ФАРМАКОРЕЗИСТЕНТТІ ЭПИЛЕПСИЯСЫ БАР НАУҚАСТАРДАПЕРИОПЕРАЦИЯЛЫҚ КЕЗЕҢДЕГІ ҚЫШҚЫЛ-СІЛТІЛІКТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ГАЗ АЛМАСУ:КЛИНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР МЕН ТЕРАПИЯНЫҢ РӨЛІ
DOI:
https://doi.org/10.34689/zn685976Кілт сөздер:
дәріге төзімді эпилепсия , антиепилептикалық терапия , қышқыл-сілтілік тұрақтылық , газ алмасуАңдатпа
Мақсат: Дәріге төзімді ошақты эпилепсиясы бар науқастарда ауру ұзақтығы мен антиепилептикалық терапия
түрінің қышқыл-сілтілік тұрақтылық пен оксигенация көрсеткіштеріне периоперациялық кезеңде әсерін бағалау.
Әдістер: 2019–2024 жж. дәріге төзімді ошақты эпилепсия бойынша нейрохирургиялық операция жасалған 93
ересек науқас талданды. Демографиялық деректер, инфузиялық терапия, қышқыл-сілтілік тұрақтылық, газ алмасу
көрсеткіштері және тыныс алу нәтижелері қаралды. Пациенттер ауру ұзақтығына (≤15 жыл, >15 жыл) және терапия
түріне (монотерапия, политерапия) бөлінді.
Нәтижелер: Ауру ұзақтығы мен терапия түрі қышқыл-сілтілік тұрақтылық пен газ алмасуға айтарлықтай әсер
етпеді. >15 жылдық анамнезі бар науқастарда өкпенің жасанды желдету ұзақтығы ұзарды. Политерапия оң
гидробаланс жоғарылауымен байланысты болды (p=0,02). Ерте операциядан кейінгі құрысу 9,7% науқаста
байқалды, ол рН мен HCO₃⁻ жоғарылауымен, бірақ газ алмасу бұзылуымен сипатталмады.
Қорытындылар: Ауру ұзақтығы мен антиепилептикалық терапия түрі ерте операциядан кейінгі кезеңде
қышқыл-сілтілік тұрақтылық пен оксигенацияға айқын әсер етпейді, бірақ инфузиялық баланс пен өкпені жасанды
желдету ұзақтығымен байланысты. Бұл топтағы науқастарда инфузиялық және тыныс алу терапиясына
жекеленген көзқарас қажет.
Әдебиеттер тізімі
Dossov M., Seitenov S., Bekenova N., Kuatbay G. Acid–Base Balance and Gas Exchange in Patients with DrugResistant Epilepsy During the Perioperative Period: The Role of Clinical Characteristics and Therapy // Nauka i
Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2025. Vol.27 (5), pp. 87-94. doi 10.34689/SH.2025.27.5.011
Досов М., Сейтенов С., Бекенова Н., Куатбай Г. Кислотно-щелочное равновесие и газообмен у пациентов с
фармакорезистентной эпилепсией в периоперационном периоде: роль клинических характеристик и терапии // Наука
и Здравоохранение. 2025. Vol.27 (5), С. 87-94. doi 10.34689/SH.2025.27.5.011
Досов М., Сейтенов С., Бекенова Н., Куатбай Г. Фармакорезистентті эпилепсиясы бар науқастарда
периоперациялық кезеңдегі қышқыл-сілтілік тұрақтылық пен газ алмасу: клиникалық сипаттамалар мен
терапияның рөлі // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2025. Vol.27 (5), Б. 87-94. doi 10.34689/SH.2025.27.5.011
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Мухит Досов, Серик Сейтенов, Назира Бекенова, Галымжан Куатбай (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.