SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ ПРОФЕССОРЛЫҚОҚЫТУШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫ АРАСЫНДА DEPRESSION ANXIETYSTRESS SCALE (DASS-21) САУАЛНАМАСЫНЫҢ ҚАЗАҚШАНҰСҚАСЫН ВАЛИДИЗАЦИЯЛАУ: ПИЛОТТЫҚ ЗЕРТТЕУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/ar6h4x26

Кілт сөздер:

валидизация , депрессия , мазасыздық , стресс , психометриялық қасиеттер

Аңдатпа

Кіріспе. IHME мәліметтері бойынша, Қазақстанда 10 адамның 1-і психикалық бұзылулардан, негізінен
депрессия мен мазасыздықтан зардап шегеді. Академиялық медицина саласындағы көптеген зерттеулер
көрсеткендей, оқытушылар жалпы халықпен салыстырғанда психологиялық күйзелістің жоғары деңгейіне ие.
Мақсаты. Біздің зерттеуіміз DASS-21 психометриялық сенімділігін және оның қазақстандық оқытушылар
іріктемесінде қолданылуын бағалауға бағытталған.
Материалдар мен әдістері. Зерттеу 2021 жылдың мамырында Семей медициналық университетінде жүргізілді.
DASS-21 шкаласы пилоттық зерттеу құралы ретінде пайдаланылды. Валидизация рәсімі ДДҰ-ның құралдарды
аудару және бейімдеу жөніндегі ұсынымдарына сәйкес жүргізілді және тікелей аударма, талқылау және кері
аударманы қоса алғанда, 3 кезеңнен тұрды. DASS-21 қазақ нұсқасы 30 еріктіден тұратын пилоттық топта сыналды.
Нәтижелері. Сауалнамаға қатысқандардың орташа жасы 38,17 құрады. DASS-21 шкаласы бойынша жалпы
Кронбах альфасы 0,898 құрады. Депрессия, мазасыздық және стресстің кіші шкаласы үшін Кронбах альфасы
сәйкесінше 0,743, 0,847 және 0,747 құрады. Тест-ретест сенімділігі депрессия үшін 0,712, мазасыздық үшін 0,761
және стресс үшін 0,715 болды.
Қорытынды. Біздің зерттеу DASS-21 психометриялық қасиеттерін растайды және оны депрессия, мазасыздық
және стресстің жалпы белгілерін анықтауға арналған дұрыс құрал ретінде ұсынады.

Автор өмірбаяны

  • Асем Уристемова

    Докторант 3-го года обучения по специальности «Общественное здравоохранение»
    НАО «Медицинский университет Семей», г. Семей, Республика Казахстан.

Әдебиеттер тізімі

Uristemova A.K., Myssaev A.O., Meirmanov S.K., Migina L.E., Pak L.A. Validation of the Kazakh version of the

Depression Anxiety Stress Scale (DASS-21) in medical faculty staff sample: the pilot study // Nauka i Zdravookhranenie

[Science & Healthcare]. 2023, (Vol.25) 5, pp. 262-269. doi 10.34689/SH.2023.25.5.032

Уристемова А.К., Мысаев А.О., Мейрманов С.К., Мигина Л.Е., Пак Л.А. Валидизация казахской версии опросника

Depression Anxiety Stress Scale (DASS-21) среди профессорско-преподавательского состава медицинских университетов:

пилотное исследование // Наука и Здравоохранение. 2023. 5(Т.25). С. 262-269. doi 10.34689/SH.2023.25.5.032

Уристемова А.К., Мысаев А.О., Мейрманов С.К., Мигина Л.Е., Пак Л.А. Медициналық университеттердің

профессорлық-оқытушылық құрамы арасында Depression Anxiety Stress Scale (DASS-21) сауалнамасының қазақша

нұсқасын валидизациялау: пилоттық зерттеу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 5 (Т.25). Б.262-269. doi

10.34689/SH.2023.25.5.032

Жүктеулер

Жарияланды

2026-01-06

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 3 4 > >> 

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.