ТІЛМЕМЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТАРДА ИЛ10 ГЕНІНІҢПОЛИМОРФИЗМІ (-1082G/A)
DOI:
https://doi.org/10.34689/k9jsqt21Кілт сөздер:
тілме , полиморфизм , ИЛ10 гені , қазақ популяциясыАңдатпа
Бұл жұмыстың мақсаты қазақ ұлты өкілдерінде ИЛ10 генінің полиморфизмімен (rs1800896)
тілме ауруының байланысын анықтау болып табылады.
Құралдар мен әдістер. ИЛ10-1082 GA гендік полиморфизмі 206 науқас пен 422 сау адамда
зерттелді. Оның ішінде 143 біріншілік тілмемен ауыратын және 63 қайталамалы тілмемен
ауыратын науқастар. Генотиптеу нақты уақыт режимінде полимеразды тізбекті реакция әдісімен
жасалды. Статистикалық өңдеу χ
2 Пирсон критериін және 95% сенімді интервалымен (СИ)
шанстар қатынасын (ШҚ) қолданумен жүргізілді.
Зерттеу нәтижелері. Зерттеу нәтижесінде G аллель мен GG генотип науқастарда да (ШҚ =
0.87; 95% СИ: 0.68–1.12) және сау адамдарда да (ШҚ = 0.86; 95% СИ: 0.61–1.19) жиі кездесетіні
анықталды. Сонымен қатар А аллелінің және АА генотипінің кездесуі бойынша да
статистикалық маңызды айырмашылықтар байқалған жоқ (ШҚ = 1.14; 95% СИ: 0.89–1.47) және
АА (ШҚ = 1.20; 95% СИ: 0.73–2.00). Біріншілік тілмемен ауыратын науқастарды сау адамдармен
және қайталамалы тілмемен ауыратын науқастарды сау адамдармен салыстырғанда да
статистикалық маңызы бар нәтижелер байқалған жоқ.
Қортынды. Сонымен, қазақ ұлты өкілдерінде ИЛ10-1082 GA (rs1800896) гендік
полиморфизмімен тілме ауруының байланысы байқалмады.
Әдебиеттер тізімі
Бекенова Н.Б., Гржибовский А.М., Муковозова Л.А., Аукенов Н.Е. Полиморфизм гена ИЛ10 в
положении -1082G/A у больных рожей / / Наука и Здравоохранение. 2016. №3. С. 34-45.
Bekenova N.B., Grjibovski A.M., Mukovozova L.A., Aukenov N.Ye. Polymorphism of IL10 gene at -1082G/A
position in patients with erysipelas. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2016, 3, pp. 34-45.
Бекенова Н.Б., Гржибовский А.М., Муковозова Л.А., Аукенов Н.Е. Тілмемен ауыратын науқастарда
ИЛ10 генінің полиморфизмі (-1082G/A) / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2016. №3. Б. 34-45.
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Назира Бекенова, Андрей Гржибовский, Лидия Муковозова, Нурлан Аукенов (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.