БАЛАЛАРДЫ ВАКЦИНАЦИЯЛАУ КЕЗІНДЕГІ МЕЙІРБИКЕНІҢ РӨЛІ
DOI:
https://doi.org/10.34689/g3rh7823Кілт сөздер:
мейірбикелік іс , вакцина / егу , вакцинация , медицинские бикелер , білім / тәсілдер / қарым-қатынас / ұйымАңдатпа
Кіріспе: Көптеген елдер балаларды вакцинациялау мәселелерімен қамтамасыз етілген. Егілмеген балаларда
пайда болатын жұқпалы асқынулар елдегі жағдайдың қаупі болып саналады, сонымен қоса иммунитеттің
тиімсіздігінен популяция ішінде бұл проблемалар кең таралады. Сондықтан, мейірбикелер қызметінің халықты
жаппай иммунизациялаумен қамту мәселелерін атқарып келеді, мейірбикелер көбінесе вакцинацияны ұйымдастыру
процесіне жауапты маман ретінде және вакциналардың алдын алу тиімділігі мен олардың қауіпсіздігі
мәселелеріне, ата-аналарды мен қамқоршыларды ағартуда ісіне тарту да мейірбикелердің мойнында.
Зерттеудің мақсаты: балалар арасында вакцинацияны жаппай жүргізу мейірбикенің рөлін анықтаудың
халықаралық тәжірибесі туралы әдеби деректерді талдау.
Іздеу стратегиясы: қойылған мақсаттарды барынша қамту мақсатында біз әдебиет көздеріне шолу жасадық. 2000
жылдан бастап Cinahl, Google Scholar, PubMed, eLibrary, WHO, Cochrane Library, TRIP деректер базасынан 45 толықмәтінді
ағылшын және орыс тілді басылымдарға талдау жүргізілді. Іздеу үшін келесі іздеу сұраулары пайдаланылды: "Nurses,
vaccine, history / evolution", "nursing, vaccination, epidemiology", "Perception, nursing profession, future", "Career development,
nursing, perception", "nurses, children/age all child, knowledge / approach / attitude / organization". Дереккөздердің
релеванттылығы тақырыптарды оқу арқылы бағаланып, абстрактпен / аннотациямен танысты.
Зерттеу нәтижелері: табылған жариялар балаларды вакцинациялау кезінде мейірбикенің рөлі туралы түрлі
көптеген мәліметтерден тұрды. Вакцинация жүргізудің маңыздылығын растайтын мақалаларға талдау жүргізілді,
бұдан әрі вакцинация мен коммуникативтік дағдылардың маңыздылығын түсіну үшін мейірбикелерді оқыту
қажеттілігі және ата-аналар мен қамқоршылардың жүргізілген вакцинацияның маңыздылығын түсінудегі
мейірбикенің рөлін анықтау қажеттігі анықталды. Шетелдік әдебиетке шолу вакцинациялау қажеттігіне,
вакциналардың тиімділігі мен қауіпсіздігіне қатысты пікірлер қарама-қайшы болды. Кейбір мақалаларда авторлар
мейірбикелер арасында вакцинация жасауға дайын екендігін, олардың халық арасында оң ағартушылық рөлін
атқарғанын атап өтті. Екінші жағынан, мейірбикелер вакцинацияны ұсыныс ретінде қарастырмай, өз денсаулығы
үшін жауапкершілік шеңберінде ерік білдіру актісі ретінде қарастырады. Бұл әдеби шолу вакцинация болжамының
жеткіліксіз, қолайсыз және шет елдерде де, сондай-ақ біздің елімізде де балалар халқын иммундауды ілгерілету
бойынша мейірбикелік іс мамандарының жетекші рөлін белгілеуге көмектеседі.
Қорытынды: қазіргі таңда халық арасында вакцинацияны жүргізу мәселелерінде мейірбикенің рөлі туралы
түсінік жеткіліксіз, ал мейірбикелік іс маманының жаппай иммундауды қамтуға әсерін зерттеу қазіргі заманғы
денсаулық сақтаудың өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Әдебиеттер тізімі
Мамедалиева А.А., Жакупова М.Н., Оспанова Д.А. Роль медицинской сестры при вакцинации детей // Наука и
Здравоохранение. 2019. 3 (Т.21). С. 20-29.
Mamedaliyeva A.А., Zhakupova M.N., Ospanova D.A. Role of nurses in vaccinating children. Nauka i
Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2019, (Vol.21) 3, pp. 20-29.
Мамедалиева А.А., Жакупова М.Н., Оспанова Д.А. Балаларды вакцинациялау кезіндегі мейірбикенің рөлі //
Ғылым және Денсаулық сақтау. 2019. 3 (Т.21). Б. 20-29.
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Алтынай Мамедалиева, Майя Жакупова, Динара Оспанова (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.