SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

МЕДИЦИНАЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР КОНТЕКСТІСІНДЕГІ ЕРЛЕРДІҢ РЕПРОДУКТИВТІК ЖҮЙЕСІ АУРУЛАРЫНЫҢ ҮРДІСТЕРІ МЕН ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/a72mqc88

Кілт сөздер:

ерлер, ерлердің репродуктивтік денсаулығы, ерлер бедеулігі, демография, андрология, Қазақстан, үрдістер, заңдылықтар, алдын алу

Аңдатпа

Кіріспе: Әлемдегі әрбір алтыншы ер адамға әсер ететін ерлер бедеулігі мәселесі [5] – бұл елдердің демографиялық көрсеткіштеріне, жекелеген отбасылардың психоэмоционалдық жағдайына және жалпы қоғамдық денсаулыққа ықпал ететін өзекті әрі күрделі медициналық-әлеуметтік мәселе болып табылады. Қазақстанда ер балалар арасында репродуктивтік жүйенің туа біткен патологияларының жиілегені, спермограмма көрсеткіштерінің төмендеуі және мамандандырылған андрологиялық көмектің жеткіліксіз ұйымдастырылғаны байқалады. Зерттеудің мақсаты: ерлердің репродуктивтік жүйесі ауруларының негізгі үрдістері мен заңдылықтарын медицина-демографиялық көрсеткіштер (ерлердің туу және ұрпақ әкелу деңгейі, репродуктивтік денсаулық көрсеткіштері, әлеуметтік-демографиялық салдарлар) контекстінде анықтау үшін ғылыми әдебиеттерге шолу жүргізу. Іздеу стратегиясы: соңғы 10 жыл ішінде жарық көрген ғылыми әдебиеттер Scopus, PubMed, Web of Science, CyberLeninka және басқа да мәліметтер базаларында ізделді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі (НҚА «Әділет» АҚЖ) мен ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика Комитетінің, сондай-ақ аймақтық демографиялық мәліметтер мен андрологиялық аурулар құрылымының деректері талданды. Зерттеу нәтижелері: Ерлер бедеулігінің артуына әсер ететін негізгі факторлар анықталды: варикоцеленің жоғары таралуы (бедеу ерлер арасында 40%-ға дейін), некеге кеш тұру, ажырасу деңгейінің өсуі, андрологиялық көмекті алудың шектеулі мүмкіндіктері. Бұл үрдістер ерлер өмір салтының өзгеруімен, қатар жүретін аурулардың болуымен және экологияның нашарлауымен байланысты. 2017 жылға дейін Қазақстанда андрология саласында мамандандырылған медициналық көмек жеткілікті дамымаған, 2022 жылдан бастап жекелеген бастамалар қолға алына бастағанымен, олардың ауқымы жеткіліксіз. Біртұтас тіркеу жүйесінің, кешенді алдын алу бағдарламалардың және денсаулық сақтау жүйесінің барлық буындары арасындағы үйлестіктің болмауы мәселенің шешілуін қиындатады. Қорытынды: Қазіргі уақытта ерлердің репродуктивтік денсаулығы медицина мен денсаулық сақтау жүйесінде жеткіліксіз зерттелген сала болып табылады. Әдебиетке жүргізілген талдау ерлердің ұрықтандыруда қиындық көріп жүргенін тіркеуге алатын ұлттық регистрді құру, андрологиялық қызметті дамыту, алдын алу бағдарламалардың аясын кеңейту және буынаралық өзара іс-қимылды қамтитын ұлттық стратегия мен ұйымдастырушылықфункционалдық модельді әзірлеу қажеттігін көрсетеді.

Автор өмірбаяндары

  • Баян Оразаева

    1st-year PhD student in Public Health, NCJSC “Semey Medical University,” Semey, Republic of Kazakhstan; е-mail: borazayeva01@mail.ru; Cell phone: +77079876612; ORCID: https://orcid.org/0009-0005-0374-7884;

  • Назым Искакова

    PhD, Lecturer at the Department of Public Health, NCJSC “Semey Medical University,” Semey, Republic of Kazakhstan; е-mail: nazym.iskakova@smu.edu.kz; Cell phone: +77751030454; ORCID: https://orcid.org/0000-0001-5631-5499;

  • Динара Серикова-Есенгельдина

    PhD, Lecturer at the Department of Public Health, NCJSC “Semey Medical University,” Semey, Republic of Kazakhstan; е-mail: dinara.esengeldina@smu.edu.kz; Cell phone: +77785886986; ORCID: https://orcid.org/0000-0002-9470-9488;

  • Найля Уразалина

    Candidate of Medical Sciences, Associate Professor of the Department of physiological disciplines named after honored scientist of the republic of Kazakhstan, professor T.A. Nazarova, NCJSC "Semey Medical University," Semey, Republic of Kazakhstan; е-mail: hakim_15@mail.ru; Cell phone: +77779075589; ORCID: https://orcid.org/0000-0003-0200-1763;

  • Алия Атабаева

    PhD, Lecturer at the Department of Public Health, NCJSC “Semey Medical University,” Semey, Republic of Kazakhstan; е-mail: aliya.atabayeva@smu.edu.kz; Cell phone: +77753900269; ORCID: https://orcid.org/0000-0001-7725-2255

  • Зайтуна Хисметова

    Candidate of Medical Sciences, Professor, Head of the Department of Public Health, NCJSC “Semey Medical University,” Semey, Republic of Kazakhstan; е-mail: zaituna.khismetova@smu.edu.kz; Cell phone: +77772582681; ORCID: https://orcid.org/0000-0001-5937-3045.

Әдебиеттер тізімі

Orazayeva B.B., Iskakova N.S., Serikova-Esengeldina D.S., Urazalina N.M., Atabayeva A.K., Khismetova Z.A. Trends and patterns of male reproductive system diseases in the context of medical and demographic indicators. Literature review // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2025. Vol.27 (3), pp. 175-188. doi 10.34689/SH.2025.27.3.020

Оразаева Б.Б., Искакова Н.С., Серикова-Есенгелдина Д.С., Уразалина Н.М., Атабаева А.К., Хисметова З.А. Тенденции и закономерности заболеваний репродуктивной системы мужчин в контексте медико-демографических показателей. Обзор литературы // Наука и Здравоохранение. 2025. Т.27 (3), С. 175-188. doi: 10.34689/SH.2025.27.3.020

Оразаева Б.Б., Искакова Н.С., Серикова-Есенгельдин Д.С., Уразалина Н.М., Атабаева А.К., Хисметова З.А. Медициналық-демографиялық көрсеткіштер контекстісіндегі ерлердің репродуктивтік жүйесі ауруларының үрдістері мен заңдылықтары. Әдебиеттік шолу // Ғылым және Денсаулық. 2025. Т.27 (3), Б. 175–188. doi: 10.34689/SH.2025.27.3.020

Жүктеулер

Жарияланды

2025-11-04

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 > >> 

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 263

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.