PD-L1 ЭКСПРЕССИЯСЫ БАР ҰСАҚ ЖАСУШАЛЫ ЕМЕС ӨКПЕ ОБЫРЫНДАҒЫ ЕМДЕУДІҢ КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ
DOI:
https://doi.org/10.34689/fcf5a370Кілт сөздер:
өкпе обыры, гистология, PD-L1, иммунотерапияАңдатпа
Рандомизацияланған клиникалық зерттеулердің (KEYNOTE) нәтижелеріне сәйкес тиімділікті, жағымсыз жанама әсерлердің аз болуы мен төзімділіктің қолайлы белгілерін ескере отырып, жекелендірілген емдеуді таңдау арқылы иммунотерапия метастаздық ұсақ жасушалы емес өкпе обырын емдеудің жаңа перспективалық тәсілі болып табылады. Қазіргі уақытта ұсақ жасушалы өкпе обырын емдеуде иммунотерапиялық препараттардың спектрі едәуір кеңейді, оларды қолдану науқастардың өмір сүру сапасын сақтай отырып, ісікті бақылауға қол жеткізуге және клиникалық белгілердің азаюына, иммундық жағымсыз әсерлердің төмендеуіне мүмкіндік береді. Осындай препараттардың бірі-Пембролизумаб (PD-1 мен оның лигандтары (PD-L1/PD-L2) арасындағы өзара әрекеттесуді блоктайтын моноклоналды антидене), ол PD-L1 экспрессиясының жоғары деңгейі (≥50%) жағдайында терапияның екінші және бірінші желісінде қолданылады. Бұл жұмыста иммунотерапияның пембролизумаб препаратын қабылдаған PD-L1 экспрессиясы бар ұсақ жасушалы емес өкпе обырындағы науқастың клиникалық жағдайы көрсетілген. Динамикада иммунотерапия үрдісінде клиникалық түрде науқаста жөтелдің азаюы, кеуде қуысындағы ауырсынуы басылды, өмір сапасы мен ішінара регрессияның ұзақтығы 6 айдан астам уақытқа сақталды. Емделу барысында және бақылаудың барлық кезеңінде иммундық жағымсыз әсерлердің белгілері науқаста байқалмады. Мақалада келтірілген мәліметтер онкологтарға, химиотерапевттерге, онкохирургтарға, радиологтарға, гистологтарға, терапевттерге пайдалы болады
Әдебиеттер тізімі
Туменбаева Ж.С., Макишев А.К. Клинический случай терапии немелкоклеточного рака легкого с экспрессией PDL1 // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2024, Vol.26 (2), pp. 241-245. doi 10.34689/SH.2024.26.2.028
Tumenbayeva Zh.S., Makishev A.K. A clinical case of non-small cell therapy lung cancer with PD-L1 expression // Наука и Здравоохранение. 2024. Т.26 (2). С. 241-245. doi 10.34689/SH.2024.26.2.028
Туменбаева Ж.С., Макишев А.К. PD-L1 экспрессиясы бар ұсақ жасушалы емес өкпе обырындағы емдеудің клиникалық жағдай // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. Т.26 (2). Б. 241-245. doi 10.34689/SH.2024.26.2.028
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Рецензируемый медицинский научно-практический журнал «Наука и здравоохранение»

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.