SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

ТОҚПАН ЖІЛІКТІҢ ПРОКСИМАЛЬДЫ БӨЛІГІНІҢ СЫНЫҚТАРЫНХИРУРГИЯЛЫҚ ЕМДЕУГЕ АРНАЛҒАН ҚҰРЫЛҒЫНЫ ӘЗІРЛЕУ.БИОМЕХАНИКАЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТ ӨТКІЗУ.

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/crn0qt41

Кілт сөздер:

тоқпан жіліктің проксимальды бөлігінің сынығы, әзірленген құрылғы, биомеханикаық зерттеу, остеосинтез

Аңдатпа

Өзектілігі. Тоқпан жіліктің проксимальды бөлігінің сынықтары тірек-қимыл жүйесінің барлық сынықтарынын 5-
10% құрайды. Әлемдік әдебиеттерде жоғарыда аталған сынықтарды хирургиялық емдеудің көптеген әдістері
сипатталған, бірақ әлі күнге дейін қабылданған стандарт жоқ. Осыған байланысты тоқпан жіліктің проксимальды
бөлігі сынықтарынын хирургиялық оңалту нәтижелерін жақсарту үшін импланттардың жаңа түрлерін, әртүрлі
хирургиялық әдістерді ойлап табу жұмыстары әлі де жалғасуда.
Зерттеудің мақсаты. Тоқпан жіліктің проксимальды бөлігі сынықтарының тұрақты-функционалды
остеосинтезіне арналған жаңа құрылғы ойлап табу.
Материалдар мен әдістер. Тоқпан жіліктің проксимальды бөлігі сынықтарының отеосинтезіне арналған жаңа
құрылғы жасалынды. Тоқпан жіліктің проксимальды бөлігі сынықтарының әзірленген құрылғымен остеосинтезінің
тұрақтылығын тексеру үшін «сүйек – фиксатор – сүйек» жүйесінде биомеханикалық зерттеу жүргізілді. «Sawbones»
фирмасында жасалған Humerus, 4th Gen. тоқпан жілік модельдерінің барлығы 4 данасы қолданылды. Хирургиялық
мойынының сынығы модельденіп, статикалық жүктеме режимінде 5 мм/мин қысу және 50/мин бұралу сынақтары
жүргізілді.
Нәтижелері. "Сүйек-фиксатор-сүйек" жүйесіндегі иық сүйегінің екі моделін қысу режимінде зерттеген кезде,
шекті жүктеменің орташа мәні 1105,35 Ньютонды құрады, жоғарыда көрсетілген жүктеме кезінде сынық
бөліктерінің жылжуының орташа мәні 1,61 мм құрады. "Сүйек-фиксатор-сүйек" жүйесіндегі иық сүйегінің екі моделін
бұралу режимінде зерттеген кезде шекті жүктеменің орташа шамасы 16.22 Нм, ал жоғарыда көрсетілген жүктеме
кезінде сынық бөліктерінің жылжуының орташа бұрышы 48.970 құрады.
Тұжырым. Жүргізілген биомеханикалық зерттеу тоқпан жіліктің проксимальды бөлігі сынықтарын әзірленген
құрылғымен остеосинтезі тұрақты екенін дәлелдеді. Зерттеуге бақылау тобы енгізілмеген, осыған байланысты
болашақта стандартты құлыптама пластина қолданылған бақылау тобын қоса отырып, ақырлы элементтер
әдісімен компьютерлік модельдеу жүргізу қажет.

Автор өмірбаяны

  • Арман Мусабеков

    Aссистент кафедры травматологии и детской хирургии НАО «Медицинский университет
    Семей», г. Семей, Республика Казахстан;
    Почтовый адрес: Республика Казахстан, 071400, г. Семей, ул. Посмакова 96 – кв.59.
    e-mail: arm_85_@mail.ru
    Телефон: + 7 775 370 91 76

Әдебиеттер тізімі

Мусабеков А.С., Жунусов Е.Т., Тлемисов А.С., Аубакирова С.К., Проказюк А.А., Болатұлы А., Азаматов Б.Н. Разработка устройства для хирургического лечения переломов проксимального отдела плечевой кости. Проведение биомеханического эксперимента // Наука и Здравоохранение. 2023. 6(Т.25). С. 71-76. doi 10.34689/SH.2023.25.6.008

Mussabekov A.S., Zhunussov Ye.T., Tlemisov A.S., Aubakirova S.K., Prokazyuk A.A., Bolatuly A., Azamatov B. Development of a device for the surgical treatment of the proximal humerus fractures. Conducting a biomechanical experiment // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2023, (Vol.25) 6, pp. 71-76. doi 10.34689/SH.2023.25.6.008

Мусабеков А.С., Жунусов Е.Т., Тлемисов А.С., Аубакирова С.К., Проказюк А.А., Болатұлы А., Азаматов Б.Н. Тоқпан жіліктің проксимальды бөлігінің сынықтарын хирургиялық емдеуге арналған құрылғыны әзірлеу. Биомеханикалық эксперимент өткізу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 6 (Т.25). Б.71-76. doi 10.34689/SH.2023.25.6.008

Жүктеулер

Жарияланды

2025-11-18

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 232

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.