ҚАЛҚАНША БЕЗІ ҚАТЕРЛІ ІСІГІНІҢ АЛЫСМЕТАСТАЗДАРЫНЫҢ КЕЗДЕСУ ЖИІЛІГІ ЖӘНЕРАДИОЙОДТЕРАПИЯНЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.34689/kh2mdf40Кілт сөздер:
Жоғары сараланған қалқанша безінің қатерлі ісіг, радиойодтерапия, алыс метастаздар, емдеу әдістері, емдеудің тиімділігіАңдатпа
Кіріспе. Қазақстанда және әлемде қалқанша безінің қатерлі ісігіне шалдығу көрсеткіші өсуде. 2023 жылы
сырқаттанушылық деңгейі алдыңғы жылмен салыстырғанда 13,1%-ға артты. I¹³¹ хирургиялық ісікті алып тастағаннан
кейін жоғары сараланған қалқанша безінің қатерлі ісігін (ЖСҚБҚ) емдеудің негізгі әдісі болып табылады. Алайда,
кейбір науқастарда алыстағы метастаздар дамуы мүмкін, бұл болжамды нашарлатады және мұндай жағдайларда
радиойодтерапияның тиімділігін бағалауды қажет етеді.
Мақсаты. Қалқанша безінің қатерлі ісігі бар науқастарда алыстағы метастаздардың жиілігін анықтау және
радиоактивті йод (I¹³¹) көмегімен емдеу әдісінің тиімділігін бағалау.
Материалдар мен әдістер. 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында радионуклидтік терапия бөлімінде ем
алған ЖСҚБҚ диагнозы қойылған 443 науқастың ауру тарихына ретроспективті талдау жүргізілді. Олардың 33-інде
(7,4%) алыстағы метастаздар анықталды. Метастаздардың орналасуы, I¹³¹ терапиялық дозалары және клиникалық
нәтижелер медициналық құжаттама негізінде бағаланды.
Нәтижелер. Зерттеу барысында 443 науқастардың 7,4%-ында қалқанша безінің қатерлі ісігінің алыстағы
метастаздары анықталды. Метастаздардың орналасуы келесідей бөлінді: 54,5% – өкпеде, 12,1% – сүйектерде,
15,2% – алыстағы лимфа түйіндерінде. Толық ремиссия 44% науқаста тіркелді, 50%-ында аурудың тұрақтануы
байқалды, ал 6%-ында радиойодтерапияның айтарлықтай әсері болмады. Сонымен қатар, 3% науқастарда сирек
локализацияланған метастаздар (бас миы, аналық без) анықталды. Алынған нәтижелер радиойодтерапияның
тиімділігіне әсер ететін факторларды тереңірек зерттеу қажеттігін көрсетеді. Осы бағыттағы қосымша зерттеулер
метастатикалық зақымдануы бар науқастардың емдеу стратегияларын оңтайландыру үшін қажет.
Қорытынды. Қалқанша безі қатерлі ісігінің алыс метастаздарының генерализациясының жиілігі 7,4%-ды
құрады, көбінесе өкпе метастаздану аймағы ретінде анықталды. Радиойодтерапия өкпелік метастаздар жағдайында
жоғары тиімділік көрсетіп, науқастардың жалпы емделу нәтижелерін жақсартуға ықпал етті. Алынған деректер
метастаздық зақымдануы бар науқастардың болжамын жақсарту үшін ерте диагностика мен уақытылы терапия
жүргізудің маңыздылығын айқындайды.
Әдебиеттер тізімі
Sergazina A.O., Pak L.A., Dushimova Z.D., Rakhmankulova A.M.,. Esbolatova N.S, Kudaiberdinov K.K., Bekenova Zh.Т., Rysbekov B.N. The frequency and efficacy assessment of radioiodine therapy for distant metastases of thyroid cancer // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2025. Vol.27 (2), pp. 39-45. doi 10.34689/SH.2025.27.2.005
Сергазина А.O., Пак Л.А., Душимова З.Д., Рахманкулова А.М., Есболатова Н.С., Кудайбердинов К.К., Бекенова Ж.Т., Рысбеков Б.Н. Частота встречаемости и оценка эффективности радиойодтерапии при отдалённых метастазах рака щитовидной железы // Наука и Здравоохранение. 2025. Т.27 (2), С. 39–45. doi: 10.34689/SH.2025.27.2.005
Сергазина А.O., Пак Л.А., Душимова З.Д., Рахманкулова А.М., Есболатова Н.С., Кудайбердинов К.К., Бекенова Ж.Т., Рысбеков Б.Н. Қалқанша безі қатерлі ісігінің алыс метастаздарының кездесу жиілігі және радиойодтерапияның тиімділігін бағалау // Ғылым және Денсаулық. 2025. Т.27 (2), Б. 39–45. doi: 10.34689/SH.2025.27.2.005
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Рецензируемый медицинский научно-практический журнал «Наука и здравоохранение»

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.