SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

SST2 БИОМАРКЕРІ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ КЕЗІНДЕГІ ЖАҒЫМСЫЗ КЛИНИКАЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕРДІ БОЛЖАУШЫ КӨРСЕТКІШ РЕТІНДЕ. ӘДЕБИ ШОЛУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/14wptd04

Кілт сөздер:

жүрек-қантамыр аурулары, клиникалық және зертханалық предикторлар, sST2, болжам, диагностика

Аңдатпа

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы. Кіріспе. Соңғы жылдары жүрек-қан тамыр ауруларының, әсіресе жүрек жеткіліксіздігінің жаңа биомаркерлерін анықтау және бағалауға бағытталған зерттеулердің саны артып келеді. Мұндай үрдіс диагноз қоюдың дәлдігін, қауіп-қатерді стратификациялауды және емдеудің дербестендірілген тәсілдерін жетілдіру қажеттілігімен байланысты. Осы биомаркерлердің ішінде ST2 рецепторының ерігіш формасы (sST2) ерекше қызығушылық тудырып отыр, себебі ол жүрек жеткіліксіздігінің түрлі түрлерінде жоғары прогностикалық құндылық көрсетті. Бұл шолу sST2-нің клиникалық маңыздылығына және оны күнделікті медициналық тәжірибеге енгізу перспективаларына арналған Мақсат. Жүрек жеткіліксіздігі бар науқастарда жағымсыз клиникалық нәтижелердің предикторы ретінде sST2 биомаркері туралы әдеби деректерді талдау. Іздеу стратегиясы. Ғылыми мақалалар PubMed, Web of Science, Google Scholar іздеу жүйелерінде, eLibrary және СyberLeninka электрондық ғылыми кітапханаларында ізделді. Іздеу тереңдігі – 5 жыл (2019-2024). Іздеу жүрекқантамыр аурулары кезіндегі жағымсыз клиникалық нәтижелердің предикторлары ретінде кардиоренальді маркерлерге қатысты ақпаратты қамтыды. Нәтижелер. Осы әдеби шолуда жүрек жеткіліксіздігі бар науқастарда sST2 биомаркерінің прогностикалық маңыздылығына арналған зерттеулер талданды. Зерттеу нәтижелері бойынша sST2 миокард фиброзы мен жүйелік қабыну сияқты негізгі патофизиологиялық үдерістерді бейнелейді. Әдеби деректер sST2-ні жағымсыз клиникалық нәтижелерді диагностикалау және болжау үшін қолдану тәуекелді ерте анықтауға, болжамды нақтылауға және науқастарды динамикалық бақылауға мүмкіндік беретінін растайды. Бұл биомаркерді клиникалық практикаға енгізу тәуекелді дәлірек стратификациялауға және емдеудің дербестендірілген тәсілдерін жүзеге асыруға жол ашады. Қорытынды. Жүрек жеткіліксіздігінің клиникалық және зертханалық предикторлары бойынша қазіргі әдебиеттерді шолу sST2 биомаркерінің жоғары диагностикалық және прогностикалық маңызға ие екенін көрсетеді. Бұл биомаркер жүрек жеткіліксіздігінің үдеуіне тікелей байланысты миокард фиброзы мен жүйелік қабыну үдерістерін бейнелейді. sST2 үшін шекті мәндерді нақтылау, бағалау әдістерін валидациялау және оны клиникалық тәжірибеге енгізу мақсатында қосымша зерттеулер қажет.

Автор өмірбаяндары

  • Анар Қожабаева

    PhD, Doctoral student at the Department of Therapy of the NAO "Semey Medical University", Postal address: 103 Abai Kunanbayev str., Semey, 071400, Republic of Kazakhstan, Abay region, https://orcid.org/0000-0003-4132-6755, e-mail:anik97.kz@bk.ru; Phone number: +7 705 817 9617,

  • Найля Уразалина

    Candidate of Medical Sciences, Associate Professor of the Department of physiological disciplines named after honored scientist of the republic of Kazakhstan, professor T.A. Nazarova, NJSC "Semey Medical University", Semey, Kazakhstan; phone: 8 777 907 55 89, е-mail: hakim_15@mail.ru, https://orcid.org/0000-0003-0200-1763,

