РАДИАЦИЯЛЫҚ ӘСЕРГЕ ҰШЫРАҒАН ХАЛЫҚТЫ КӨПЖЫЛДЫҚ БАҚЫЛАУ ТӘЖІРИБЕСІ: ӨҢІРЛІК ДЕНСАУЛЫҚ МОНИТОРИНГІ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ҮШІН САБАҚТАР
DOI:
https://doi.org/10.34689/mxfnqa07Кілт сөздер:
радиациялық әсер, денсаулықты бақылау, қалқанша безі, Семей ядролық сынақ полигоны, когорттық зерттеуАңдатпа
Кіріспе. Семей ядролық сынақ полигонына жақын орналасқан елді мекендерде тұратын халықтың денсаулық жағдайы 20 жылдан астам уақыт бойы жүйелі түрде бақыланып келеді. Бұл зерттеуде радиациялық әсерге аса сезімтал ағзалардың бірі – қалқанша безі ауруларына ерекше назар аударылды. Материалдар мен әдістер. Зерттеуге 1998–2002 жылдар аралығында қалқанша безінің ультрадыбыстық тексеруінен өткен 3240 адам енгізілді. Мониторинг барысында өмірлік мәртебе, клиникалық диагноздар және медициналық деректер тұрақты түрде жаңартылып отырды. 2023–2024 жылдары 1099 тірі қатысушы арасында сауалнама жүргізіліп, мінез-құлықтық және репродуктивті факторлар бағаланды. Жеке дозалар жас, тұрғылықты жер және тамақтану үлгілерін ескере отырып қайта есептелді. Нәтижелер. Сауалнамаға қатысқандардың 63%-ында қалқанша безі ауруы анықталған, ал 33%-ы гормоналды терапия алған. Ең жоғары көрсеткіштер 100–300 мГр дозасын алғандар арасында тіркелді. Анкеталық, клиникалық және дозиметриялық деректерді біріктіру арқылы дозалық тәуелділік пен қауіп факторлары арасындағы байланыс айқындалды. Қорытынды. Созылмалы радиациялық әсердің эндокриндік денсаулыққа ұзақ мерзімді әсері дәлелденді. Бұл зерттеу аймақтық деңгейде тұрақты денсаулық мониторингін дамыту қажеттігін көрсетеді және басқа да зардап шеккен өңірлерге үлгі бола алады.
Әдебиеттер тізімі
Apsalikov K.N., Massabayeva M.M., Lipikhina A.V., Tokanov A.M., Brait Yu.Y., Konovalova F.V., Mansarina A.E. Experience of long-term observation of an exposed population: lessons for regional health monitoring programs // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2025. Vol.27 (4), pp. 14-20. doi 10.34689/SH.2025.27.4.002
Апсаликов К.Н., Масабаева М.М., Липихина А.В., Токанов А.М., Брайт Ю.Ю., Коновалова Ф.В., Мансарина А.Е. Опыт многолетнего наблюдения за пострадавшей популяцией уроки для региональных программ мониторинга здоровья // Наука и Здравоохранение. 2025. Vol.27 (4), С. 14-20. doi 10.34689/SH.2025.27.4.002
Апсаликов Қ.Н., Масабаева М.М., Липихина А.В., Тоқанов А.М., Брайт Ю.Ю., Коновалова Ф.В., Мансарина А.Е. Жүрек және оның жүйке құрылымдарының морфофункциясы туралы заманауи көзқарас // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2025. Vol.27 (4), Б. 14-20. doi 10.34689/SH.2025.27.4.002
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Рецензируемый медицинский научно-практический журнал «Наука и здравоохранение»

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.