ПСОРИАЗДЫ ЕМДЕУДІҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ
DOI:
https://doi.org/10.34689/y04cs709Кілт сөздер:
Псориаз, терапия, емдеу мақсаттары, емдеу тиімділігі, биологиялық препараттарАңдатпа
Кіріспе: Псориаз – бұл терінің созылмалы қабыну ауруы. Тері жамылғысының зақымдануымен қатар, бұл ауру буындар мен тырнақтардың зақымдануы сияқты асқынулармен сипатталады және жүйелі бұзылыстармен: семіздік, гипертония, жүрек-қантамыр аурулары, бүйрек ауруларымен байланысты. Бұл қатар жүретін патологиялар мен симптомдар емдеу әдістерін таңдауға әсер етеді. Сондықтан бұл аурудың жағдайын жақсартуға және мүмкін болса толық емделуге әкелетін терапиялық шараларға дұрыс көзқарас табу маңызды. Зерттеу мақсаты: Псориазды емдеудің қазіргі әдістерін тиімділік, қауіпсіздік және емдеуді жекелендіру мүмкіндіктеріне ерекше назар аудара отырып талдау. Іздеу стратегиясы: Әдебиеттерді іздеу PubMed/Medline, Embase және Cochrane Library дерекқорларында, сондай-ақ диагностикалау мен емдеудің стандарттары бойынша электрондық дерекқорларда: Қазақстан Республикасының клиникалық хаттамалары, клиникалық ұсынымдары және клиникалық басшылықтарында жүргізілді. Нәтижелер сұрыпталып, тақырыптары бойынша таңдалып алынып, маңызсыз зерттеулер алынып тасталды. Іздеу тереңдігі 7 жылды қамтыды – 2018 жылдан 2025 жылға дейін. Нәтижелер: Псориаз ауруы бүкіл әлем бойынша кемінде 60 миллион адамға әсер етеді. Клиникалық түрде бұл терінің әртүрлі бөліктерінде пайда болатын қызыл, қабыршақты дақтар түрінде бөртпелермен көрінеді және айтарлықтай физикалық және психологиялық ауыртпалық тудырады. Бұдан бөлек, бұл ауру өмірлік маңызды ағзалар мен жүйелерге әсер ету арқылы науқас үшін қауіпті болуы мүмкін, мысалы, кардиометаболикалық бұзылыстар, псориатикалық артрит және депрессия, олар да адамның өмір сапасына әсер етеді. Псориаз – бұл иммундық жасушалармен делдалданатын қабыну тері ауруы. IL 23/IL 17 интерлейкин осі псориаздың дамуында маңызды рөл атқарады. IL 23 ингибиторлары (устекинумаб, гуселькумаб, тильдакизумаб, рисанкизумаб) және IL 17 ингибиторлары (секукинумаб, иксекизумаб, бродалумаб) сияқты биологиялық препараттардың тиімділігі бұл деректерді растайды. Біздің жарияланымда біз псориазбен ауыратын науқастарды емдеуге деген көзқарасты жеңілден бастап орташа және ауыр түрлеріне дейін сипаттаймыз. Жазылу процесінде оң динамикаға және жағдайды жақсартуға, сондай-ақ емдеуді пациенттің қажеттіліктерін ескере отырып тиімді және қауіпсіз таңдауға назар аударамыз. Қорытынды: Біздің зерттеуімізде біз иммундық гомеостазды қалпына келтірудің ықтимал жолдарын ұсынамыз. Бұл жолдарға биологиялық препараттарды ерте қолдану, озық терапиялық әдістер және өмір салтын өзгерту сияқты біріктірілген, жекелендірілген тәсіл жатады.
Әдебиеттер тізімі
Iskakova A., Algazina T., Touir G., Batpenova G., Kotlyarova T., Samarova U., Bengu N.-A., Ibrayeva T. Advanced Approaches to Psoriasis Treatment. Literature review // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2025. Vol.27 (3), pp. 255-266. doi 10.34689/SH.2025.27.3.027
Искакова А., Алгазина Т., Туир Г., Батпенова Г., Котлярова Т., Самарова У., Бенгу Н.-А., Ибраева Т. Передовые подходы к лечению псориаза (обзор литературы) // Наука и Здравоохранение. 2025. Т.27 (3), С. 255-266. doi: 10.34689/SH.2025.27.3.027
Искакова А., Алгазина Т., Туир Г., Батпенова Г., Котлярова Т., Самарова У., Бенгу Н.А., Ибраева Т. Псориазды емдеудің заманауи тәсілдері. Әдебиеттік шолу // Ғылым және Денсаулық. 2025. Т.27 (3), Б. 255–266. doi: 10.34689/SH.2025.27.3.027
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Рецензируемый медицинский научно-практический журнал «Наука и здравоохранение»

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.