ҚАЗАҚ ПОПУЛЯЦИЯСЫНДА АВСВ1 ГЕН ПОЛИМОРФИЗМІНІҢАПИКСАБАННЫҢ ФАРМАКОКИНЕТИКАЛЫҚКӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ЫҚПАЛЫН БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.34689/arw8c730Кілт сөздер:
ABCB1 гені , генотиптеу , бір нуклеотидті полиморфизм , апиксабан , фармакогенетикаАңдатпа
Кіріспе. Жүрекшелердің фибрилляциясы - жүрек ырғағының бұзылуы. Апиксабан тікелей әсер ететін
антикоагулянт, оның әсер ету механизмі Ха ұю факторы белсенділігін тежеу болып табылады. Әдебиеттер ABCB1
гендерінің полиморфизмдері дәлелденген клиникалық әсері бар, дәрілік заттардың ең жоғары және ең төменгі
деңгейлерінің өзгеруіне ықпал ететін ең көп таралған генетикалық нұсқалар болып табылатынын көрсетеді.
Зерттеу мақсаты. ABCB1 гендік полиморфизмінің қазақстандық популяциядағы жүрекшелер фибрилляциясы
бар науқастарда Апиксабан концентрациясына әсерін зерттеу
Әдістері. Перифериялық қаннан геномдық ДНҚны бөлу өндірушінің нұсқауларына сәйкес коммерциялық
Thermo Scientific GeneJET (Thermo Fisher Scientific) шағын жинағы арқылы жүзеге асты. ДНҚ концентрациясы
Nanodrop 1000 спектрофотометрінде өлшенді. SNP генотипі TaqMan технологиясы арқылы орындалды.
Нәтижелер. Берілген жұмыс бойынша қазақ популяциясында АВСВ1 генінің полиморфизмдері (rs4148738,
rs1045642, rs2032582, rs1128503) мен қан плазмасындағы апиксабанның ең жоғары немесе ең төменгі
концентрациясында статистикалық маңызды айырмашылықтар табылған жоқ.
Қорытынды: Препараттың метаболизміне қатысатын ферменттердің белсенділігіне генетикалық
факторлардың әсерін талдау, емдеуді жекелендіру үшін жекелендірілген медицинаның мүмкіндіктерін кеңейтуге
көмектеседі. ABСВ1 полиморфизмдерін тасымалдаудың апиксабан метаболизміне әсерін зерттеу үшін әртүрлі
этникалық популяцияларда ауқымды зерттеулер жүргізу қажет.
Әдебиеттер тізімі
Абдрахманов А., Жолдыбаева Е., Шаймердинова А., Риб Е., Абильдинова С., Туякова Г., Сулеймен Ж.,
Бекбосынова М. Оценка влияния полиморфизма гена АВСВ1 на фармакокинетические параметры апиксабана в
казахской популяции // Наука и Здравоохранение. 2023. 3(Т.25). С. 32-39. doi 10.34689/SH.2023.25.3.004
Abdrakhmanov A. Zholdybaeva Ye., Shaimerdinova A., Rib Ye., Abildinova C., Tuyakova G., Suleimen Zh., Bekbosynova
M. Evaluation of the ABСВ1 gene polymorphisms effects on the Apixaban’s pharmacokinetic parameters in the Kazakh
population // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2023, (Vol.25) 3, pp. 32-39. doi 10.34689/SH.2023.25.3.004
Абдрахманов А., Жолдыбаева Е., Шаймердинова А., Риб Е., Абильдинова С., Туякова Г., Сулеймен Ж.,
Бекбосынова М. Қазақ популяциясында АВСВ1 ген полиморфизмінің Апиксабанның фармакокинетикалық
көрсеткіштеріне ықпалын бағалау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 3 (Т.25). Б. 32-39. doi
10.34689/SH.2023.25.3.004
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Аян Абдрахманов, Елена Жолдыбаева, Айжана Шаймердинова, Елена Риб, Светлана Абильдинова, Гульнара Туякова, Жанасыл Сулеймен, Махаббат Бекбосынова (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.