SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

ҚАЗАҚ ПОПУЛЯЦИЯСЫНДА ВАРФАРИН АЛМАСУЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ГЕНДІК ПОЛИМОРФИЗМДЕРДІҢ ТАРАЛУЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/0avpvf25

Кілт сөздер:

метаболизаторлар, популяциялық жиіліктер, минорлы аллель, варфариннің фармакогенетикасы

Аңдатпа

Кіріспе. Қазіргі уақытта дербестендірілген медицинаның басым бағыты — дәрілік заттардың метаболизатор түрін анықтауды қоса алғанда, фармакогенетикалық тестілеу болып табылады. Зерттеу мақсаты: Қазақ популяциясындағы «метаболизатор түрлерінің» үлестік салмағын анықтап, CYP2C9*2 (rs1799853), *3 (rs1057910), *5 (rs28371686), *6 (rs9332131); CYP2C19 (rs3814637), VKORC1 (rs9934438), CYP4F2 (rs2108622), GGCX (rs11676382) гендер полиморфизмдерінің, сондай-ақ К витаминінің антагонистері тобына жататын антикоагулянттарға төзімділікпен байланысты GWAS маркерлерінің аз жиілікті аллельдерінің популяциялық жиіліктерін бұрын зерттелген әлем популяцияларымен салыстыра отырып талдау жүргізу. Материалдар мен әдістері. Бұл зерттеуде Орталық Азия мен Еуропа популяцияларында преэклампсияны генетикалық зерттеу жобасы (InterPregGen) аясында алынған 1900 шартты түрде сау қазақтың геномдық деректер базасы пайдаланылды. Нәтижелер. Зерттелген қазақ тобы арасында CYP2C9 генінің *2 (rs1799853) және *3 (rs1057910) аллельдері бойынша келесі фенотиптер мен жиіліктер анықталды: 1/1 – 80,1%, 1/3 – 13,0%, 3/3 – 0,25%, 1/2 – 6,0%, 2/3 – 0,40%, 2/2 – 0,25%. *2 және *3 аллельдері бойынша қалыпты метаболизаторлардың жиілігі – 80,1%, аралық – 19,0%, баяу – 0,9%. Сондай-ақ CYP2C9 генінің *5 (rs28371686) және *6 (rs9332131) аллельдері бойынша фенотиптер мен жиіліктер анықталды: 1/1 – 90,0%, 1/6 – 6,7%, 1/5 – 2,9%, 5/6 – 0,3%, 5/5 – 0,1%. *5 және *6 аллельдері бойынша қалыпты метаболизаторлар – 90,0%, аралық – 9,6%, баяу – 0,4%. Зерттелген ген полиморфизмдерінің популяциялық жиіліктерін салыстырмалы талдау олардың Еуропа, Шығыс Азия және Оңтүстік Азия популяцияларымен салыстырғанда аралық позицияда екенін көрсетті.
Қорытындылар. Қазақ популяциясында зерттелген ген полиморфизмдерінің жиіліктері бойынша алынған нәтижелер Орталық Азияға арналған фармакогенетикалық деректер базасына қосымша ақпарат болып табылады және Қазақстанда жүрекке ота жасалған пациенттерге варфариннің дозасын даралап тағайындау кезінде варфариннің фармакогенетикасын түсіну үшін қолданылатын болады.

Автор өмірбаяндары

  • Александра Муртазалиева

    Geneticist, researcher at the Center for Education and Science in LLP "Center for Molecular Medicine", Almaty, Republic of Kazakhstan, ORCID ID 0000-0001-9156-5944, A05B1E1, 130 Ayitiyev Str., Almaty, Kazakhstan; phone: +7 (771) 799-91-00, e-mail: alexmurtazalieva@gmail.com

  • Галина Березина

    Doctor of Biological Sciences, Associate Professor, Leading Researcher, Department of Strategy and Science, Republican Medical Genetic Consultation of Joint-Stock Company “Scientific Center of Obstetrics, Gynecology and Perinatology; ORCID ID 0000-0002-5442-4461, A25D6G4, 125 Dostyk Ave., Almaty, Kazakhstan; phone: +7 (727) 300-45-62, e-mail: gberezina54@mail.ru

  • Гульнара Святова

    Doctor of Medicine, Professor, Head of the Center for Education and Science in LLP "Center for Molecular Medicine", ORCID ID 0000-0001-5092-3143, A05B1E1, 130 Ayitiyev Str., Almaty, Kazakhstan; phone: +7 (771) 799-91-00, e-mail: gsvyatova1@mail.ru

  • Меруерт Есет

    Specialist of the Laboratory in Republican Medical Genetic Consultation of Joint-Stock Company “ Scientific Center of Obstetrics, Gynecology and Perinatology”, ORCID ID 0000-0003-2906-5636, A25D6G4, 125 Dostyk Ave., Almaty, Kazakhstan; phone: +7 (727) 300-45-62, e-mail: eset_m@mail.ru

  • Асем Бурабаева

    Resident in Medical Genetics in Joint-Stock Company “Scientific Center of Obstetrics, Gynecology and Perinatology”, ORCID ID 0009-0005-4527-7729, A25D6G4, 125 Dostyk Ave., Almaty, Kazakhstan; phone: +7 (727) 300-45-62, e-mail: dr.burabayeva@mail.ru

Әдебиеттер тізімі

Murtazaliyeva A.V., Berezinа G.M., Svyatova G.S., Yesset M.S., Burabayeva A.T. Prevalence of polymorphisms in warfarin metabolism-related genes among the Kazakh population // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2025. Vol.27 (3), pp. 16-26. doi 10.34689/SH.2025.27.3.002

Муртазалиева А.В., Березина Г.М., Святова Г.С., Есет М.С., Бурабаева А.Т. Распространенность полиморфизмов генов, связанных с метаболизмом варфарина, в казахской популяции // Наука и Здравоохранение. 2025. Т.27 (3), С. 16-26. doi: 10.34689/SH.2025.27.3.002

Муртазалиева А.В., Березина Г.М., Святова Г.С., Есет М.С., Бурабаева А.Т. Қазақ популяциясында варфарин алмасуымен байланысты гендік полиморфизмдердің таралуы // Ғылым және Денсаулық. 2025. Т.27 (3), Б. 16-26. doi: 10.34689/SH.2025.27.3.002

Жүктеулер

Жарияланды

2025-11-04

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 107

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.