ОЙЫҚ ЖАРАЛЫ КОЛИТ ПАТОГЕНЕЗІНІҢИММУНОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.34689/m0j3ck77Кілт сөздер:
ішектің қабыну аурулары , ойық жаралы колит , иммунопатогенез , кіші лимфоциттерАңдатпа
Кіріспе. Ойық жаралы колитке жататын ішектің қабыну ауруларының (IҚА) өзектілігі аурудың еңбекке қабілетті
жастағы адамдар арасында таралуына, созылмалы қайталанатын прогрессивті ағымға, ішек қабырғасының
деструктивті қабынуының дамуына қалыпты емес иммундық жауаптың үлесіне байланысты. Туа біткен және
адаптивті иммунитеттің компоненттерін, соның ішінде ойық жаралы колиттегі минорлы лимфоциттерді қамтитын IҚА
иммундық механизмдерін түсіну олардың созылмалы қабынуды дамыту мен сақтаудағы патогенетикалық рөлі
туралы түсініктерін кеңейтеді.
Материалдар мен әдістер:. Зерттеу нысаны Өскемен қаласының Шығыс Қазақстан облыстық медициналық
бірлестігінің (ШҚ ОМО) проктология және абдоминальды хирургия бөлімшесінің базасында тоқ ішектің қабыну
аурулары бар науқастар болды. Зерттеу бақылау, аналитикалық, "іс-бақылау" болып табылады, зерттеу тобы үшін
үздіксіз. Миноұрлы лимфоциттерді қосумен иммунологиялық көрсеткіштер зерттелді: моноклоналды антиденелер
арқылы перифериялық қан лимфоциттерін иммунофенотиптеу, ИФА арқылы IgA, IgM, IgG концентрациясын
анықтау, өздігінен және ынталандырылған НСТ сынағы кірді.
Статистикалық есептеулер Statistica 5.0 және Microsoft Excel нұсқаларының бағдарламалық пакеттері арқылы
жүргізілді. Сондай - ақ, StatTech (Статтех) h v. 1.2.0 (әзірлеуші-ЖШҚ "Статтех", Ресей) жаңа статистикалық
бағдарламасының көмегімен зерттеу топтарында тәуекел факторының коэффициенттерін есептеу жүргізілді.
Зерттеу нәтижелері CD4+Т-лимфоциттермен қатар, цитотоксикалық белсенділігі бар лимфоидты
жасушалардың, ойық жаралы колиттің патогеніне қатысуын көрсетеді, оның ішінде: СД8 + Т-лимфоциттер,
қабынулық бағыты бар Т-NK. Ойық жаралы колит кезінде зақымдану және созылмалы қабынудың сақталу
механизмдеріне фагоциттеуші жасушалардың оксидазалық жүйелері белсенді оттегі түрлерін (ОБТ) және
макрофагтық қабынуды шақыратын цитокиндерді шығарумен қорғаудың спецификалық емес факторлары да
қатысады.
Қорытындылар. Ойық жаралы колиттегі иммундық жүйенің факторларын жан-жақты зерттеу созылмалы
қабыну патогенезіне қатысатын иммунологиялық механизмдерді түсінуге мүмкіндік береді.
Әдебиеттер тізімі
Жетписбаева Х.С., Адрисова К.С., Жетписбаев Б.А., Иманбаева Н.Д., Аскарова К.М. Иммунологические аспекты
патогенеза язвенного колита // Наука и Здравоохранение. 2023. 4(Т.25). С. 118-126. doi 10.34689/SH.2023.25.4.014
Zhetpisbayeva Kh.S., Adrisova K.S., Zhetpisbaev B.A., Imanbayeva N.D., Askarova K.M. Immunological aspects of the
pathogenesis of ulcerant colitis // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2023, (Vol.25) 4, pp. 118-126. doi
10.34689/SH.2023.25.4.014
Жетписбаева Х.С., Адрисова К.С., Жетписбаев Б.А., Иманбаева Н.Д., Аскарова К.М. Ойық жаралы колит
патогенезінің иммунологиялық аспектілері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 4 (Т.25). Б.118-126. doi
10.34689/SH.2023.25.4.014
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Хафиза Жетписбаева, Капура Адрисова, Бекболат Жетписбаев, Нуржамал Иманбаева, Карашаш Аскарова (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.