COVID-19-ДАН КЕЙІНГІ ГЕРПЕСВИРУС ИНФЕКЦИЯЛАРЫНЫҢ РЕАКТИВАЦИЯСЫНЫҢ КЛИНИКО-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІН ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.34689/4x9zq519Кілт сөздер:
постковид синдромы, герпесвирус инфекциялары, қауіп факторлары, COVID-19, вирустардың реактивациясыАңдатпа
Кіріспе: COVID-19-бен ауырған науқастарда герпесвирус инфекцияларының реактивациясы постковид кезеңінің ықтимал асқынуларының бірі ретінде қарастырылады. Бұл жағдай жүйелік қабыну реакциясын күшейтіп, клиникалық белгілердің ұзақ сақталуына әкелуі мүмкін. Бұл контексте жиі қозғалатын вирус түрлеріне жай герпес вирусы (ЖГВ), Эпштейн–Барр вирусы (ЭБВ) және цитомегаловирус (ЦМВ) жатады, олар иммундық дисрегуляция жағдайында реактивацияға қабілетті. Зерттеудің мақсаты: COVID-19-бен ауырған науқастарда герпесвирус инфекцияларының (ЦМВ, ЖГВ, ЭБВ) реактивациясының клиникалық-эпидемиологиялық ерекшеліктерін симптоматика мен зертханалық мәліметтердің кешенді талдауы негізінде зерттеу. Әдістер: «Жағдай–бақылау» типіндегі ретроспективті аналитикалық зерттеу жүргізілді. Жалпы 80 пациент қамтылды: олардың 40-ы анамнезінде COVID-19 диагнозы қойылған негізгі топты, ал 40-ы бұрын коронавирус инфекциясын бастан өткермеген бақылау тобын құрады. Статистикалық өңдеу Манн–Уитни критерийі мен Пирсонның χ² критерийін қолдану арқылы жүргізілді; p < 0,05 мәні статистикалық мәнділік ретінде қабылданды. Нәтижелер: Зерттеу нәтижесінде герпесвирус инфекцияларының реактивациясы COVID-19-дың орташа және ауыр түрімен ауырған науқастарда жеңіл түрімен ауырғандарға қарағанда жиірек тіркелгені анықталды (75% қарсы 33,3%). Реактивация тобына жататын науқастарда шеткергі лимфаденопатия (85% қарсы 47,5%) және фебрильді қызба (25% қарсы 5%) едәуір жиі кездесті. Серологиялық зерттеу барысында IgG деңгейінің жоғарылауы, оптикалық тығыздықтың артуы және төмен авидтілік анықталды, бұл жасырын вирустың реактивациясын көрсетеді. Қорытынды: Зерттеу барысында COVID-19-дан кейінгі кезеңде герпесвирус инфекцияларының реактивациясымен байланысты бірқатар клиникалық, эпидемиологиялық және зертханалық ерекшеліктер анықталды. Бұл жағдай SARS-CoV-2 мен латентті вирустардың өзара әрекеттесу мүмкіндігін ескере отырып, постковидтық науқастардың жағдайын кешенді бағалаудың маңыздылығын көрсетеді. Алынған деректер осы бағыттағы әрі қарайғы зерттеулерге негіз бола алады және герпесвирус инфекцияларына скрининг жүргізудің постковидтық мониторинг тәжірибесіне енгізілуінің орынды екенін дәлелдейді.
Әдебиеттер тізімі
Janzakova A.K., Buribaeva J.K., Kamhen V.B., Janzakov B.B., Izekenova A.K., Doskojaeva S.T., Kurmanova G.K., Shin A.L. Analysis of Clinical and Epidemiological Features of Herpesvirus Reactivation in Individuals with a History of COVID-19 // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2025. Vol.27 (3), pp. 157-164. doi 10.34689/SH.2025.27.3.018
Джанзакова А.К., Бурибаева Ж.К., Камхен В.Б., Джанзаков Б.Б., Изекенова А.К., Доскожаева С.Т., Курманова Г.М., Шин А.Л. Анализ клинико эпидемиологических признаков реактивации герпесвирусов у лиц, перенёсших COVID-19 // Наука и Здравоохранение. 2025. Т.27 (3), С. 157-164. doi: 10.34689/SH.2025.27.3.018
Джанзакова А.К., Бурибаева Ж.К., Камхен В.Б., Джанзаков Б.Б., Изекенова А.К., Доскожаева С.Т., Курманова Г.М., Шин А.Л. COVID-19-дан кейінгі герпесвирус инфекцияларының реактивациясының клинико-эпидемиологиялық белгілерін талдау // Ғылым және Денсаулық. 2025. Т.27 (3), Б. 157-164. doi: 10.34689/SH.2025.27.3.018
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Категориялар
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Рецензируемый медицинский научно-практический журнал «Наука и здравоохранение»

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.