SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

МИДЫҢ ИНТРАКРАНИАЛДЫ АНЕВРИЗМАЛАРЫНЫҢ ОТБАСЫЛЫҚФОРМАЛАРЫНЫҢ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫ.ӘДЕБИ ШОЛУ.

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/r9maws75

Кілт сөздер:

интракраниалды аневризмалар , отбасылық формалар , субарахноидты қан кету , гендер , SNP , мутациялар

Аңдатпа

Кіріспе. Субарахноидты қан кетулер (САҚ) - интракраниалды аневризмалардың бұзылуынан пайда болатын
жедел ми қан айналымының бұзылуының ерекше түрі, спорадикалық және отбасылық формаларды ажыратады.
Іздеу стратегиясы. Субарахноидты қан кетулердің негізгі мәселесі -аурудың кенеттен пайда болуымен
асимптоматикалық ағымына байланысты ерте диагноздың күрделілігі. Уақтылы емделмеу мүгедектік пен өлім
сияқты ауыр зардаптарға әкеледі. Бұл осы мәселенің медициналық және әлеуметтік маңыздылығына
байланысты. Превентивті және дербестендірілген медицина тәсілдерінің дамуымен аурулардың этиологиясын
анықтайтын генетикалық маркерлер бойынша ерте диагностика жүргізуге мүмкіндік туды.
Мақсаты. Қазақстан Республикасының аумағында аталған ауру мәселесінің маңыздылығы мен өзектілігін
бағалау үшін орыс тілінде ұсынылған статистикалық деректері бар жергілікті мақалалар, жинақтар зерттелді.
Негізгі әдебиеттерді іздеу барысында келесі іздеу жүйесі қолданылды: Pubmed, кілт сөздер бойынша:
интракраниалды аневризмалар және генетика. Уақыт кезеңі 2011-2021 жылдармен белгіленді. Осы тақырып
бойынша 114 жарияланым анықталды. Зерттеуде жоғарыда аталған сұраққа арналған ағылшын тіліндегі толық
мәтінді басылымдар ғана енгізілді, басқа тілдердегі жарияланымдар еңгізілмеді (103 жарияланым). Шолуға қосу
критерийі отбасылық жағдайларды қамтитын және молекулалық-генетикалық зерттеу әдістерін қолданатын
мақалалар болды. Осы критерийлерді қолдану кезінде жарияланымдар тізімі 31-ге дейін қысқарды, олардың
талдауы осы әдеби шолуда ұсынылған. Нәтижелері мен қорытындылары. Әдебиеттерді шолу нәтижелеріне сүйене отырып, көптеген
жарияланымдар субарахноидальды қан кету патофизиологиясына қатысатын гендердің нақты саны әлі белгісіз
екенін көрсетеді. Алайда, бірнеше гендер скрининг және қауіп топтарын анықтау үшін пайдалануға ұсынылды.

Автор өмірбаяны

  • Акбота Акбота

    Республиканское государственное предприятие «Национальный центр
    биотехнологии» Комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан, г. Нур-Султан,
    Республика Казахстан.

Әдебиеттер тізімі

Айткулова А.М., Кулмамбетова Г.Н., Джамантаева Б.Д., Жолдыбаева Е.В. Генетические факторы риска

развития семейных форм интракраниальных аневризм головного мозга. Обзор литературы // Наука и

Здравоохранение. 2021. 5(Т.23). С. 185-193. doi 10.34689/SH.2021.23.5.020

Aitkulova A.М., Kulmambetova G.N., Jamantayeva B.D., Zholdybayeva E.V. Genetic risk factors for familial intracranial

aneurysms. Literature review // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2021, (Vol.23) 5, pp. 185-193. doi

10.34689/SH.2021.23.5.020

Айткулова А.М., Кулмамбетова Г.Н., Джамантаева Б.Д., Жолдыбаева Е.В. Мидың интракраниалды

аневризмаларының отбасылық формаларының генетикалық қауіп факторлары. Әдеби шолу // Ғылым және

Денсаулық сақтау. 2021. 5 (Т.23). Б. 185-193. doi 10.34689/SH.2021.23.5.020

Жүктеулер

Жарияланды

2026-01-21

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.