ҚАЛҚАНША БЕЗІНІҢ ОНКОЦИТАРЛЫҚ ФОЛИКУЛЛЯРЛЫҚІСІКТЕРІ КЕЗІНДЕ ТР73 ЭКСПРЕССИЯСЫНЫҢИММУНДЫГИСТОХИМИЯЛЫҚ ТАЛДАУЫ
DOI:
https://doi.org/10.34689/4jv9wq48Кілт сөздер:
қалқанша безі ісіктері , онкоциттер , 53ВР1 экспрессиясы , геномдық тұрақсыздықАңдатпа
Қалқанша безінің онкоцитарлық фолликулярлы аденомасы фолликулярлы текті жасушалар
ісіктері, ірі көпбұрышты, эозинофильді түйіршікті цитоплазмалы жасушалардан тұрады. Кейбір
зерттемелер деректері бойынша ТР73 онкогенезде маңызды рөл атқаратыны туралы
мәліметтер белгілі. Сонымен қатар, р53 болмаған жағдайда, ісік жасушаларында апоптозды
тудыру үшін онкогендер р73 қамтуы мүмкін. TP53 жасушаларда қатерлі трансформацияны
болдырмау үшін аса маңызды ісіктер супрессоры болып табылады. Сондай-ақ, қатерлі
ісіктерінің дамуына қатысты факторы ретінде, р53 отбасына жататын 73 ісік ақуызы ошақтары
болуына байланысты онкоцитарлық фолликулярлы аденомада 1р36 хромосоманың үдуіне
ерекше көңіл аударылды.
Мақсаты: Қалқанша безінің онкоцитарлық фолликулярлық ісіктері кезінде геномдық
тұрақсыздықтың дәрежесін бағалау.
Материалдар мен әдістері: Жұмыстың дизайні – ретроспективті ғылыми зерттеме.
Зерттеменің мақсатына жету үшін хирургиялық резекциямен алынып, формалинде бекітіліп,
парафин-ендірілген 24 қалқанша безінің ісіктері, соның ішінде 12 қарапайым және 12
oнкоцитарлық фолликулярлық аденома осы зерттеме үшін қол жетімді болды (қалқанша безі
тіндері). Зерттеме өткізуге Нагасаки университетінің биомедициналық ғылымдары жоғары
мектебінің (№ 15062617 хаттама) және Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті
этикалық комитетінің келісімі алынды (№5 хаттама 15.12.2015ж). Қалқанша безі фолликулярлық
аденомасымен науқастардың архивті мәліметтерімен зерттеме 2014 жылдан 2016 жылға дейін
Семей қаласының (Қазақстан) онкологиялық диспансеріндегі патологиялық морфология және
цитохимиялық зертханасында және Нагасаки университетінің (Жапония) ғылыми зертханасында
өткізілді. Зерттеме нәтижелерін өңдеу үшін Манна-Уйтни тесті, Фишер критерииі, Пирсонның
корреляциялық анализі қолданылды. Есептеулерге SAS бағдарламасы (SAS институты, Cary,
NC, АҚШ 8.2 нұсқасы) қолданылды. Барлық сынақтар бір жақты, және р <0,05 статистикалық
мәнді болды.
Зерттеме нәтижесі: Онкоцитарлық фолликулярлы аденомасымен науқастардың жасы
қарапайым аденомамен ауыратын науқастармен салыстырғанда жастары үлкен болды (р =
0,03), және де ісіктер көлемінде статистикалық нақты айырмашылығы болған жоқ. Зерттемеде
53ВР1 тұрақсыз экспрессиясының жиілігі қарапайым түрімен салыстырғанда онкоцитарлық
түрінде жоғары екендігі (р = 0,0028) анықталды. Біздің жұмысымыздың қорытындысы бойынша
ТР73 иммундыреактивтілік қарапайым фолликулярлы аденомамен салыстырғанда
онкоцитарлық түрінде мәнді жоғары деңгейін көрсетті (р = 0,0001). Сонымен қатар,
онкоцитарлық фолликулярлы аденомада 53ВР1 тұрақсыз экспрессиясы ісік жасушалары пайызы
арасында мәнді оң корреляция (г=0,5983, р=0,0020) және ТР 73 экспрессиясында позитивті
жасушалар пайызы анықталды.
Қорытынды: Бастысы, онкоцитарлық фолликулярлық аденомада 53ВР1 тұрақсыз
экспрессиясы ісік жасушалары пайызы арасында мәнді оң корреляциясы және ТР 73
экспрессиясында позитивті жасушалар пайызы анықталды. Барлық осы деректер онкоцитарлық
фолликулярлық аденомада ДНК қос бұрымында үзіліс пайда болуына байланысты ТР73
ақуызының жоғары деңгейін көрсетеді.
Әдебиеттер тізімі
Koзыкенова Ж.У. Иммуногистохимический анализ экспрессии TP73 при онкоцитарной фолликулярной
аденоме щитовидной железы / / Наука и Здравоохранение. 2017. №1. С. 64-73.
Kozykenova Zh.U. Immunohistochemical analysis expression TP73 in oncocytic follicular adenoma of the
thyroid. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2017, 1, pp. 64-73.
Қoзыкенова Ж.У. Қалқанша безінің онкоцитарлық фоликуллярлық ісіктері кезінде ТР73
экспрессиясының иммундыгистохимиялық талдауы / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2017. №1. Б. 64-73.
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Жанна Козыкенова (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.