

  • Миргуль Баянова

    Head of the Department of Clinical and Genetic Diagnostics, CAD of Laboratory Medicine, Pathology and Genetics, “University Medical Center” CF, Astana, Kazakhstan. E-mail: Mirgul.Bayanova@umc.org.kz

  • Әлия Әскербекова

    Resident, “Medical genetics” residency program, Department of Clinical and Genetic Diagnostics, CAD of Laboratory Medicine, Pathology and Genetics, “University Medical Center” CF, Astana, Kazakhstan. E-mail: askerbekova98@gmail.com

  • Ляззат Назарова

    Cytogeneticist, Department of Clinical and Genetic Diagnostics, CAD of Laboratory Medicine, Pathology and Genetics, “University Medical Center” CF, Astana, Kazakhstan. E-mail: Layzzat.Nazarova@umc.org

  • Айжан Әбдикадирова

    Biologist, Department of Clinical and Genetic Diagnostics, CAD of Laboratory Medicine, Pathology and Genetics, “University Medical Center” CF, Astana, Kazakhstan. E-mail: Abd.Aizhan@gmail.com

  • Малика Сапаргалиева

    Biologist, Department of Clinical and Genetic Diagnostics, CAD of Laboratory Medicine, Pathology and Genetics, “University Medical Center” CF, Astana, Kazakhstan. E-mail: malika9510@gmail.com

  • Диас Малик

    Bioinformatician, Department of Clinical and Genetic Diagnostics, CAD of Laboratory Medicine, Pathology and Genetics, “University Medical Center” CF, Astana, Kazakhstan. E-mail: malik.dias.b@gmail.com

  • Гульжан Мырзахметова

    Head of the 2nd Cardiology department, “University Medical Center” CF, Astana, Kazakhstan. E-mail: mirzakhmetovaguljan@gmail.com

  • Юрий Пя

    Chairman of the board “University Medical Center” CF, Astana, Kazakhstan. 

  • Айдос Болатов

    PhD doctoral student, Shenzhen University Medical School, Shenzhen University, Shenzhen, China. Email: bolatovaidos@gmail.com

Әдебиеттер тізімі

Bayanova M., Askerbekova A., Nazarova L., Abdikadirova A., Sapargaliyeva M., Malik D., Myrzakhmetova G., Pya Yu., Bolatov A. Genetic biomarkers of acute graft rejection after heart transplantation // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2024. Vol.26 (4), pp. 177-189. doi 10.34689/SH.2024.26.4.021

Баянова М.Ф., Аскербекова А.Т., Назарова Л.К., Абдикадирова А.Б., Сапаргалиева М.Е., Малик Д.Б., Мырзахметова Г.Ш., Пя Ю.В., Болатов А.К. Генетические биомаркеры острого отторжения трансплантата после трансплантации сердца // Наука и Здравоохранение. 2024. Т.26 (4). С. 177-189. doi 10.34689/SH.2024.26.4.021

Баянова М.Ф., Әскербекова Ә.Т., Назарова Л.К., Әбдикадирова А.Б., Сапаргалиева М.Е., Малик Д.Б., Мырзахметова Г.Ш., Пя Ю.В., Болатов А.К. Жүрек трансплантациясынан кейін пайда болатын трансплантаттың жедел қабылданбауының генетикалық биомаркерлері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. Т.26 (4). Б. 177-189. doi 10.34689/SH.2024.26.4.021

Жүктеулер

Жарияланды

2025-11-11

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 148

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.