ЖОҒАРҒЫ АСҚАЗАН-ІШЕК ЖОЛДАРЫНАН ВАРИКОЗДЫ ЕМЕС ҚАН КЕТУ
DOI:
https://doi.org/10.34689/xscxt260Кілт сөздер:
асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы, асқазан-ішек қан кетулері, эндоскопиялық гемостаз, жедел ойық жаралар, варикоздық емес қан кетулерАңдатпа
Кіріспе. Жоғары асқазан-ішек жолдарынан варикозды емес қан кетулер (ЖАІЖ ВЕК) жедел хирургиядағы ең
маңызды мәселелердің бірі. Бұл патология егде жастағы науқастар мен қосалқы аурулары бар адамдар арасында
жоғары таралуымен және өлім-жітім көрсеткіштерінің айтарлықтай деңгейімен сипатталады.
Мақсаты. Жоғарғы асқазан-ішек жолдарының варикозды емес қан кетулері бар науқастардың емдеу
нәтижелерін зерттеу.
Материалдар мен тәсілдер. Ретроспективті зерттеу Алматы қаласындағы Жедел жәрдем қалалық
ауруханасының хирургия бөлімшесінде 2019 жылғы 1 қаңтар мен 2023 жылғы 31 желтоқсан аралығында
стационарлық ем қабылдаған n=667 науқас арасында жүргізілді. Орташа мәндер (M±m) мен орташа арифметикалық шамалар арасындағы айырмашылықтар Стьюдент критерийі (t) көмегімен бағаланды. Клиникалық
параметрлер мен нәтижелер арасындағы байланысты бағалау үшін χ² (хи-квадрат) критерийі қолданылды.
Қолайсыз нәтижелердің (өлім-жітім, қан кетудің қайталануы, хирургиялық емдеуге қажеттілік) даму қаупі
факторларын бағалау логистикалық регрессия әдісі арқылы жүргізілді. Факторлардың әсері шанс қатынасы (OR)
және 95% сенімділік интервалын (95% CI) есептеу арқылы бағаланды. p<0,05 мәні статистикалық тұрғыдан
маңызды деп қабылданды.
Нәтижелер. Қан кетудің негізгі себептері жедел ойық жаралар (60,4%), Мэллори-Вейсс синдромы (20,4%),
созылмалы ойық жаралар (13,2%) және этиологиясы белгісіз қан кетулер (6,0%) болды. Forrest жіктемесі бойынша
жиі кездесетін түр IIB (54,5%) анықталды. Жалпы қан кетудің қайталану деңгейі 6,9%, ал жалпы өлім-жітім 3,6%
құрады. Өлім-жітім көрсеткіші жедел ойық жаралар кезінде — 2,7%, созылмалы ойық жараларда — 5,6%, Мэллори
Вейсс синдромында — 0,7%, этиологиясы белгісіз қан кетулерде — 17,5% деңгейінде тіркелді. Зерттелген кезеңде
хирургиялық белсенділік орташа 2,8% жетті.
Қорытындылар. Осылайша, жоғарғы асқазан-ішек жолдарының варикозды емес қан кетулері
гастроэнтерология мен хирургиядағы өзекті мәселе болып қала беруде, оның диагностикасы мен емдеуіне кешенді
тәсіл қажет. Зерттеу нәтижелері ойық жара ауруының, Мэллори-Вейсс синдромының және эрозиялық
зақымданулардың қан кетудің негізгі себептері екенін растады. ЖАІЖ ВЕК дамуының негізгі қауіп факторлары
антикоагулянттар мен стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды қабылдау, жүрек-қан тамырлары аурулары,
бұл қан кетуге жоғары бейімділігі бар науқастарда дәрілік терапияны мұқият түзетуді талап етеді.
Әдебиеттер тізімі
Ibekenov O.T., Baymakhanov A.N., Berkinbay A.B., Zheldibaev Ye.M., Duisebekov M.K., Esenbekov N.B., Zhorayev T.S. Non-varicose bleeding from the upper gastrointestinal tract // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2025. Vol.27 (1), pp. 66-74. doi 10.34689/SH.2025.27.1.008
Ибекенов О.Т., Баймаханов А.Н., Беркинбай А.Б., Желдибаев Е.М., Дуйсебеков М.К., Есенбеков Н.Б., Жораев Т.С. Неварикозные кровотечения из верхних отделов желудочно-кишечного тракта // Наука и Здравоохранение. 2025. Vol.27 (1), С. 66-74. doi 10.34689/SH.2025.27.1.008
Ибекенов О.Т., Баймаханов А.Н., Беркінбай А.Б., Желдібаев Е.М., Дүйсебеков М.Қ., Есенбеков Н.Б., Жораев Т.С. Жоғарғы асқазан-ішек жолдарынан варикозды емес қан кету // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2025. Vol.27 (1), Б. 66-74. doi 10.34689/SH.2025.27.1.008
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Рецензируемый медицинский научно-практический журнал «Наука и здравоохранение»

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.