  • Миргуль Капакова

    Candidate of Medical Sciences, Head of the Department of Therapy at the NAO "Semey Medical University", Postal address: 103 Abai Kunanbayev str., Semey, 071400, Republic of Kazakhstan, Abay region, https://orcid.org/0000-0003-4186-8933, e-mail: kma_mira@mail.ru; Phone number: +7 777 278 9724

  • Жанаргуль Смаилова

    Candidate of Medical Sciences, Associate Professor, Vice Rector for Academic and Educational Work, NCJSC «Semey Medical University», phone 8 707 365 82 71, e-mail: zhanargul.smailova@smu.edu.kz; https://orcid.org/0000-0002-4513-4614;

  • Болат Аширов

    Candidate of Medical Sciences, South Kazakhstan Medical Academy, Republic of Kazakhstan, https://orcid.org/0000-0003-0242-9700, e-mail: bolat.baja@mail. 

  • Асель Касымова

    PhD candidate, Department of Therapy of the NAO "Semey Medical University", Postal address: 103 Abai Kunanbayeva str., Semey, 071400, Republic of Kazakhstan, Abay region, Semey, https://orcid.org/0000-0001-9333-4146, e-mail: kassymova2411@gmail.com; Phone number: +7 775 177 4490

  • Андрей Орехов

    PhD, Assistant Professor at the Department of Therapy of the NAO "Semey Medical University", Postal address: 103 Abai Kunanbayeva str., Semey, 071400, Republic of Kazakhstan, Abay region, Semey, https://orcid.org/0000-0001-7201-1399, e-mail: orekhov-andrei@list.ru ; Phone number: +7 777 414 1476,

  • Айсулу Жунуспекова

    PhD, Acting Associate Professor of the Department of Therapy of the NAO "Semey Medical University", Postal address: 071400, Republic of Kazakhstan, Abai region, Semey, Abai Kunanbayeva str., 103, https://orcid.org/0000-0002-2413-317Х , e-mail: aisulu.zhunuspekova@smu.edu.kz ; Phone number: +7 771 840 5880,

  • Джамиля Мансурова

    PhD, Associate Professor, Head of the Department of Therapy at the NAO "Semey Medical University", Semey, Kazakhstan, Postal code: Republic of Kazakhstan, 071400, Semey city, Abay region, Abay Street 103. 071400. E-mail: mansurova_dzhami@mail.ru Phone: +7 777 330 5104,

  • Людмила Каражанова

    Doctor of Medical Sciences, Professor of the Department of Therapy of the NAO "Semey Medical University", Postal address: 103 Abai Kunanbayev str., Semey, 071400, Republic of Kazakhstan, Abay region, https://orcid.org/0000-0002-4719-6034, e-mail: kar_ludmila@bk.ru; Phone number: +7 701 355 9976

Әдебиеттер тізімі

Kozhabayeva A.D., Mansurova J.A., Zhunuspekova A.S., Orekhov A.Yu., Kassymova A.A., Ashirov B.A., Smailova Zh.К., Kapakova M.A., Urazalina N.M., Karazhanova L.K. The SST2 biomarker as a predictor of adverse clinical outcomes in heart failure. Literature review // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2025. Vol.27 (3), pp. 227-235. doi 10.34689/SH.2025.27.3.024

Қожабаева А.Д., Мансурова Ж.А., Жунуспекова А.С., Орехов А.Ю., Касымова А.А., Аширов Б.А., Смаилова Ж.К., Капакова М.А., Уразалина Н.М., Каражанова Л.К. Биомаркер SST2 как предиктор неблагоприятных клинических исходов при сердечной недостаточности. Обзор литературы // Наука и Здравоохранение. 2025. Т.27 (3), С. 227-235. doi: 10.34689/SH.2025.27.3.024

Қожабаева А.Д., Мансурова Ж.А., Жунуспекова А.С., Орехов А.Ю., Касымова А.А., Аширов Б.А., Смаилова Ж.К., Капакова М.А., Уразалина Н.М., Каражанова Л.К. SST2 биомаркері жүрек жеткіліксіздігі кезіндегі жағымсыз клиникалық нәтижелерді болжаушы көрсеткіш ретінде. Әдебиеттік шолу // Ғылым және Денсаулық. 2025. Т.27 (3), Б.227–235. doi: 10.34689/SH.2025.27.3.024

Жүктеулер

Жарияланды

2025-11-05

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 3 > >> 

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 248

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.