SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

ЕУРОПАДАҒЫ АУЫЗ СУДАҒЫ ҚОРҒАСЫННЫҢ ШОҒЫРЛАНУЫ ЖӘНЕЖҮРЕК-ҚАН ТАМЫРЛАРЫ АУРУЛАРЫНАН БОЛАТЫН ӨЛІМ-ЖІТІМ

Авторлар

  • Гейр Бьёрклунд Автор

DOI:

https://doi.org/10.34689/axb8w514

Кілт сөздер:

ауыз су , қорғасын , жүрек-қан тамырлары аурулары , өлім-жітім

Аңдатпа

Судың қатаңдығы, ауыз судағы қорғасынның концентрациясы (Pb) және Ұлыбритания мен Норвегиядағы
жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім арасындағы өзара байланыстарға қатысты эпидемиологиялық
бақылау қорғасын осы күнге дейін танылғанға қарағанда, АҚШ пен 20-шы ғасырдың Еуропада жүректің
ишемиялық ауруы індетінің дамуында анағұрлым маңызды рөл атқарады деп болжауға мүмкіндік береді.
Зерттеудің мақсаты қоршаған ортадағы қорғасын мен қан құрамының жүрек-қан тамырлары ауруларымен
байланысы туралы әдебиеттерді шолу болды.
Материалдар мен әдістер. Тиісті ғылыми басылымдарды іздестіру дәлелді медицинаның деректер базасында
(PubMed, CochraneLibrary), мамандандырылған іздеу жүйелерінде (GoogleScholar) жүргізілді. Келесі іздеу сүзгілері
немесе қосу өлшемдері пайдаланылды: қоршаған ортадағы, ауыз судағы және азық-түлік өнімдеріндегі қорғасын
көздерінің экологиялық зерттеулері, қорғасын патологиясы мен жүрек-қантамыр жүйесінің өзара байланысын, ауыз
судың ағылшын тілінде жарияланған қаттылығын, мақалалардың толық нұсқаларын эпидемиологиялық зерттеу.
Артықшылық жоғары әдіснамалық сападағы зерттеулерге (когорттық зерттеулер және әртүрлі дизайн
зерттеулерінің шолулары) берілді, олар болмаған жағдайда көлденең зерттеулердің нәтижелері ескерілді.
Зерттеу келесі негізгі сөздерді іздеу арқылы алынды: ауыз су және қорғасын; жүрек-тамыр аурулары және
қорғасын; өлім және қорғасын.
Нәтижелер. Қандағы қорғасын концентрациясы мен систолалық және диастолалық артериялық қысым,
инсульт және инфаркт арасындағы корреляция анықталды. Pb уытты әсерлері судың қатаңдығы мен жүрек-тамыр
өлімінің арасындағы байланысты түсіндіре алады.

Автор өмірбаяны

  • Гейр Бьёрклунд

    Council for Nutritional and Environmental Medicine

Әдебиеттер тізімі

Geir Bjørklund Концентрация свинца в питьевой воде в Европе и смертность от сердечно-сосудистых

заболеваний // Наука и Здравоохранение. 2019. 6 (Т.21). С. 5-10.

Geir Bjørklund Lead concentrations in drinking water in Europe and cardiovascular mortality // Nauka i Zdravookhranenie

[Science & Healthcare]. 2019, (Vol.21) 6, pp. 5-10.

Geir Bjørklund Еуропадағы ауыз судағы қорғасынның шоғырлануы және жүрек-қан тамырлары ауруларынан

болатын өлім-жітім // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2019. 6 (Т.21). Б. 5-10.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-01-28

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.