ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БҮЙРЕК ОБЫРЫ:СЫРҚАТТАНУШЫЛЫҚТЫ КОМПОНЕНТТІК ТАЛДАУ (2010–2019ж
DOI:
https://doi.org/10.34689/g8yan847Кілт сөздер:
бүйрек обыры, аурушаңдық, тенденциялар, компоненттік талдауАңдатпа
Кіріспе. Әлемде жыл сайын бүйрек обырының (БО) 430 мыңға жуық жаңа жағдайы тіркеледі. БО – бұл қатерлі
ісіктің маңызды түрлерінің бірі, себебі ол денсаулық сақтау жүйесіне айтарлықтай экономикалық ауыртпалық
түсіруді жалғастыруда. Бүйрек қатерлі ісігінің жиілігін зерттеу қауіп факторларын анықтау, алдын алу шараларын
бақылау және бағалау және диагностика мен емдеудің жаңа әдістерін әзірлеу тұрғысынан үлкен ғылыми және
практикалық маңызға ие.
Зерттеу мақсаты: компоненттік талдау арқылы Шығыс Қазақстан облысында бүйрек қатерлі ісігімен
сырқаттанушылықты бағалау.
Зерттеу материалдары мен әдістері. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің №7 нысаннан
алынған Шығыс Қазақстан облысы бойцынша БО жаңа жағдайлары туралы деректерін ретроспективті зерттеуде
эпидемиологияның сипаттамалық және талдамалық әдістері пайдаланылды. 2010 жылдан 2019 жылға дейінгі
жағдайлар санына негізделген сырқаттанушылық динамикасын талдау үшін компоненттік талдау қолданылды.
Нәтижелері. Зерттелетін кезеңде (2010-2019 жылдар) Шығыс Қазақстан облысында (ШҚО) 1 279 жаңа БО
жағдайы тіркелді. ШҚО-да БО орташа жылдық сырқаттанушылық көрсеткіші 100 000 адамға шаққанда 9,2±0,4
(95%СИ=8,4-10,1) құрады. Ер адамдарда аурудың жалпы өсуі +5,740
/0000, ал әйелдерде +3,210
/0000 болды. Екі
жыныста да БО жиілігі өсіп жатыр. Жалпы өсім +4,420
/0000 болды және халықтың жас құрылымындағы өзгерістерге
(∑ΔA=+1,110
/0000), ауру қаупіне (∑ΔR=+3,130
/0000) және жас құрылымы мен ауру қаупінің жиынтық әсеріне
(∑ΔAR=+0,180
/0000) байланысты болды. Компоненттік талдау есептеулеріне сәйкес 2019 жылы 118 науқас күтілген.
Оның орнына пациенттер саны артып, 163-ке жетті. Осылайша, БО аурудың даму қаупінің өзгеруіне байланысты
жағдайлардың көбеюімен сипатталады (+56,7% болатын жалпы өсімнің ішінде +42,0% -ға).
Тұжырымдар. Біздің зерттеуіміз пациенттер санының өсуі қауіп факторларымен, облыс халқының жас
құрылымының өзгеруімен байланысты екенін көрсетеді, бұл халықтың жас типінің регрессивтіге қарай өзгеруімен
байланысты. Денсаулық сақтау саясатын жақсарту және аурудың алдын алу туралы хабардар болу қатерлі ісік
ауыртпалығын төмендетуде маңызды рөл атқаруы мүмкін.
Әдебиеттер тізімі
Игісін Н.С., Дьяков С.С., Тельманова Ж.Б., Кудайбергенова И.О., Хамидуллина З.Г., Джексенова А.М., Ажетова Ж.Р., Орозбаев С.Т., Игисинова Г.С., Билялова З.А., Кожахметов С.К. Рак почки в Восточно-Казахстанской области: компонентный анализ заболеваемости (2010–2019 гг.) // Наука и Здравоохранение. 2023. 6(Т.25). С. 22-29. doi 10.34689/SH.2023.25.6.003
Igissin N.S., Dyakov S.S., Telmanova Zh.B., Kudaibergenova I.O., Khamidullina Z.G., Jexenova A.M., Azhetova Zh.R., Orozbaev S.T., Igissinova G.S., Bilyalova Z.A., Kozhakhmetov S.K. Kidney cancer in East Kazakhstan region: component analysis of incidence (2010-2019) // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2023, (Vol.25) 6, pp. 22-29. doi 10.34689/SH.2023.25.6.003
Игісін Н.С., Дьяков С.С., Тельманова Ж.Б., Кудайбергенова И.О., Хамидуллина З.Г., Джексенова А.М., Ажетова Ж.Р., Орозбаев С.Т., Игисинова Г.С., Билялова З.А., Кожахметов С.К. Шығыс Қазақстан облысындағы бүйрек обыры: сырқаттанушылықты компоненттік талдау (2010–2019ж.) // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 6 (Т.25). Б.22-29. doi 10.34689/SH.2023.25.6.003
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Рецензируемый медицинский научно-практический журнал «Наука и здравоохранение»

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.