SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

ПЕРИОДОНТАЛЫҚ АУРУЛЫ КЕШЕНДІ ЕМДЕУ ҮШІНКӨМІРТЕК СОРБЕНТІН ҚОЛДАНУ

Авторлар

  • Нуржанат Хайдарова Автор https://orcid.org/0000-0002-1364-1945
  • Алина Карякина Автор
  • Ляйля Байсекина Автор
  • Думан Муратбеков Автор
  • Алима Тагаева Автор
  • Гулим Сапаш Автор
  • Диана Нугуманова Автор
  • Алдияр Бекмухамбет Автор
  • Перизат Бекенова Автор
  • Санжар Халелов Автор

DOI:

https://doi.org/10.34689/03s9qy63

Кілт сөздер:

периодонтит , гингивит , сорбенттер , пародонтты емдеу

Аңдатпа

Соңғыжылдары клиникалық медицинаның барлық салаларында сорбциялық терапияны қолдану мәселесіне
көп көңіл бөлінуде.Сорбенттерге деген қызығушылық олардың органикалық қосылыстардың тотығуында және
тотықтардың ыдырауында, мысалы, қышқыл метаболиттерінің адсорбциялануында катализдік белсенділігі жоғары
болғандықтан, жараның бөлінуінің рН-ын жоғарылатады, сонымен қатар дегидратация әсеріне ие, бұл оларды
қолданғаннан кейінгі алғашқы сағаттарда тіндердің ісінуін айтарлықтай төмендетеді. Пародонт ауруларының
дамуындағы шешуші механизмі болып тіс қақтарының және тіс тасының цитотоксикалық әсерінен туындаған
иммунопатологиялық компонент екенін ескере отырып, қабыну және қабынбалы-деструктивті пародонт ауруларын
емдеу кешендеріне сорбция әдісін қолдануға негізделген. Қойылған міндеттерді іске асыру үшін біз 17 жастан 61
жасқа дейінгі қабыну және қабынбалы-деструктивті пародонт аурулары (созылмалы катаральді гингивит және
созылмалы жайылмалы жеңіл және орташа ауырлықтағы пародонтит) бар 180 науқасқа стоматологиялық тексеру
және кешенді емдеу жүргіздік. Науқастардың ішінен әйел адамдардың жалпы саны 129 (71,6%), ер адамдар 51
(28,3%) болды. Бұл мақалада диагностикалаудың жеке, кешенді және дәйекті емдеудің тиімді жоспарын құру үшін
әр нақты науқастың қосалқы стоматологиялық және фондық ауруларын анықтаумен пародонттағы патологияның
ағымын және көрінісін сипаттау мақсатында негізгі және қосымша зерттеу әдістерінің көрсеткіштерін салыстыру
жүйесі көрсетілді. Пародонттағы патологиялық процестің дамуы мен прогрессиясы микроорганизмдер топтарының
сандық арақатынасының өзгеруімен қатар жүрді: қысылған формалар мен бір мезгілде көбейетін қозғалмайтын
таяқшалар үлесінің және кокк формалар үлесінің төмендеуі байқалды. Пародонттағы процестің ауырлығы
жоғарылаған сайын МАК төмендеді.
Цитопатологияның сипаты пародонт ауруының формасы мен дәрежесіне тікелей тәуелділігі анықталды.
Алынған клиникалық және зертханалық мәліметтер емдеу жоспарын дайындауда және оны жүзеге асыруда дәйекті
терапевтік шаралардың жеке кешенін таңдауға негіз болды. Қабыну және қабынбалы-деструктивті пародонт
ауруларын емдеу ерекшеліктері.
Клиникалық пародонтологияның қазіргі даму деңгейі, жаңа фармацевтикалық технологиялардың деңгейін
дәрілік заттарды қолданудың басымдылығын, қызылиек жүлгесіне патогендік микрофлорасының вируленттілігін
төмендетуге, оның токсиндерін, ферменттерін және басқа метаболизм өнімдерін инактивациялауға, организмге
уытты әсерінің төмендеуіне әсер ететінін анықтады.

Автор өмірбаяны

  • Нуржанат Хайдарова

    доцент кафедры терапевтической стоматологии НАО "Медицинский
    университет Семей".

Әдебиеттер тізімі

Хайдарова Н.Б., Бекенова П., Бекмухамбет А., Нугуманова Д., Сапаш Г., Тагаева А., Муратбеков Д., Байсекина

Л., Карякина А., Халелов С. Применение углеродного сорбента в комплексном лечении болезни пародонта // Наука и

Здравоохранение. 2020. 4 (Т.22).С. 133-144. doi10.34689/SH.2020.22.4.014

Khaidarova N.B., Bekenova P., Bekmuhambet A., Nugumanova D., Sapash G., Tagaeva A., Muratbekov D., Baysekina

L., Karjakina A., Khalelov S. The application of carbon sorbent in the complex treatment of periodontal disease // Nauka i

Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2020, (Vol.22) 4, pp. 133-144. doi10.34689/SH.2020.22.4.014

Хайдарова Н.Б., Бекенова П., Бекмухамбет А., Нугуманова Д., Сапаш Г., Тагаева А., Муратбеков Д., Байсекина

Л., Карякина А., Халелов С. Периодонталық аурулы кешенді емдеу үшін көміртек сорбентін қолдану // Ғылым және

Денсаулық сақтау. 2020. 4 (Т.22). Б. 133-144. doi10.34689/SH.2020.22.4.014

Жүктеулер

Жарияланды

2026-01-27

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.