SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

ТІЗЕ ҮСТІ СҮЙЕГІ СЫНЫҚТАРЫНЫҢ ӘР ТҮРЛІЕМДЕУ ӘДІСТЕРІН САЛЫСТЫРУ

Авторлар

  • Елжан Манарбеков Автор
  • Айгерим Абишева Автор https://orcid.org/0000-0002-6291-1876
  • Алмас Дюсупов Автор
  • Тогжан Манарбекова Автор
  • Меруерт Мукашева Автор
  • Гульнар Габдуллина Автор
  • Ольга Ван Автор

DOI:

https://doi.org/10.34689/6dvszy62

Кілт сөздер:

тізе үсті сүйегінің сынығы , сүйек арқылы остеосинтез

Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты: тізе үсті сүйегінің көлденең сынықтарының оперативтік ем түрлерін салыстыру.
Материалдар мен тәсілдер: Зерттеудің дизайны: бақыланушы клиникалық зерттеу. Зерттеу жұмысы 2015-2018
жылдар аралығында Семей қаласының жедел медициналық көмек ауруханасының клиникалық базасында
жүргізілді. Зерттеуге тізе үсті сүйегі сынған 48 науқас қатысты, оның ішінде 33 ер адам (73,3%) және 15 әйел
(26,7%) 18 жастан асқан (ең үлкен науқас жарақат алған кезде 77 жаста болған). Топтағы орташа жас мөлшері 48,0
± 4,4 жасты құрады. Жүргізілген емге байланысты барлық науқастар 2 топқа бөлінді: негізгі топ және салыстыру
тобы. Бірінші топқа 24 науқас кірді - 16 ер адам және 8 әйел, екіншісі - 17 ер адам және 7 әйел. Таңдалған
топтардың орташа жасы да айтарлықтай ерекшеленбеді - сәйкесінше 48,3 ± 4,6 және 47,7 ± 4,3. Негізгі топта емдеу
сүйек арқылы остеосинтездің жетілдірілген әдісімен жүргізілді.
Статистикалық талдау параметрлік әдістердің көмегімен жүргізілді (Student t-критериі). Егер t-критериі вариация
қатарының қалыпты таралмауына байланысты қолданылмаса, бутстрап әдісі қосымша қолданылды.
Зерттеу нәтижелері: Жараның инфекциялаунымен байланысты асқынулар тек ашық хирургиялық остеосинтез
кезінде 3 науқаста байқалды, оның ішінде операциядан кейінгі жараның ұзақ жазылуы қайтадан оталық емді қажет
ететін терең инфекцияның дамуымен байланысты болды.
Сынық бөлітерінің екінші реттік орнынан жылжуы негізгі топта тек бір жағдайда, ал салыстыру тобында екі
жағдайда болды. Салыстыру тобындағы екі науқасқа да қайталама ота жасау қажет болды.
Жарақаттан кейінгі ауыр дәрежедегі артриттің клиникалық көріністерін аз кездесті - әр топта бір жағдай. Алайда,
нәтижесінде тізе буынының контрактуралары салыстыру тобындағы үш науқаста және тек негізгі топтағы біреуінде
дамыды. Жалпы топтағы асқынудың жалпы деңгейі 12,5%, салыстыру тобында 41,7% құрады (айырмашылық 3,33
есе, -2 = 5,38, p = 0,040). Бұл асқынулар негізгі топтағы екі науқаста (8,3%) және салыстыру тобындағы алты науқаста (25,0%) дамыды. Бұл көрсеткіштің айырмашылықтары 3 есе болды (-2 = 5.03, p = 0.044). Салыстару
тобында ашық, батырмалы остеосинтез әдісі қолданылды.
Топтар арасындағы айтарлықтай айырмашылық амбулаториялық емдеу ұзақтығында анықталды
(остеосинтезді қамтамасыз ететін металл құрылғыны алып тастағаннан кейін науқасты оңалту қажеттілігіне
байланысты екі есеге жуық). Стационарлық емдеу ұзақтығының айырмашылығы негізгі топтың пайдасына 71,4%
құрады. Екі жағдайда да бұл айырмашылықтар статистикалық тұрғыдан маңызды болды (p <0.001).
Қорытынды: Тізе үсті сүйегі сынықтарының сүйек арқылы остеосинтез әдісін остеосинтездің ашық
әдістерімен салыстыра отырып, асқынулардың жалпы жиілігін төмендетуге болады.

Автор өмірбаяны

  • Елжан Манарбеков

    ассистент, доктор PhD кафедры неотложной медицины НАО «Медицинский
    университет Семей», г. Семей, Республика Казахстан. 

Әдебиеттер тізімі

Manarbekov Ye.M., Abisheva A.A., Dyussupov A.A., Manarbekovа T.M., Mukasheva M.M., Gabdullina G.S., Van O.T.

Comparison of different treatments for patellar fractures // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2021, (Vol.23) 3,

pp. 87-93. doi 10.34689/SH.2021.23.3.010

Манарбеков Е.М., Абишева А.С., Дюсупов А.А., Манарбекова Т.М., Мукашева М.М., Габдуллина Г.С., Ван О.Т.

Сравнение различных методов лечения переломов надколенника // Наука и Здравоохранение. 2021. 3(Т.23). С. 87-

93. doi 10.34689/SH.2021.23.3.010

Манарбеков Е.М., Абишева А.С., Дюсупов А.А., Манарбекова Т.М., Мукашева М.М., Габдуллина Г.С., Ван О.Т.

Тізе үсті сүйегі сынықтарын әр түрлі емдеу әдістерімен салыстыру // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 3 (Т.23).

Б. 87-93. doi 10.34689/SH.2021.23.3.010

Жүктеулер

Жарияланды

2026-01-23

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 3 > >> 

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.