SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

ЖЕДЕЛ ПАНКРЕАТИТПЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТАР ӨМІР СҮРУ САПАСЫНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ, ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/ekwrbk37

Кілт сөздер:

жедел панкреатит, өмір сүру сапасы, медициналық, әлеуметтік, психологиялық сипаттама

Аңдатпа

Кіріспе. Жедел панкреатитпен ауыратын науқастар өмір сүру сапасы әртүрлі факторлар салдарынан нашарлауы мүмкін. Сондықтан да аурудың маңызды предикторлары мен этиологиялық факторларын анықтап, емнің және оңалтудың ұтымды жолдарын қолданып, науқастардың өмір сүру сапасын жақсартуға болады. Зерттеу мақсаты. Жедел панкреатитпен ауыратын науқастардың өмір сүру сапасының медициналық, әлеуметтік және психологиялық сипаттамаларымен байланысын анықтау. Зерттеу материалы және әдістері. Зерттеу дизайны – проспективті көлденең зерттеу. «Семей медицина университеті» КеАҚ университеттік госпиталінің хирургиялық бөлімінде 2022 – 2023 ж.ж. аралығында жедел панкреатитке орай емделген 157 науқастарға әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Науқастардың медициналық, әлеуметтік сипаттамасын анықтау үшін арнайы сауалнама құрастырылды. Науқастардың өмір сүру сапасын бағалау үшін бейімделген SF-36 сауалнамасы қолданды. Науқастардағы күйзеліс, уайымшылдық, емге тұрақтылықты зерттеу үшін бейімделген стандартты сауалнамалар колданылды (Бектің күйзеліс шкаласы, Спилберг – Ханин сауалнамасы, «Комплаенттілік деңгейі» сауалнамасы). Зерттеу нәтижелерінің статистикалық сараптауы SPSS бағдарламасы 20.0 ұсынысын қолданып жүргізілді, p<0.05 болғанда нәтижелер статистикалық айқын саналды. Нәтижелері. Жедел панкреатитпен ауыратын науқастардың өмір сүру сапасы «рөлдік физикалық қызмет» - 40,73±38,21, «рөлдік эмоциялық қызмет» - 44,11±39,6 көрсеткіштері бойынша нашарлауы, жайлы өмір бойынша орташадан төмен деңгейін айқындайды. Зерттеу нәтижелері бойынша науқастар денсаулықтарының физикалық және психологиялық компоненттерінің айтарлықтай нашарлауы, өмір сүру сапасының жеке көрсеткіштеріне жасы, жынысы, әлеуметтік статусы, білім деңгейі, кері қылықтары, қосымша аурулары және психологиялық статусы әсері анықталды. Қорытынды: Жедел панкреатитпен ауыратын науқастардың өмір сүру сапасы орта деңгейден төмен. Әйел жынысы, толық емес орта және орта білім, зейнеткерлік жас, мүгедектік, жұмыссыздық, спирттік ішімдікке әуестік, қосымша майлық гепатоз, өт – тас ауруы, семіздік, дуоденалды – гастралдық рефлюкспен жүретін гастрит, күйзеліс, уайымшылдық, емге тұрақтылықтың төмендеуі науқастардың өмір сүру сапасын айқын нашарлатады. 

Автор өмірбаяндары

  • Аскар Ахметов

    PhD докторант 3 года обучения по специальности 8D10101 - "Общественное здравоохранение», НАО «Медицинский университет Семей», г. Семей, Республика Казахстан.

  • Толкын Булегенов

    Д.м.н., профессор кафедры госпитальной хирургии, анестезиологии и реаниматологии НАО «Медицинский университет Семей», г. Семей, Республика Казахстан. 

  • Мейрбек Аймагамбетов

    Д.м.н., профессор, заведующий кафедрой госпитальной хирургии, анестезиологии и реаниматологии НАО «Медицинский университет Семей», г. Семей, Республика Казахстан. 

  • Назарбек Омаров

    PhD, проректор по науке и стратегическому развитию НАО «Медицинский университет Семей», г. Семей, Республика Казахстан.

  • Владимир Колядо

    Д.м.н., профессор, академик РАЕ, заведующий кафедрой общественного здоровья и здравоохранения ФГБОУ ВО «Алтайский государственный медицинский университет» Минздрава России, г. Барнаул, Российская Федерация.

  • Асель Байбусинова

    PhD, преподаватель кафедры эпидемиологии и биостатистики НАО «Медицинский университет Семей», г. Семей, Республика Казахстан.

  • Алдияр Масалов

    MD, ассистент кафедры госпитальной хирургии, анестезиологии и реаниматологии НАО «Медицинский университет Семей», г. Семей, Республика Казахстан.

  • Саматбек Абдрахманов

    PhD, ассистент кафедры госпитальной хирургии, анестезиологии и реаниматологии НАО «Медицинский университет Семей», г. Семей, Республика Казахстан.

  • Медет Әуенов

    PhD, ассистент кафедры госпитальной хирургии, анестезиологии и реаниматологии НАО «Медицинский университет Семей». г. Семей, Республика Казахстан.

Әдебиеттер тізімі

Ахметов А.Ж., Булегенов Т.А., Аймагамбетов М.Ж., Омаров Н.Б., Колядо В.Б., Байбусинова А.Ж., Масалов А.Е., Абдрахманов С.Т., Әуенов М.Ә. Медико – социальные, психологические аспекты качества жизни больных с острым панкреатитом // Наука и Здравоохранение. 2024. Т.26 (2). С. 36-44. doi 10.34689/SH.2024.26.2.005

Akhmetov A.Zh., Bulegenov T.A., Aimagambetov M.Zh., Omarov N.B., Kolyado V.B., Baibussinova A.Zh., Masalov A.E., Abdrakhmanov S.T., Auenov M.A. Medical – social, psychological aspects quality of life of patients with acute pancreatitis // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2024. Vol.26 (2), pp. 36-44. doi 10.34689/SH.2024.26.2.005

Ахметов А.Ж., Булегенов Т.А., Аймагамбетов М.Ж., Омаров Н.Б., Колядо В.Б., Байбусинова А.Ж., Масалов А.Е., Абдрахманов С.Т., Әуенов М.Ә. Жедел панкреатитпен ауыратын науқастар өмір сүру сапасының медициналық, әлеуметтік және психологиялық аспектілері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. Т.26 (2). Б. 36-44. doi 10.34689/SH.2024.26.2.005

Жүктеулер

Жарияланды

2025-11-13

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 3 > >> 

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 187

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.