SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

ОРТА АЗИЯ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕПРОБИОТИКАЛЫҚ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ ӘСЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/m5j9d819

Кілт сөздер:

синбиотик , метаболикалық синдром , липидтер бейіні

Аңдатпа

Кіріспе. Негізгі мақсат - таңдалған пробиотикалық штаммдардан (Lactobacillus plantarum, Lactobacillus fermentum,
Lactobacillus acidophilus, Bifidobacterium longum, Bifidobacterium bifidum), инулин, пектин және балық коллагенінен
тұратын синбиотикалық өнімнің тиімділігін метаболикалық синдром диагнозы қойылған ересек тұрғындар арасында
тексеру.
Материалдар мен әдістер. Бұл қосарлы жасырын плацебо-бақыланатын зерттеу 25-тен 75 жасқа дейінгі 180
қатысушылардың арасында жүргізілді. Метаболикалық синдромы бар және жоқ субъектілер синбиотик немесе
плацебо қабылдауға кездейсоқ бөлінген. Өнім күн сайын үш ай ішінде қабылданды. 180 қатысушының 134-і
зерттеуді аяқтады.
Нәтижелер. Плацебомен салыстырғанда, синбиотиктерді қабылдаған топта ТТЛП мен үшацилглицеридтер
деңгейінің төмендеуі есебінен холестериннің (ЖХ) жалпы деңгейі 5,16 ± 0,95-тен 4,86 ± 0,86 ммоль/л-ге дейін (р
<0,0005) айтарлықтай төмендеді. Алынған мәліметтер сыналатын синбиотиктің ересектерде артық салмақты
бақылауға және зат алмасудың кейбір бұзылыстарын емдеуге оң әсерін дәлелдейді.
Қорытынды. Біз, зерттелетін синбиотиктің метаболикалық синдромның қатерін және үдеуін азайту әлеуеті бар
деген қорытындыға келдік. Осы зерттеу артық салмақты бақылауда, сондай-ақ кейбір метаболикалық
бұзылыстардың үдеуінде қосымша терапия ретінде синбиотикті қолданудың оң әсерін анықтады.

Автор өмірбаяны

  • Алмагуль Кушугулова

    MD, D.M.Sc., Head of Human Microbiome Laboratory, Center for Life
    Sciences, National Laboratory Astana, Nazarbayev University, Nur-Sultan, Republic of Kazakhstan.

Әдебиеттер тізімі

Кушугулова А.Р., Форсланд С.K., Кожахметов С.С., Каиров У.E., Молкенов А.Б., Сергазы Ш.Д., Садуахасова

С.А., Уразбаева Г.С., Бейсембаева С.Ч., Карабаева Р.Ж., Бакенова Р.А., Нургожин Т.С., Бенберин В.В., Жумадилов

Ж.Ш., Пир Б. Клинический эффект пробиотик-содержащего продукта на показатели здоровья в популяции

Центральной Азии // Наука и Здравоохранение. 2020. 2(Т.22). С. 49-60. doi 10.34689/SH.2020.22.2.005

Kushugulova A.R., Forslund S.K., Kozhakhmetov S.S., Kairov U.E., Molkenov A.B., Sergazy Sh.S., Saduakhassova

S.A., Urazbayeva G.S., Beysembayeva S.Ch., Karabaeva R.Zh., Bakenova R.A., Nurgozhin T.S., Benberin V.V., Zhumadilov

Zh.Sh., Peer B. The clinical effect of probiotic-containing product on health indicators among a population of Central Asia //

Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2020, (Vol.22) 2, pp. 49-60. doi 10.34689/SH.2020.22.2.005

Кушугулова А.Р., Форсланд С., Кожахметов С.С., Каиров У.Е., Молкенов А.Б., Сергазы Ш.Д., Садуахасова С.А.,

Уразбаева Г.С, Бейсембаева С.Ш., Карабаева Р.Ж., Бакенова Р.А., Нургожин Т.С., Бенберин В.В., Жумадилов Ж.Ш.,

Пир Б. Орта Азия тұрғындарының денсаулық көрсеткіштеріне пробиотикалық дәрілік заттардың клиникалық әсері //

Ғылым және Денсаулық сақтау. 2020. 2 (Т.22). Б. 49-60. doi 10.34689/SH.2020.22.2.005

Жүктеулер

Жарияланды

2026-01-27

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 3 > >> 

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.