SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

БИЛИАРЛЫ ПАНКРЕАТИТТІҢ ЭТИОПАТОГЕНЕЗІ ЖӘНЕХИРУРГИЯЛЫҚ ЕМІ. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/ttx98x09

Кілт сөздер:

панкреатит , жедел билиарлы панкреатит , холедохолитиаз , ұйқы безі , бауырдан тыс өт жолдары , вирсунголитиаз

Аңдатпа

Кіріспе: билиарлы панкреатит ең көп таралған патологиялардың бірі, қазіргі уақытта хирургияның маңызды
мәселелерінің бірі болып табылады және соңғы онжылдықтарда саны артып келеді. Панкреатиттің дамуындағы
негізгі этиологиялық факторларының бірден - бір себебі бауырдан тыс өт жолдарының аурулары болып табылады.
Билиарлы генездегі панкреатит ұйқы безінің жедел қабынуын бақылауында 26% - 60% - ды құрайды. Жедел
билиарлы панкреатиттің хронизациясы 43% жағдайға жетеді. «Билиарлы» панкреатиттің патогенезінің жетекші
факторлары: бауырдан тыс өт жолдары мен ұйқы безінің өзегі өтімсіздігінің себебінен, өзек ішілік гипертензияның
дамуынан билиарлы-панкреатиялық рефлюкс дамиды. ЖП қолайсыз нәтижелерінің төмендеу үрдісі жоқ және
емдеуге жатқызылған науқастар санының 30% -да байқалады, олардың 80% -да патологиялық-анатомиялық ашып
қарау деректері бойынша өліммен аяқталу аурудың ауыр түріне байланысты. ЖП кезіндегі өлімнің негізгі шыңдары
екі негізгі кезеңге байланысты: ерте кезеңі - көбінесе панкреатогендік шок себебінен болса, кеш кезеңі деструктивті
формалардың инфекциялық асқынуларына байланысты болып табылады. ЖП-тің іріңді асқынулары формасы мен
локализациясы жағынан әр түрлі, сондықтан олар әр нақты науқасты емдеуге жеке көзқарасты қажет етеді.
Мақсаты: билиарлы панкреатитті хирургиялық емдеу туралы әдебиеттерге шолу жасау.
Зерттеу әдістері: әдебиеттерді Pubmed, Google академиясы, elibrary.ru, сондай-ақ «қолмен» іздеумен жүзеге
асырылады. Іздеу тереңдігі Pubmed, Google академиясы, elibrary.ru, сондай-ақ «қолмен», шектеулер болған жоқ. Келесі
сүзгілер қолданылды: fulltext, humans. Жарияланымдарды шолуға қосу критерийлеріне: толық мәтінді қол жетімді,
орыс және ағылшын тілдеріндегі, статистикалық тексерілген қорытындылары бар жарияланымдар. Алып тастау
критерийлеріне: қайталанатын мәліметтер, баяндамалардың қысқаша мазмұны, газет басылымдары, жеке
хабарламалар.
Нәтижелері: ЖП қолайсыз нәтижелерінің төмендеу үрдісі жоқ және емдеуге жатқызылған науқастар санының
30% -да байқалады, олардың 80% -да патологиялық-анатомиялық ашып қарау деректері бойынша өліммен аяқталу
аурудың ауыр түріне байланысты. ЖП кезіндегі өлімнің негізгі шыңдары екі негізгі кезеңге байланысты: ерте кезеңі
- көбінесе панкреатогендік шок себебінен болса, кеш кезеңі деструктивті формалардың инфекциялық асқынуларына
байланысты болып табылады. ЖП-тің іріңді асқынулары формасы мен локализациясы жағынан әр түрлі,
сондықтан олар әр нақты науқасты емдеуге жеке көзқарасты қажет етеді. Қазіргі уақытта жедел панкреатиттің
этиологиясы бойынша әртүрлі формалардағы хирургиялық тактика толық қанды шешімі табылған жоқ.
Қорытынды: осылайша, таралудың жоғары деңгейі, биллиарлы панкреатиттің жиі асқынуы, оның дамуының
көптеген қауіп факторларының болуы осы ауруды уақтылы диагностикалау мен хирургиялық емдеудің ең оңтайлы
әдістерін іздеуді қажет етеді.

Автор өмірбаяны

  • Алдияр Масалов

    PhD докторант 2-го года обучения по специальности «Медицина», кафедры
    госпитальной и детской хирургии НАО «Медицинский университет Семей». г. Семей, Республика Казахстан. 

Әдебиеттер тізімі

Aimagambetov M.Zh., Masalov A.E., Lubyansky V.G., Omarov N.B., Abdrakhmanov S.T., Auyenov M.A., Zhussupov

S.M., Bokin D.S. Etiopathogenesis and surgical treatment of biliary pancreatitis. Review // Nauka i Zdravookhranenie [Science

& Healthcare]. 2022, (Vol.24) 4, pp. 176-187. doi 10.34689/SH.2022.24.4.022

Аймагамбетов М.Ж., Масалов А.Е., Лубянский В.Г., Омаров Н.Б., Абдрахманов С.Т., Әуенов М.Ә., Жусупов

С.М., Бокин Д.С. Этиопатогенез и хирургическое лечение билиарного панкреатита. Обзор литературы // Наука и

Здравоохранение. 2022. 4(Т.24). С. 176-187. doi 10.34689/SH.2022.24.4.022

Аймагамбетов М.Ж., Масалов А.Е., Лубянский В.Г., Омаров Н.Б., Абдрахманов С.Т., Әуенов М.Ә., Жусупов

С.М., Бокин Д.С. Билиарлы панкреатиттің этиопатогенезі және хирургиялық емі. Әдебиеттік шолу // Ғылым және

Денсаулық сақтау. 2022. 4 (Т.24). Б. 176-187. doi 10.34689/SH.2022.24.4.022

Жүктеулер

Жарияланды

2026-01-16

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 3 4 5 > >> 

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.